Су ішуге және зәрді жинауға науқасқа өлшемді ыдысты даярлаңыз.
Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.
Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.
Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.