Ж. Т. Матакова жоғарғы категориялы «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы


Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау



бет85/135
Дата27.06.2023
өлшемі405,6 Kb.
#103509
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   135
Байланысты:
Книга стандарт

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау


Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларынын диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, таңғыш материалды, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта және дәке шариктерін, корнцангты, қолғапты, 70 спиртті, 5 спирттелген йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді.

  3. Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі.

  4. Мейірбике манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі.

  5. Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.

  6. Науқасты беліне дейін шешінуін сұраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.

  7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

  8. Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5 спирттелген йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын 70 спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.

  9. Жұмсақ тіндерге қабаттық инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыру) 2 новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін төс сүйегінің ортасына ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде жүргізіңіз.

  10. Кассирскийдің пункциялық инесінешектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.

  11. Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.

  12. Заттық әйнекті кептіріңіз.

  13. Инені алған соң тесілген жерді 5 спирттелген йод немесе 70 спирт ерітіндісімен өңдеңіз, залалсыздандырылған дәке таңғышын салып, лейкопластырьді жапсырыңыз.

  14. Қолғапты шешіңіз.

  15. Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  16. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.

  17. Науқасты палатаға апарыңыз.

  18. Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.



Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Қалқанша иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет