Әдіснама (методология; грек. мethodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ,,,, логия) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педпгогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші педагогиканың нәтижеге жетуі оның ғылыми-құрал жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.
Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттелетін обьекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты - обьективтік ақиқатты ашу. Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Теория - обьективтік шындықтың идеялық бейнесі.
Педагогика ғылымының әдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі.
№2 ОЖСӨЖ мазмұны:
1. Педагогикалық процесс, педагогикалық жүйе, тәрбие, оқыту, білім беру, даму, қалыптасу.
2. Білім берудің мәні.
3. Білім берудің әлеуметтік мәні.
№2 СӨЖ мазмұны:
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы қандай формаларда өтеді?
Қазіргі педагогика ғылымының құрылымы қандай?
№3 кредит сағат №1 семинар тақырыбы: Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогиканың әдіснамалық негіздері.
Вайндорф-Сысоева, М.Е. Педагогика: Краткий курс лекций / М.Е. Вайндорф-Сысоева. - М.: Юрайт, 2013. - 197 c.
Голованова, Н.Ф. Педагогика: Учебник и практикум для СПО / Н.Ф. Голованова. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 377 c.
2-апта №4 кредит сағат №3 дәріс тақырыбы: Педагогикадағы мақсат қою. Тәрбиенің мақсаты. Мақсаттың өзгермелі қозғалысы.
2. Тәрбиенің міндеттері.
3. Қазіргі шетел педагогикалық тұжырымдамалары.
Кез-келген тәрбие мақсатты түрде жүргізіледі. Мақсатқа мазмұн, ұйымдастыру, тәрбиенің формалары мен тәсілдері бағынышты. Сондықтан, педаогикадағы тәрбиенің мақсатын анықтау маңызды мәселе.
Тәрбиенің жалпы және жеке мақсаттарын белгілейді. Жалпы мақсаты - барлық адамдарға тән, қалыптасуы қажет қасиеттерді белгілесе, жеке мақсат тек бір адамды тәрбиелеуде ғана белгіленеді. Дамушы педагогика ғылымы жалпы және жеке мақсаттарды біріктіре қарастырады.
Практикада мақсат - бұл нақты міндеттер жүйесі. Мақсат және міндет өзара тұтастық және бөлік, жүйе және оның компоненттері ретінде байланысты болады. Сондықтан, тәрбиенің мақсатын - тәрбие арқылы шешілетін міндеттер жүйесі деп анықтауға болады.
Философиялық теориялар педагогикалық концепциялар мен тәрбие жүйелеріне негіз болды. Философиялық бағыттарға негізделген басты педагогикалық концепциялар:
прагматизм
неопозитивизм
экзистенциализм
неотомизм
бихевиоризм
№4 ОЖСӨЖ мазмұны
Тәрбиенің мақсаты
№4 СӨЖ
Тәрбиелік кәсіби қызметінің мотивтері.
№5 кредит сағат №4 дәріс тақырыбы: Оқушы тұлғасы – тәрбиенің объектісі және субъектісі Жеке тұлға туралы түсінік.Тұлғаның тәрбиеленуі мен қалыптасуы.
Тұлғаның дамуының теориялары
Тұлғаның даму үрдісіндегі белсенділік және іс-әрекет.