Түрки əдебиеттер тілінің танымы.
Бұл еңбек 1999 жылы «Жұлдыз» журналының №8 санында жарияланған
болатын. Жарық көрген материалда екі адамның – Қ. Жұбанов пен
Ж. Жолаевтың аты-жөні автор ретінде көрсетілген.
Проф. Е.Қ. Жұбанов: «Хожа Ахмет Яссауи туралы зерттеу еңбектің
қолжазбасын Қ. Жұбановтың аға-буын əріптесі, Ақтөбе өңірінде туып-өскен
қарт ұстаз Жанғазы Жолаев өзінің жеке кітапханасында бірнеше дүркін
592
Түсініктер
көшіріп сақтап, 70-жылдардың басында Есет Құдайбергенұлы Жұбановқа
табыс еткен. Жəкең қария ескі досының баласына жəдид үлгісіндегі араб
жазуымен көшірілген дүниені ұстатып тұрып: «Есет, шырағым, мынау
бір Құдайберген екеуміздің сонау Ақтөбеде жүріп бастаған жұмысымыз
еді. Қолға алған істі толық аяқтауға тағдыр жазбады. Ол (Құдайберген)
біресе басқа қалаға оқуға кетті, кейін Алматыға көшіп кетті, одан əрі нахақ
қараланып, көзімізден ғайып болды. Менде қалған мына қағаздарды мен
əлденеше қайтара көшіріп, өз атымнан жарияламақшы да болып едім, бірақ
онымнан ештеңе шықпады, заман солай болды... Енді осы мұра саған аманат,
əкеңнің «көзі» деп, атап беріп отырмын!» – деген-ді.
Соғыс жылдарындағы машинкамен көшірілген жазуы бар қағаздың
сыртқы ақ жағына құсықтау қара сиямен жазылған қолжазбаның əр беті
жарты парақтан бүктеліп кесілген алты-жеті текше түріндегі тігінділер
екен. Мұқаба ретінде тұрған ең үстіңгі парақшаның бас жағында «Ходжа
Ахмет Яссауидің тегі туралы» деген тақырып көрсетіліп, оның тұсына
«Ж.Жолаев» деп арабша қол қойылған. Төменіректе «1946 жыл» деген бір
дата бар, бірақ ол басқа кісінің қолымен жазылған тəрізді. Өйткені ол жерде:
«Мұқа, мынау бір қызық нəрсе сияқты! Есмағамбет», – деп қол қойылған
бұрыштама көмескілеу оқылады. Шамасы, аталған дата осы визаның жазылу
мерзімін айғақтайтын болса керек. Қолжазба одан біраз бұрын хатқа түскен
болуы тиіс, өйткені бұлардың сиялары да бір түсті емес. Біз онда Жəкеңнен
«мына бұрыштама жазулар қайдан жүр?» деп сұрай да алмаған едік. Содан
сəл кейін қарттың кіші баласы, гидротехник Асқар Жолаев əке-шешесін
Жамбыл қаласына көшіріп əкетті. Жанғазы Жолаев 80-жылдардың басында
жасы 95-терге келіп дүние салды, сүйегі Алматыда «Кеңсайда» жерленді.
Əрине, «Диуани хикмет» жайында жағымды пікір білдіретін зерттеуді
ол кезеңде жариялау мүмкін де емес-ті. «Социалистік реализм» атты
жалған қисынды табан тіреу еткен тоталитарлық мемлекет бұратана
халықтардың тарихын, мəдениеті мен əдебиетін танып білу былай тұрсын,
Хожа Ахмет Яссауи секілді бұқарашылдарды «суфизм жолындағы діндар,
пессимист, елді өмірден түңілдіруді мақсат тұтқан сарыуайымшыл» деп ат
қойып, айдар тағып, олардың атын ататпауға күш салып баққаны мəлім.
Тіпті, Кеңес өкіметі тарап кеткенге дейінгі кезде біз «Диуани хикмет»
сынды рухани қазыналарымыз бар деп айта да алмай келдік. Ал Қазақ
ССР Ғылым академиясы құрылатын сонау 1946 жылы біздің мəдени
өмірімізде тағы бір зобалаң туғаны белгілі. Онда ККП Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов партияның Пленумында «Тіл-əдебиет
институтының жұмысын-дағы өрескел қателер туралы» өткір əшкерелеу
сипатында үлкен баяндама жасап, соны талқылау жəне тиісті шаралар
қолданумен байланысты академияның көптеген филолог ғалымдары қатты
сынға ұшыраған. Солардың бірі болып аталмыш институттың директоры
Есмағамбет Ысмайылов та қызметтен қуылған бола-тын. Жоғарыда аталған
қолжазба мұқабасындағы «Есмағамбет» деп қол қойылған бұрыштама да
Түсініктер
593
осы кісінің қолтаңбасы болса, бұл еңбектің ол заманда көпшілік назарына
ұсыныла қоюы да екіталай демекпіз. Бұрыштамадағы «Мұқа» деген сөз
«Мұхтар Əуезов» дегенді білдіретін болса, ол кісінің де сөз болып отырған
кезеңде ашылып пікір айта алмасы хақ.
Сонымен, Қ.Жұбанов Хожа Ахмет Яссауи толғаулары жайын-дағы
бұл зерттеуді қашан жəне қандай жағдайда жазған деген мəселеге келсек,
мынадай жəйтті айқын аңғарамыз:
– Тақырыптың қолға алынуы сонау 20-жылдардың екінші жартысы
болуы тиіс. Ж.Жолаев өзінің бір естелік мақаласында былай дейді: «Менің
Құдайбергенмен бастап танысқаным 1925 жыл. Өйткені сол жылы екеуміз
де Ақтөбеде қызмет істедік: біраз уақыт бір пəтерде көршілес те болдық.
Мен қаладағы №6 қазақ бастауыш мектебінің меңгерушісі əрі мұғалімі едім,
Құдайберген губерниялық оқу бөлімінде методика жөніндегі нұсқаушы
болатын... Кейін Құдайберген профессор болып, ғылым жолында еңбек етіп,
Алматыға ауысқан соң да мен онымен хат арқылы байланысып тұрдым. Ол
жай хаттарға жауап қайтара қоймайтын, ал ғылым-білім, тəрбие жөніндегі
сұрақ-хаттарға жауапты кідіртпейтін...» (Ж.Жолаев. Ауыл мұғалімінің
ақылшысы. «Қазақстан мұғалімі», 5 желтоқсан, 1957 жыл).
Бұған қарағанда «Медресе Хусайнияны» тамамдаған жас түрколог
Құдайберген Ақтөбеге келіп, Қошқар ата мешітінің түлегі, ишандық
дəрежеге ие бола тұрып, мектеп мұғалімі қызметіне ауысқан Жанғазы
Жолаевпен əріптес əрі пəтерлес болуы нəтижесінде көне, орта түркі,
шағатай əдебиеті мұраларын қайта қарап, өз білім деңгейлерін пысықтап,
бірсыпыра ескерткіштерді арнайы зерттеу ісін қолға алуға қолайлы
мүмкіндік туған тəрізді. Соған орай, бірінші кезекте «Диуани хикметтің»
Қазан басылымы (жылы көрсетілмеген) бойынша мəтінтану сипатындағы
тексеру жүргізген тəрізді. Алайда бұл жұмыс бірсыпыраға созылған
болуы керек. Өйткені Ақтөбеде өткен төрт жылдан кейін Қ.Жұбанов
Ленинград қаласына оқуға аттанып, əуелі Енукидзе атындағы тірі
Шығыс тілдері институтын экстерн ретінде тамамдап, соңынан
академиялық Тіл мен ой (ойлау) институтының аспирантурасында оқыған
4–5 жыл ішінде түркологиялық білімін одан əрі тереңдете түскен.
Бұл кезеңде Қ.Жұбановтың араб арфавитінде жоқ əлфлəм («Сүйеу
таяқ») орфограммасының Х.А. Яссауи жазбаларында ұшырасатынын
түрлі жазулардың (моңғол, көне ұйғыр, т.б.) тарихымен салыстыра
зерттегендігін, оның «Қосар ма, дара ма?» атты əйгілі еңбегінен көреміз
(«Мем. терминком Бюллетеньдері», № 1, Алматы, 1935). Академик Ахмет
Жұбанов естеліктерінде сөз болатын «Қ.Жұбанов Ленинградта жүріп,
Стамбул университетінің профессоры Көпілі-зəдеден М.Қашқари сөздігінің
Стамбул басылымын сұратып хат жазысқандығы» жайындағы деректің
бір ұшы да осы Ж. Жолаевқа келіп тірелетіні байқалады; біз Жəкеңнің
қолжазбалары ішінде аталған сөздіктің толық қазақша аудармасы барын,
оның əрбір беті сол Стамбул басылымының беттеріне сəйкес парақталғанын
594
Түсініктер
білетінбіз. Мен 1947–51 жылдары Алматыда ҚазПИ-дің студенті
болып жүрген шағымда Жəкең маған «Диуани хикметтегі» шағатайша
өлеңдердің өзі аударған қазақша тəржімасын əр жерінен оқып беріп
отыратын. Бірақ ол кездері менің əкем жайлы аса көп сөз қозғамайтын,
«аузына сақ» адам болатын. Енді ойласам, Ж.Жолаев ақсақал сол Яссауи
мұрасын қазақшалау барысында Қ.Жұбановқа өз қолғабысын тигізген
сыңайлы.
Жалпы алғанда, бұл екі ғұлама адамның творчестволық байланысы
қаралы 1937 жыл оқиғасына дейін ешбір үзілмеген секілді. Қазір құрметті
демалыста жүрген Жəкеңнің қызы – Жəмилə Жанғазықызы Жолаева бұл
жайында былай дейді:
«Мен 1934 жылы Алматыға келіп, ҚазПИ-дің қазақ тілі мен əдебиеті
факультетіне оқуға түстім. Құдайберген аға мені жатақханаға жібермей,
бірден үйге ертіп əкелді. Мен тап бір сол үйдің үлкен қызындай болып
жүрдім. Біздің отбасымыз ол кезде Ақтөбе, кейін Алға қалаларында
тұратын. Жазғы, қысқы демалыстарға елге қатынағанда менің
тындыратын ең мықты жұмысым Көкем (əкемізді осылай атайтынбыз)
мен Құдайберген ағаның арасына хат-хабар тасу болатын. Бұл кісілердің
хаттары үлкен, қомақты келетін, ең кемі тұтас бір оқушы дəптері
мөлшерінен кем болмайтын. Мен тек 1937 жылы Құдайберген аға «халық
жауы» аталып, ұсталып кеткеннен кейін ғана ол кісінің үйінен шығып,
жатақханаға орналастым...
(қолы) Ж.Жолаева».
Жанғазы Жолаев 1887 жылы дүниеге келген екен. Ол Қ.Жұба-новтан 12
жас үлкен. Бірақ жас айырмашылығы «сынық жүзді» ғұлама адамдардың
қарым-қатынасына бөгет болмаған. Біз тұңғыш рет баспаға ұсынып отырған
мына еңбек те осы екі адамға тел ортақ туынды деуге келеді. Бұның: «ана
жері – ананікі, мына жері – мынанікі!» деп айырып көрсету де қиын.
Сондықтан біз бұны: «Жұбанов – Жолаев мұрасы» деп атасақ та, жаңсақ
айтқан болмаймыз деген ойға келдік».
Ғ. ƏНЕС
V
ҚОСЫМШАЛАР
596
Қосымшалар
ПРОФЕССОР ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚУАНҰЛЫ ЖҰБАНОВ
ӨМІРІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Ақтөбе губерниясы, Темір уезі (қазіргі Мұғаджар ауданы) 9-шы
ауыл, Ақжар деген жерде 1899 жылы желтоқсанның 19 күні
дүниеге келген.
Бастапқы білімін сол маңдағы Оспан ишанның мешітінде
3-4 жыл оқып, келесі бірнеше жыл жергілікті ауыл мектебінде
өтеді. 1914–1916 жылдары Орынбор қаласындағы «Хұсайния»
медресесінде оқуын жалғастырады, 1916–1917 жылдарда Жұрын-
ның 2 кластық орыс мектебінің бірден 4-5 класына түсіп, оны
үздік аяқтайды. Ал 1917–1918 жылдары Күйік қаладағы (Елек) екі
кластық орыс училищесінің соңғы курсына қабылданып, орысша
білімін жалғастырады.
1928 жылы Ленинградтың Шығыс тілдері институтын (экстерн
ретінде) бітіріп, жоғары білімге ие болады.
1929–1932 жылдары Ленинградта аспирантурада оқиды:
– 02.1929–09.1930 (1,5 жыл) Шығыс тілдері институтында
түрік тілдері мамандығы бойынша;
– 10.1930–09.1932 (2 жыл) СССР Ғылым академиясында (жал-
пы тіл білімі бойынша).
Анкетада өзінің көрсетуі бойынша, мына тілдерді білген: неміс,
араб, парсы, түрік, моңғол, чуваш, коми, грузин, түркі тілдері.
Қызметі жөнінде мəлімет:
1. 10.1918–04.1920 жж. Темір аудандық Құлжа-Темір болыс-
тығы – əуелі хатшысы, кейін – председателі;
2. 1920–1922 жж. Темір аудандық бақылау комитеті басқармасы;
3. 1922–1923 жж. Темір аудандық атқару комитеті (РИК мү-
шесі);
4. 12.1923–09.1925 жж. Темір уездік оқу бөлімінде – инспектор;
5. 12.1923–09.1925 жж. Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінде –
нұсқаушы-методист;
Қосымшалар
597
6. 12.1928 ж. Қазақ Мемлекеттік университеті (бастапқыда
осылай аталып, кейін ҚазПИ болған) – салыстырмалы түрік тілдері
кафедрасында ғылыми қызметкер;
7. 01.09.1932–20.11.1937 жж. Қазақ педагогикалық институты
(ҚазПИ) – қазақ тілі мен əдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
Алматы қ.;
8. 01.1933–20.11.1937 жж. Халық Ағарту Комиссариаты –
Коллегия мүшесі, программа, оқулықтар бөлімінің меңгерушісі,
Мемлекеттік терминология комиссиясының председателі, Мем-
лекеттік терминком Бюллетенінің бас редакторы;
9. 1936–20.11.1937 жж. СССР Ғылым академиясының қазақ-
стандық филиалы – лингвистика секторының меңгерушісі, Қазақ
тілінің академиялық сөздігінің бас редакторы, Қазақ филиалының
Ғылыми советінің жəне Президиум мүшесі;
10. 1935–1936 жж. Қазақстандық ұлт мəдениетін ғылыми-зерт-
теу институтының Ғылыми кеңесінің мүшесі;
11. 1935–1937 жж. Бүкілодақтық жаңа əліп Орталық комитеті-
нің қазақстандық мүшесі;
12. Сайланған:
1922 ж. Темір аудандық атқару комитетіне (РИК);
1935 ж. ҚазОАК мүшелігіне;
1935 ж. XVI Бүкілресейлік Советтер съезіне делегат;
13. 1935 ж. «Қазақстанның 15 жылдығы» Құрмет белгісімен
наградталған;
14. 1937 жылы қарашаның 19-күні «халық жауы» деген жа-
ламен ұсталып кетті (қамауға алынды).
15. 1938 жылы ақпанның 25-күні «тройканың» үкімімен аты-
лып кетті.
16. 1957 жылы қазан айының 3-күні азаматтық тұрғыдан ақ-
талды.
17. 1958 жылы ақпанның 22-күні Коммунистік партияға мү-
шелігі қалпына келтірілді.
598
Қосымшалар
ОСНОВНЫЕ ДАТЫ ЖИЗНИ
ПРОФ. ЖУБАНОВА ХУДАЙБЕРГЕНА КУАНОВИЧА
Pодился в 1899 году (19 декабpя) в селе Акжаp, аул №9, Те-
миpского pайона (ныне Мугоджарский) Актюбинской области.
Начальное обpазование получил в местной школе, затем в мед-
ресе «Хусайния» в г.Оренбурге 1914–1916 гг., в Джурунской 2-х
классной русской школе (1916–1917), в 2-х классном училище в
г.Илецке (1917–1918).
Образование – высшее. Окончил – Ленингpадский институт
живых восточных языков в 1928 году (экстеpном); 1929–1932 гг.
обучался в аспирантуре в г.Ленинграде:
а) – 02.1929–09.1930 (1,5 года) – в Институте восточных язы-
ков (тюpкские языки);
б) – 10.1930–09.1932 (2 года) в Институте языка и мышления
Академии наук СССP (общее языкознание).
Кроме казахского и русского языков владел следующими
иностранными языками: немецким, пеpсидским, аpабским, туpец-
ким, монгольским, гpузинским, чувашским, коми и тюpкскими
языками.
Сведения о pаботе:
1. 10.1918–04.1920 гг. Темиpский pайон, Кульджа-Темиpский
Волостной Сов. деп. – cекpетаpь Сов.депа, позже – пpедседатель;
2. 1920–1922 гг. Темиpский Собес (Сов.контpоль);
3. 1922–1923 гг. Темиpский PИК (член PИКа);
4. 12.1923–09.1925 гг. Темиpский уездный отдел наpодного
обpазования (УОHPО) – инспектоp;
5. 09.1925–12.1928 гг. Актюбинское ГубОHО – инспектоp-ме-
тодист;
6. 12.1928 г. Казахский государственный унивеpситет (позже
КазПИ) – научный сотpудник Кафедpы тюpкологии. г.Алматы;
7. 09.1932–20.11.1937 гг. Казахский Педагогический институт
(КазПИ) – заведующий кафедpой казахского языка и литеpатуpы,
пpофессоp. г.Алматы;
Қосымшалар
599
8. 01.1933–20.11.1937 г.г. Hаpодный комиссаpиат пpосвещения
Казахской ССP – член коллегии, зав. сектоpом методики, пpог-
pамм и учебников, Председатель УМСа, пpедседатель Гос.
