Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет160/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

144
145
 
ортофосфорлық  қышқылмен  қышқылдандырылған 20%-дық NaCl 
ерітіндісімен толтырады. Колбаға 0,7 г ашытқы салады жəне 0,2% 
KH2PO4  ерітіндісі  арқылы  əзірленген 30 мл  мальтоза  ерітіндісін 
құяды. Теңестіруші ыдыс арқылы бюреткадағы сұйықтық деңгейін 
нөлге  əкеледі.  Ашу  процесі 3 сағат  ішінде 20°С  температурада 
жүргізіледі. Бұл кезде бюреткадағы сұйықтық деңгейін əр сағат са-
йын белгілеп отырады. Жақсы ашытқылар 3 сағат ішінде 25-28 мл 
СО
2
 бөліп шығарады.
Көбею  қабілеттілігін  ашытқылардың  бүршіктенуі,  көбею 
жылдамдығы  жəне  көбею  коэффициенті  бойынша  анықтайды. 
Белсенді  түрде  көбейетін  жас  ашытқылардың 40-70% клеткала-
рында  бүршіктер  болады.  Егер  жаңа  суслоға  ауысқан  ашытқылар 
белсенді түрде көбейсе, мұндай ашытқылар ашу процесіне жарам-
ды  болып  есептелінеді.  Белгілі  бір  уақыт  аралығында,  қалыпты 
ортада  жəне  қалыпты  жағдайларда  жасушалар  концентрация-
сын  есептеу  арқылы  ашытқылардың  көбею  жылдамдығын  жəне 
көбею коэффициентін анықтауға болады. Төменгі сыра қайнататын 
ашытқылардың көбеюін əдетте ашыту бөлімінің температурасында 
(6-8°С), 11% құрғақ заттан тұратын жигулевск сортының құлмақпен 
қайнатылған суслосында тексереді. Бұл кезде көбею жылдамдығын 
3  тəулік  ішінде  жасушалардың  концентрациясының  жоғарылауы 
бойынша есептейді.
Көбею коэффициентін ашытқылар мөлшерінің 7 тəуліктен кейін 
бастапқы мөлшеріне қатынасы арқылы табады. Кейде ашытқылар-
дың  генерация  ұзақтығын  анықтайды.  Сол  белгілі  бір  уақыт 
аралығында ашытқылардың концентрациясы екі есе көбейеді.
Өндірісте ашытқылардың тұнбаға түсу қабілетін көбінесе көзбен 
шолып анықтайды. Бірақ соңғы кездері сандық бағалау əдістері іске 
асырылуда.  Чехияда  ашытқылардың  тұнбаға  түсу  қабілетін  келесі 
бір  əдіспен  анықтайды.  Сыйымдылығы 500 мл  (диаметрі 5 см) 
өлшеуіш  цилиндрде 3 г  құрғақ  заты  бар  тұқымдық  ашытқыларды 
физиологиялық  ерітіндімен  (ас  тұзының 0,85% ерітіндісі)  шаяды, 
400  мл  шамасына  дейін  жеткізіп  құяды.  Араластырғаннан  кейін 
цилиндрді 1 минутқа  қалдырады.  Сосын 12 минут  өткеннен  кейін 
тұнбаға  түскен  ашытқылардың  көлемін  анықтайды.  Бұл  уақытта 
жақсы үлпек тəрізді ашытқылар биіктігі 28 мм-ден кем емес тұнба 
түзеді.
Бұл əдістің модификациясы суслода ашу процесін жүргізу үшін 
ұзындығы 1 м  болатын  цилиндрлерді  пайдалануда  болып  табыла-
ды.  Өлшеу  құралының  төменгі  жіңішке  бөлігінде  ашытқылардың 
тұнбасының  тəулік  бойы  өзгеруін  өлшейді.  Цилиндрлерді  суық 
шкафқа қойып, 7-9°С температурада ұстайды. 
Хельм, Нор жəне Торн ашытқылардың тұнбаға түсу жылдамдығы 
бойынша  олардың  флокуляциялық  қабілетін  анықтау  үшін 
стандарттық əдіс əзірлеген. Ашытқылардың флокуляциясы көптеген 
факторларға тəуелді болғандықтан нақты нəтижелер алу үшін қатаң 
түрде бірдей жағдайларда тəжірибелер жүргізу қажет болды. Осы-
лайша жасушалардың беткі қабаттарында адсорбцияланған əртүрлі 
заттардың  əсерін  жою  керек  болды.  Осы  мақсатпен  ашытқыларды 
сумен  шайып,  воронкада  престейді.  Сосын 1 гр-ын  өлшеп  алып, 
центрифугалық өлшеуіш колбаға көшіріп, рН=4,5 болған жағдайда 
10 мл ацетат буферін қосады. Центрифугалау кезінде ашытқыларды 
ерітіндімен  жақсылап  шайып,  суспензияны  су  моншасында 20 
минут, 20°С  температурада  ұстайды  жəне  мұқият  араластыра-
ды.  Осыдан  кейін  пробиркаларды  тыныштыққа  қалдырып,  бірдей 
уақыт  аралықтарында  тұнба  көлемін  белгілеп  отырады.  Бұл  əдіс 
үлпек  тəрізді  жəне  шаң  тəрізді  ашытқылардың  ерекшеліктерін 
табуға  мүмкіндік  береді.  Үлпек  тəрізді  ашытқылардың  суспензия-
сы 2 қабатқа тез ажырап, 10 минуттан кейін тығыздалу арқасында 
біртіндеп  азаятын  тұнба  түзеді.  Шаң  тəрізді  ашытқыларда  тұнба 
тек 30 минуттан кейін түзіледі. Уақыт өте келе бұл тұнба өлшенген 
жасушалардың қосымша тұнба түзуі арқылы үлкейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет