Дидактика (гр.didaktikos – үйрету, оқытуға қатысты) оқытудың және білім берудің теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың мәні – адамға білім берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.
Дидактика – теориялық және сонымен қатар нормативті – қолданбалы ғылым. Дидактиканың ғылыми – теориялық функциясы оқытудың шынайы процестерін зерттеуді, оқытудың әр түрлі мақсаттарының фактілері мен заңдылықтарының байланыстарын анықтау, олардың мәнін ашу, дамуының үрдістері мен болашағын анықтау болып табылады. Алынған теориялық білімдер оқытудың практикасын бағыттауға мүмкіншілік береді. Оқыту теориясы білім мазмұнын таңдау мәселесін жасап, оқыту ұстанымдарын орнатып, оқыту әдістерін және құралдарын қолданудың нормативтерін белгілеп нормативті-қолданбалы, конструктивті – технологиялық функцияны атқарады. Бұл функциялардың бірлігінде дидактика – бұл оқыту процесінің мәнінің түсінігі, оның білімдік, тәрбиелік және дамытушылық функциясын жүзеге асырылуы.
Дидактиканың негізгі категориялары (ұғымдары): сабақ беру (преподавание), оқу, оқыту, білім беру, білім, іскерлік, дағды, оқытудың мақсаты, мазмұны, түрлері, формалары, әдістері, құралдары, нәтижесі.
№31 ОЖСӨЖ мазмұны
Қазақстанда дидактиканың пайда болуы және дамуы.
№31 СӨЖ
Үздіксіз білім беру жағдайындағы Дидактиканың ролінің артуы
№32 кредит сағат
№22 дәріс тақырыбы: Оқыту үрдісі - тұтас жүйе.
Оқытудың мәні мен оның функциялары. Оқыту түрлері.
Оқыту үрдісінің заңдары және заңдылықтары.
Оқытудың нәтижелігіне әсер етуші факторлар.
Оқыту – қоғамдық қатынастарды, қоғамдық сананы, мәдениетті және өнімді еңбек тәжірибесін, қоршаған ортаны белсенді өзгерту және қорғау туралы білімді ересектерің мақсатты бағытталған, ұйымдасқан, жүйелі түрде беруі және оны өсіп келе жатқан ұрпақтың меңгеруі. Ол ұрпақтың сабақтастығын, қоғамның толықтай қызмет етуін және тұлғаның дамуының сәйкесті деңгейін қамтамасыз етеді. Оқыту процесінде оқушылар адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесінен белгілі бір жақтарын меңгереді: идеологияны,саясатты, ғылымды, мораль, еңбек, әдебиет және өнер, жалпы және денелік мәдениетті. Оқыту тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуының негізін салады.
Оқыту өзіне үш функцияны енгізеді: білім берушілік /білімдерді меңгеру процесі, оқу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру/, дамытушылық /оқушыларды психикалық және денелік дамыту/, тәрбиелеушілік /оқу іс-әрекеті оқушыны тәрбиелейді, онда патриоттық, адамгершілік сапалар, көзқарастар, сенімдер, мұраттар, эстетикалық сезім, тәртіптілік, еңбексүйгіштік т.б./.
Оқытудың білім берушілік, дамытушылық және тәриеленушілік функцияларын жүзеге асыру оқушының тұлғасын қалыптастыру процесіне кешенді тұрғыны қамтамасыз етеді.
№32 ОЖСӨЖ мазмұны
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері.
№32 СӨЖ
Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатылары.
№33 кредит сағат
№11 семинар тақырыбы: Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері.
Түйсіну және қабылдау - танымның бастапқы негізі.
Зейінге психологиялық сипаттама және оның оқыту үрдісінде алатын орны.
Оқыту үрдісінің мнемикалық негіздері
Оқыту үрдісіндегі интеллектуалды дамудың ерекшеліктері.
Оқыту үрдісіндегі сөйлеу және қиялдау ерекшеліктері.
№33 ОЖСӨЖ мазмұны
Тұтас оқыту үрдісіндегі оқушының танымдық іс - әрекеті.
Оқушылардың оқу материалдарын меңгеруі.
Оқыту үрдісінде оқушылардың ақыл- ойын дамыту.
№33 СӨЖ мазмұны
Дидактиканың принциптер жүйесі.
Дидактикалық ережелер мен принциптердің ара қатысы.
Әдебиеттер:
1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.
3. Мұханбетжанова Ә., Мұқанбетова Ш. Педагогиканың жалпы негіздері. Орал, 2005.
4. Педагогика. Абай ат. ҰПУ. ұжымы.А., 2003.
5. Вульфов, Б.З. Педагогика: Учебное пособие для бакалавров / Б.З. Вульфов, В.Д. Иванов, А.Ф. Меняев; Под ред. П.И. Пидкасистый.. - М.: Юрайт, 2013. - 511 c.
6. Коджаспирова, Г.М. Педагогика: Учебник для СПО / Г.М. Коджаспирова. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 719 c.
12 апта
№34 кредит сағат
№ 23 дәріс тақырыбы: Қазіргі білім берудің мазмұны.
Достарыңызбен бөлісу: |