Ж. Ш. Ургалиев медициналық биофизика практикумы



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата09.05.2023
өлшемі1,55 Mb.
#91292
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Жұмыс барысы: Портативті спирометр - ӨТС-ғын анықтау үшін 
қажет. Оны ауруханалар, клиникалар, ғылыми-зерттеу лабораторияларда 
қолданады. Спирометр құрылысы 26 – суретте көрсетілген. Спирометр 
тыныс алған ауа екпінімен айналатын ayалы турбинадан тұрады. 
Кинематикалық шынжыр аркылы турбинканың айналуы аспаптың тіліне 
(стрелкаға) беріледі. Тыныс шығарған соң спирометрдің тілін тоқтату 
үшін, аспап тежеу құралымен жабдықталған. Ауаның өлшенетін көлемінің 
мөлшерін аспаптағы шкала (1) арқылы анықтайды. Әрбір өлшеу алдында 
стрелканы нольге қою үшін шкаланы аударуға болады. Өкпеден ауаны 
пластмасс мундштук арқылы шығарады. 
26 – 
сурет. Спирометр. 1. Аспап шкаласы. 2. Кіру түтігі. 3.Ауыстырмалы 
пластмасс мундштук 


40 


Аспапты жұмысқа дайындау: 
Футлярдан спирометр мен мундштукты аламыз. Мундштукты 
спиртпен стерилизациялаймыз. Оны спирометрдің кіру түтігіне (2) 
тығыздап кигіземіз. 
Стрелка (тіл) шкаланың ноль бөлшегіне сәйкес келуі үшін, қақпақты 
айналдыру арқылы аспаптың шкаласын орнатамыз. Спирометрмен өлшеуді 
пациенттің әртүрлі қалпында жүргізуге болады. Оның тыныс алуы баяу 
немесе жылдам болмауы керек. Тыныс шығару ұзақтығы 4-8с. Тең болуы 
қажет. 
№1 Тапсырма. Қалыпты тыныс алуды анықтау (ҚТА). 
Тексерілуші бірнеше рет тыныс алып, тыныс шығарады, содан соң 
мундштукты ауызға алып спирометрге асықпай тыныс шығарады. Тыныс 
шығару санын (3-4) санап, спирометрдегі көрсеткіштерді жазады. Алынған 
нәтижені тыныс алу қимылдарының санына бөледі, яғни қалыпты тыныс 
алу (ҚТА) көлімін есептейді. 
№2 Тапсырма. Резервтік дем шығару ауасының (РДША) көлемін 
анықтау. 
Тексерілуші мұрын арқылы асықпай тыныс шығарған соң 
спирометрге ауызбен максимальды тыныс шығарады. Спирометр 
көрсеткіші жазылады. 
№3 Тапсырма. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау (ӨТС). 
Тексерілуші максимальды тыныс алып, максимальды тынысты спирометрге 
шығарады. ӨТС көлемін тәжірибе барысында ҚТА, қосымша және резервті 
ауа көлемдерін қосу арқылы табуға болады. Нәтижелерін дәптерге 
жазыңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет