Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет165/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Аппаратура  жəне  жабдықтар.  Одан  ары  қарай  инфекциялар  ең 
бас ты ашуда жəне ашуға дейін туындайды, оның қайнар көздері ашыту 
чандары, танкілер, ашыту ванналары, коммуникациялар жəне т.б.
Ағаш  ыдыстарды  дұрыс  күтпесе,  оны  биологиялық  жақсы 
жағдайда  ұстау  қиын  жəне  олар  жиі  инфекция  көзі  болып  табы-
лады.  Əртүрлі  бактериялар  сыраның  ыдысына  бұзылған  шыны-
лардан  немесе  бөтен  жабындылардан  өтуі  мүмкін.  Инфекция 
ошақтары көбейетін жерлер: жарылған, сөгілген, жапсырылған жəне 
көпіршіктермен жабылған жерлер, оларды табу қиын.
Аппаратураның  материалынан  басқа  оның  тазалығына  үлкен 
мəн  беріледі.  Құрылымы  ұсақ  тесікті  болатын  сыра  тасы  зиянды 
микроорганизмдерді айтарлықтай ұстап тұрады.
Сусло, сыра түтікшелері жəне құбыршектер жиі инфекция көздері 
болып табылады. Оның ішкі бетінде лайлаушы шөгінділер пайда бо-
лады, біртіндеп қатырып, тесіктер пайда болады да, инфицирлеуші 
микроорганизмдерді белгілі дəрежеде ұстап тұрады. 
Инфекция көздері – көлденең механикалық қиын құбырсымдар, 
бұрыштар жəне үш айырлар (тармақ), айналмалар, ернемек арқылы 
жалғастырылғандар, төмен орналасқан штуцерлер болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет