Жаңа ғасыр Интернет заманы



Дата10.10.2022
өлшемі11,84 Kb.
#42104

"Жаңа ғасыр - Интернет заманы"
XXI-ғасырда өз өмірімізді ғаламтор желілерінсіз елестету де мүмкін емес.Интернет желілерінің елімізде белең алуына байланысты өміріміз кенеттен жеңілдеп,кез-келген киім-кешек,азық-түлік тіпті ақшаның өзін дәл осы интернет арқылы табатын деңгейге жеттік,бұл қаншалықты дұрыс?
Жалпы интернет сөзінің толық мағынасы "International Network"-компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі деп аударылады.Бұл интернет өмірімізді біршама жеңілдетті, "Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды" деген сөзді ата-бабамыз дәл айтқан десек, қателеспейміз.Интернетті пайдалану арқылы мемлекеттік ұйымдар туралы біліп,кез-келген таңсық нәрсенің мағынасын ашып, сөздерді басқа тілге аударуға және тағы да басқа қажетті, әрі пайдалы дүниелермен айналысуға болады.
Бірақ интернетке тек қана жақсы пейілмен кірмейтін адамдар да қоғамда кездеседі.Бірі ақшаңызды алып, жоқ болып кететін алаяқтар, енді бірі сайттарда тыйым салынған бейнелерді,секталарды насихаттаушылар.Сондай нәрселердің құрбаны болып, немесе болмауыңыз тек өзіңізге ғана байланысты.
Ал онлайн-саудаға келсек,бұл сауда түрі адамның қоғамнан оқшаулануына алып келетін бірден-бір дүние.Қоғаммен,адамдармен араласпау - адамды интроверттікке алып келері сөзсіз,алайда қысылған сәтте бұл сауда түрі өте пайдалы,бастысы онлайн-саудаға беріліп кетпеу керек.
Қорытындылай келе, интернетте сақ болып,оны ақылмен пайдалануға кеңес беремін,ал қалған нәрсе өзіңіздің таңдауыңызда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет