Жұмыстың орындалу тәртібі.
Құрал–жабдықтар: ЭКГ–02 электрокардиография, дәкеден жасаған
төсегіштер, спирт, физиологиялық ерітінді.
1. Аспапты жұмысқа дайындау
а. аспаптық қосу тумблерін қосыңдар;
ә. тарамдарды ауыстырып қосқышы – ПР,
mv күйінде;
б. сезгіштікті ауыстырып қосқышы – І/І күйінде;
в. қаламұшты қыздыру тұтқасы – «0» күйінде;
г. қаламұшты жылжыту тұтқасы – орташа күйінде;
д. лента созғыш механизмінің тетігі қысылған күйінде.
2.
Сыналуға алатын адамды дайындау.
Электрод таңылатын жерлер спиртпен сүртіледі. Бірнеше рет
бүктелген дәкеден жасалған төсегіштерді физиологиялық ерітіндіге малып,
жеңіл сығып, тері мен электрод аралығына салады. Электродтарда
адамның білегіне және жіліншегіне (аяғына) қондырады. Қойылған
электродтарға кабельдің ұштарын жалғайды: оң қолға – қызыл түс, сол
қолға – сары түс, оң аяққа – қара түс, сол аяққа – жасыл түс. Аспаптың бір
ұшынан жерге тартылған сымды тексеріндер. Аспаптың жазу жылдамдығы
25
мм/с тең.
3.
ЭКГ тіркеп жазу.
а. тарамдарды ауыстырып қосқышын І,ІІ,ІІІ aVF тәртібіне
келтіріңіздер.
ә. лентасозғыш, механизмін іске қосып, калибр имлульсын
1
mv
=10мм теңестіріңдер;
б. жүрек циклінің 5–7 комплексін ЭКГ–ға жазыңдар;
в. ЭКГ–ны өшіріп, қол – аяқтан электродтарды шешіп алыңдар.
4.
Тапсырмалар:
а. Электрокардиограммадан барлық тістерді белгілеп, оларға
анықтама беріңдер;
ә. жүректің электрлік систолын әсептеңдер;
б. жүректің электрлік осін тұрғызып, б – бұрышын анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: