Сығымдалған ашытқылар. Қамырлану процесі жəне
көтерілудің бұзылуының түрлі себебі сығымдалған дрожжыларға
байланысты болуы мүмкін. Олардың сапасына келесідей əдістермен
бағалау шарттарын қолданады:
Бөгде клеткалардың санын анықтайды, ол үшін су құбырының
суында сығымдалған дрожжылардың эмульсиясын дайындайды,
бір тамшысын заттық шыныға орналастырады, жабынды шынымен
жабады жəне микроскопта қарайды. Көріну өрісінде бөгде, дрожжы
тəріздес саңырауқұлақтардың жəне негізгі культураның клеткалар
санын есептейді. 4-5 көріну өрісін санайды, орташасын анықтайды,