Ж. С. Исмагулова магистр аға оқытушы


Білім берудің мазмұнына жалпы сипаттама



бет7/16
Дата24.05.2023
өлшемі198,09 Kb.
#96744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
5В010300 Педагогика және психология

1.Білім берудің мазмұнына жалпы сипаттама


2.Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары.
3.Жалпы білім беру мазмұнын таңдап алудың принциптері мен критерийлері.
Әлеуметтік тәжірибе мектептегі оқу мазмұнында түрлі пәндерге бөлініп көрініс табады. Оқу пәні бұл – нақты белгілері бойынша ерекшеленген, құбылыстардың нақты класына жататын әлеуметтік тәжірибенің (адамзат мәдениетінің) бөлігі. Оқу пәндері белгілі ғылымдардың негіздерін мектептердегі оқыту қажеттіліктеріне бейімдейтін білім мазмұнының арнайы
Білімнің мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады.
Білім мазмұны бұл – бірінші, алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін меңгеру тәжірибесі, екінші жеке тұлға мінез-құлқының типологиялық сапаларын тәрбиелеу, үшіншіден адамның ақыл-ой және дене-күш жағынан дамуымен сипатталатын үш біртұтас үрдістің мазмұны.
№34 ОЖСӨЖ мазмұны: Білім беру құрамаларына сипаттама.
1.ҚР Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері.
2.ҚР « Білім » заңы. ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
№34 СӨЖ
1.Мемлекеттік білім беру стандарты.
№35 кредит сағат
24 дәріс тақырыбы: Қазіргі білім берудің мазмұны.
1.Оқу жоспары және бағдарламалары.
2.Оқулық және оның дидактикалық сипаттамасы.
Оқу жоспары – бұл мыналарды анықтайтын құжат: оқу жылының ұзақтығын, каникулдердің және тоқсандардың мерзімін; мектепте оқылатын пәндердің толық тізімін; оқу жылына қарай пәндерді бөлу, әрбір сыныпта оқылатын пәндерге сағат санын болу; әрбір пәнді оқуға аптасына бөлінген сағат санын. Оқу жоспарында қоғам қабылдаған тәрбие мұраты, белгіленген мақсаттар, білім мазмұнын қалыптастырудың тұжырымдамасы көрініс тапқан. Оқу жоспарында екі компонент бөлінеді: мемлекеттік және өңірлік. Базистік оқу жоспары – оқу жоспарының әр түрлі нұсқаларын жасауға мүмкіндік бере отырып, жалпы бағыт болатын жаңа типті құжат.
Көптеген елдерде пәндердің арасындағы арақатынас мынадай: гуманитарлық блок 40-46%, жаратылыстану – математикалық 30-35%, жаратылыстану 7-11%, сауықтыру-еңбектік 16-20%.
Оқу жоспарының негізінде пәндер бойынша оқу бағдарламалары құрылады. Оқу бағдарламасына енетіндер: түсініктеме хат, онда пәнді оқудың мақсаттары, білім мен іскерлікке қойылатын талаптар, ұсынылатын оқытудың формалары мен әдістері т.б.; оқылатын жадығаттардың тақырыптық мазмұны; тақырыптарға бөлінген сағаттар; білім мазмұнының негізгі элементтерінің тізімі; пәнаралық байланысты жүзеге асырудың нұсқаулары; оқу жабдықтарының және көрнекі құралдарының тізімі; ұсынылатын әдебиет тізімі.
Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптар:

  • оқулықтың жадығаттары қазіргі ғылымның деңгейіне сай болуы керек;

  • оқулықтың мазмұны, тараулардың орналасуы сол пәннің бағдарламасына сай болу керек;

  • оқулықтағы материалдың баяндалуы логикалылығымен, қатарландыруымен ерекшеленеді;

  • оқулыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі - теория мен практиканың байланысы ұстанымын үнемі жүзеге асырып отыру болып табылады;

  • еске сақтауға тиісті анықтамалар қорытындылар тұжырымдамалар т.б. оқулықта бөлініп көрсетіледі;

  • оқулықтар жақсы безендірілуге тиісті, ойластырылған және мұқият таңдалған иллюстрациялармен қамтамасыз етілуге тиіс.

Оқулыққа қойылатын гигиеналық талаптар: оқу жадығатының дұрыс мөлшері, әріптерінің анықтығы, шрифтінің размерлері т.б.
Қазіргі жақсы оқулықтар өзінде оқулықты /ғылым негіздерін жүйелі баяндау/, жұмыс кітабы, дәптер /сұрақтар, тапсырмалар/, оқу жадығаттарының жинағы, /құжаттар, әдеби мәтіндер/ және анықтамалық /терминологиялық сөздік, таблицалар т.б./ сияқты өзара тығыз байланысты элементтерді ұштастырады.
Оқулықтың оқу құралынан айырмашылығы ол бағдарламаға сәйкес жазылады, ал оқу құралы бағдарламадан тыс жадығаттарды қамтиды. Оқу құралдарына оқулыққа қойылатын талаптарды да қояды.

№35 ОЖСӨЖ мазмұны:


Оқулық - әдістемелік құрал.
1.« Оқулық » терминіне берілген бірнеше анықтамаларды салыстырыңыз.
2.Оқулық мазмұнын іріктеу көрсеткішіне сипаттама.
№35 СӨЖ
Оқулықтың ғылыммен байланысы.
№36 кредит сағат
12 семинар тақырыбы: Қазіргі оқытудың негізгі бағыттары.

  1. Бағдарламалы, компьютерлік және қашықтан оқыту

  2. Блокты-модульдік оқыту.

  3. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру.

№36 ОЖСӨЖ мазмұны:
Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі.
№36 СӨЖ
Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дидактикалық жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет