Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).
Дайындаңыз: дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материалалу үшінқұрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған крафт пакетінде залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты,жолдама бланкісін, қолғапты, бет пердені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Бет перде мен қолғапты киіңіз.
Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.
Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.
Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.
Науқастың аузын кең ашуын сұрап, шпательді аузына енгізіңіз.
Тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.
Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.
Тампонды тілдің, тісктік, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына ауыз қуысына енгізіңіз.
Жеңіл айналмалы қозғалыспен жұтқыншақтың артқы бетінен 2-3 рет тампомен жүргізіңіз.
Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей реттілікпен жағынды алыңыз: оң жақ таңдай доғасы, оң жақ көмекей безі, тілшік, сол жақ таңдай доғасы, сол жақ көмекей безі, жұтқыншақтың артқы бетінен шырышты алыңыз.
Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Тампонды ауыздың тілдің тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.
Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе 370С термостатқа бактериологиялық зертханаға жөнелтпес бұрын орналастырыңыз.
Ескерту:
жұтқыншақтан жағынды таңертен, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында)алынады;
бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;
егерде жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.