Физикалық əдістер. Суды залалсыздандырудың физикалық
əдісіне сəулелендірудің əр түрі жəне ұрықсыздандыру үшін əртүрлі
фильтрлерді қолданады.
Ультракүлгін сəулелендіру микроорганизмдерге бактерицидтік
əсер етеді жəне көптеген салаларда суды ұрықсыздандыру үшін
қолданады. УК-сəулелердің əлсіз енгіш қасиеті болғандықтан, су
кварц шамдары алдынан өте жұқа қабатпен ағуы қажет. Мұндай
залалсыздандыру əдісі тек өндірісі аз ғана зауыттарда қолданылуы
мүмкін.
Ұрықсыздандырғыш фильтрлеу суды тесіктерінде түрлі
микроорганизмдерді ұстап қалатын ерекше бактериалды фильтр
арқылы жіберумен сипатталады. Бірақ мұндай құрылғыларды аз
өндіретіндіктен əдіс кеңінен қолданылмайды. Кейбір шетелдік за-
уыттарды ЕК-филтрлерді кейбір алкогольді сусындар өндірісінде
суды ұрықсыздандыру үшін қолданады.