Кейбір өндірістің зиянкес бактерияларды анықтау үшін, сыра
қайнатуда пайдаланатын қоректік орталарды қолдануға болады.
Алкогольсіз сусындар өндірісінің ерекше зиянкесі – лейконосток-
ты(Leuconostoc) анықтау үшін құрамында қанты бар қоректік ор-
таны пайдаланады. Лейконосток сахароза бар ортада үлкен, томпақ
диаметрі 2-4 мм болатын коллониялар түзеді. Ашытқыға 10% саха-
роза жəне бор қосылған ортада, шырышты лейконосток бактерияла-
ры ұсақ, жартылай мөлдір коллониялар түрінде өсіп шығады. Соны-
мен қатар бөлшектеп залалсыздандыратын қант жəне сүт қышқылды
ортаны қолданады.
Сусындардағы микроорганизмдердің жалпы санын агарлы ор-
тада табақша əдісімен анықтауға болады: глюкоза мен ашытқы
сығындысында немесе ет сығындысында пептондалған сүт
сығындысында ашытқыны жəне зең саңырауқұлақтарды анықтау