Өндіріске зиян келтіретін микроорганизмдер, олардың өндіріс орнына түсу жағдайлары Бөгде микроорганизмдер ашытқылармен бірге көбейіп, техно-
логиялық процестерге кері əсер етіп, дайын өнім сапасын
төмендетеді.
Инфекцияның біріншілік көзі – шикізат жəне қосымша мате-
риалдар, ауа, су болуы мүмкін. Ал екіншілеріне – қондырғы жəне
құбырлардағы дұрыс жуылмау салдарынан ашытқы жəне қоректік
орталардың қалып қалуы.
Мелассаның микрофлорасы. Соңғы кездері қант өндірісінің
технологияларының жетілуіне байланысты, мелассаның қант жəне
ашытқы өндірісі орындарында жақсы сақталуынан бұл өнімнің
микробиологиялық жағдайы жақсарған. Қазір 1 г мелассада 1000-
нан 10 000 микроорганизмге дейін болады. Ал бұрын мелассада
50 000, тіпті миллионға дейін микроорганизмдер кездескен.
Микроорганизмдер мелассаға шикізаттан, қант қызылшасынан,
қондырғыдан, судан, ауадан өндіріс барысында түсуі мүмкін. Қою
мелассада микроорганизмдер көбеймейді, ал ұзақ сақтау барысын-
да осмостық қысымға төзімсіздері қырылу салдарынан микроорга-
низмдер саны азаяды. Бірақ сақтау барысында мелассаға жаңбыр
суы қосылып кеткен жағдайда, сұйылтылған беткі бөлігінде микро-
организмдер саны күрт артуы мүмкін. Осылайша беткі бөлігінен
микроорганизмдер мелассаның түбіне қарай енеді, химиялық