Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет52/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

52
53
 
Saccharomyces panis fermentati  ұннан  түседі  жəне  сирек 
кездеседі. Клеткалары майда 3,2х5,5 мкм, сопақ немесе домалақ, 
бүршіктену  арқылы  көбейеді,  спораны  қиын  түзеді,  глюкоза, 
фруктоза,  сахароза,  галактоза,  мальтоза,  раффинозаны  ашыта-
ды.  Saccharomyces minor  ұннан  түседі,  сирек  кездеседі,  клетка-
лары  домалақ  немесе  сəл  сопақша,  майда 3,2х5,5  мкм  өлшемді, 
бүршіктену арқылы көбейеді жəне спора түзеді, глюкоза, фрукто-
за, сахароза, галактозаны ашытады. 
Кейде  ашытқыда  ауа,  ұн,  ластанған  құрылғыдан  түсетін  дрож-
жы тəріздес саңырауқұлақтар да болады. Олар ашытқыны бүлдіруі 
мүмкін,  бірақ  кейбірі  ашытқыға,  ары  қарай  нанға  жағымсыз  иіс 
береді. Candida туысының дрожжылары спиртті сірке қышқылына 
дейін ашытады, сүт қышқылын пайдаланып өз зиянын тигізеді. 
Ашытқылардың  сүт  қышқылды  бактерияларын  екі  топқа 
жіктейді: 1) гомоферментативті, бұлар сүт қышқылын жəне аз ғана 
мөлшерде  бұзылған  өнім  түзеді; 2) гетероферментативті,  бактери-
ялар  сүт  қышқылынан  басқа,  көп  мөлшерде  ұшқыш  қышқылдар 
(сірке, құмырсқа, т.б.), этил спирті жəне көмірқышқыл газын түзеді. 
Гомоферментативті бактериялар тобынан Streptobacterium plantarum 
жəне Thermobacterium cereale түрінің таяқшалары кездеседі. 
Стрептобактериум  плантарум – қысқа,  қозғалмайтын, 2-3х1 
мкм  өлшемді,  спора  түзбейтін  таяқшалар,  қысқа  тізбектер  түзеді. 
Дамудың оптималды температурасы 30-35ºС.
Thermobacterium cereale  түрінің  бактериялары – ұзындығы 
əртүрлі, 5-3х1  мкм  өлшемді,  спора  түзбейтін  таяқшалар, 
қозғалмайды, кейде қысқа тізбектер түзеді. Оптималды темпера-
турасы 48-52°С. 
Ашытқыларда  жəне  қамырда  гетероферментативті  бакте-
рия  тобынан  бетабактериялар  əрдайым  көбейіп  отырады.  Бұл – 
ұзындығы  əртүрлі  таяқашалар: 1,1-1,5х1  мкм  өте  қысқадан 
2,5-15х1,2-2 мкм дейінгі ұзындықта, қозғалмайды, спора түзбейді. 
Ортада сүт қышқылымен қатар, сірке қышқылы жəне кейде біраз 
мөлшерде  көмірқышқыл  газы  жиналады.  Өсудің  оптималды 
температурасы 25°С.  Бұл  бактериялар  қарабидай  қамырының 
көтерілуінде маңызды рөл атқарады, олар тек қышқылтүзгіштер 
емес,  сондай-ақ  қамырды  қопсытқыш  болып  табылады.  Соңғы 
жылдары  қарабидай  жəне  бидай  нан  өндірісінде  сүт  қышқылы 
бактериясының  таза  культураларынан  дайындалған  ашытқылар 
қолданыла бастады. Өндіріске ашытқыдан бөлініп алынған түрлі 
штамдар қоспалары ұсынылған. Сұйық дрожжылармен бірге бұл 
штамдарды қолдану қамыр жасау процесін тездетеді жəне ашуға 
кететін құрғақ заттардың шығынын азайтады. 
Сонымен бірге ашытқы жəне қамырда, ұндағы кейбір бактерия-
лары көбеюі мүмкін. Бұлар Enterobacter aerogenes жəне Bacterium 
levans  бактериялар  түрінің  өкілдері  болып  табылады.  Ортада 
дами  отырып,  олар  сүт  қышқылын,  көптеген  мөлшерде  ұшқыш 
қышқылдарды  жəне  газдарды  (сутегі,  азот  жəне  көмірқышқыл 
газы) түзеді. Бірақ бұл бактериялар ашытқының басты микрофло-
расы мен ортаның жоғары қышқылдылығына ұшырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет