Қаныққан бумен құрылғыларды булау арқылы микроорганизм-
дерге нəтижелі түрде əсер етуге болады. Құбырларды булаған кезде
вегетативті жəне споралық формалары өледі. Буды жіберу əдісі өте
маңызды. Егер бу рубашкаға жіберілсе, онда құрылғының беті 30 мин
кейін залалсыздандыруға болады. Егерде қаныққан буды ақырындап
жіберсе, микроорганизмдер 5-10 минут ішінде жойылады.
Микрофлораны жартылай жою үшін ыстық суды қолданады.
Майда жабдықтарды жəне құралдарды 80-85°C температурадағы
ыстық суға 20-30 мин батырып қою тиімді нəтиже көрсетеді. Ыстық
суға сілті қосқанда, оның бактерицидтік əсері жоғарылайды.
Химиялық əдіс арқылы зарарсыздандыру түрлі залалсыздандыра-
тын заттарды (антисептиктерді) қолдану арқылы жүреді.
Зарарсыздандырушы заттарды қолданудың жалпы ережелері
төмендегідей: жабдықтарды қолданар алдында мұқият тазалау
қажет жəне онда өндірістік сұйықтықтардың іздері жəне микро-
организм культуралары қалып қоймауын бақылау қажет, залал-
сыздандырудан кейін барлық өңделген жабдықтарды жəне комму-
никацияны мұқият сумен шаяды немесе дезинфектанттар толық
жойылғанша булайды.
Əрқашанда жаңа дайындалған залалсыздандырушы ерітінділерді
қолдану қажет.
Зарарсыздандыратын заттарды залалсыздандырушы нысанға
байланысты таңдайды. Жабдықтардың қандай материалдан
жасалғандығын, оның көлемін, ескірушіліктің дəрежесін жəне т.с.с.
жағдайларды ескеру қажет.
Сыйымдылықтың жəне жабдықтардың бетін жəне қабырғаларын
дұрыс жумау немесе тазаламау кезінде органикалық заттарды
құрайтын түрлі өндірістік сұйықтықтардың іздері қалып қояды.
Олар микроорганизмдер дамитын қоректік орта болып табыла-
ды. Сонымен бірге, бұл органикалық заттар залалсыздандыру-
шы ерітінділердің енуін қиындатып, қорғаныштық сақтағыш
қабыршақты құрайды.
Микроорганизмдердің тез жылдамдықта көбейетіндігін жəне
оларды тұқымданғанда оларды жою қиынға түсетіндігін ескере
отырып, құрылғылар мен жабдықтарды жұмыс аяқталғаннан кейін
немесе сыйымдылықты босатқаннан кейін бірден міндетті түрде
тазалап, жуу қажет. Алғашында сыйымдылықты ыстық сумен, за-
рарсыздандырушы ерітінділермен өңдеп, тағы да мұқият сумен шаю
арқылы механикалық түрде тазартады.