жалғастырады. Көбінесе жеміс-жидек пюресінде: сахаромицеттің
ашытқысы, Candida жəне Torulopsis туысының саңырауқұлақтары,
гетероферментативті сүт қышқылды, сірке қышқылды бактериялар
кездеседі.
Микрооранизмдері бар пюре қышқылданып, аши бастай-
ды. Өнімнің биохимиялық сапасы төмендейді. Нəтижесінде қант
мөлшері азайып, бөтен иіс пен дəм пайда болады.
Крахмал сірнесі. Крахмалдың гидролизінен алынған бұл өнімнің
құрамында көп мөлшерде құрғақ заттар мен қанттар бар. Сондықтан
крахмал сірнесі микроорганизмдер үшін қолайлы орта болып табы-
лады. Бұл кезде микроорганизмдер сірне сулы болса ғана ене алады.
Ол кезде ашу процесі жүреді. Көп жағдайда ашу дрожжылардың,
ал қышқылдану гетероферментативті сүт қышқылынан, кейде
ауадан немесе дұрыс жуылмаған ыдыстағы микрококкалар мен
педиококкалардың тіршілігінің нəтижесінде болады. Бұнда сірненің
беткі қабатының бұзылуы тереңдей түсуі əбден мүмкін. Бұл про-
цестер қант мөлшерінің, сапасының жəне құрамындағы құрғақ
заттардың төмендеуіне əкеледі.