теpминологической комиссии Pеспублики, главный pедактоp
«Бюллетеня Гостеpминкома» (1935 г.). г.Алматы;
9. 1935–20.11.1937 гг. Казахстанский филиал Академии наук
СССP – заведующий лингвистическим сектоpом, главный
pедактоp «Академического словаpя казахского языка», член Уче-
ного совета Казахского филиала АН СССР, член Пpезидиума Каз
ФАН СССР;
10. 1935–1936 гг. Член научного Совета Казахстанского инсти-
тута национальной культуpы;
11. 1935–1937 гг. Член Всесоюзного Центpального Комитета
нового (латинизиpованного) алфавита;
12. Избиpался: членом Темиpского PИКа (1922 г.), членом Каз
ЦИКа (1935г.), делегатом на 16-й Всеpоссийский съезд Советов
(1935 г.).
13. Нагpажден Почетным знаком «15 лет Казахстана».
Дополнительные сведения о Х. К. Жубанове.
Аpестован 19 ноября 1937 года, pасстpелен 25 февpаля
1938 года в г.Алма-Ате (пеpвый день массовых pасстpелов по
pешению выездной «тpойки»).
Pеабилитиpован: в гpажданском отношении – 03.10.57 г., в паp-
тийном отношении – 22.02.58 г.
600
Қосымшалар
ПРОФЕССОР Қ. Қ. ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ
ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
ХРОНОЛОГИЧЕСКИЙ УКАЗАТЕЛЬ ТРУДОВ
ПРОФЕССОРА К. К. ЖУБАНОВА
*
1915
1. Өнегелі мұғалім (мақала) // Қазақ, 11 ақпан, № 103. (Ж. Тілеп-
бергеновпен бірігіп жазған).
1917
2
*
. Наурыз құтты болсын (өлең) // Алаш, № 14.
3
*
. Аянышты хал (фельетон) // Алаш, № 20.
1924
4. Əйел теңдігі туралы (мақала) // Еңбекші қазақ, № 232.
5. Түс екен (оқшауша) // Еңбекші қазақ, 11 қыркүйек, № 243.
6. Үлгі алыңдар (мақала) // Еңбекші қазақ, № 254.
1925
7. Темір уезінің оқушылар тобы (мақала) // Еңбекші қазақ,
14 қаңтар, № 276.
*
Ескерту. Ғалымның уездік, болыстық газеттерде жарияланған тырнақалды
туындылары жинастырылмаған. Сонымен бірге түрлі бүркеніш аттармен (Шекті,
Қараша бала, «Қ», «Қ.Ж.» т.б.) жазылған мақалалары да бұл тізімге енгізілген жоқ.
* Осындай белгі қойылған деректерді Қазақ ССР Мемлекеттік архивінің аға ғылыми
қызметкері Б. Байғалиев табыс етті.
*
Примечание: Первые пробы пера будущего ученого, увидевшие свет в уездных,
губернских органах печати, в данном перечне охвачны не полностью. Кроме того, в
указатель не вошли статьи, опубликованные под различными псевдонимами (Шекті,
Қараша бала, «Қ», «Қ.Ж.» и др.)
* Сведения, обозначенные настоящей пометой, были любезно предоставлены стар-
шим научным сотрудником ЦГА Каз ССР Б. Байглиевым, за что редакционная колле-
гия сборника выражает ему свою признательность.
Қосымшалар
601
8
*
. Екі қой, бір тоқты киіт өтірік дейді (жауап сөз) // Кедей,
сəуір, №41.
9
*
. Ойыл коммуна мектебі кімге тиіс // Кедей, 14 қазан, № 62.
10
*
. Сауатсыздықты жоятын нұсқаушы мектеп // Кедей,
14 қазан, №62.
1926
13. Коммуна мектептері жеті жылдық болсын // Еңбекші қазақ,
№ 10.
14. Біз де ұлт театрына қарай маңайладық // Еңбекші қазақ,
№11.
15. Аулақтан оқыту// Еңбекші қазақ, 19 қаңтар, № 14.
16. Газет көпке ортақ // Еңбекші қазақ, № 74.
17. Хат жолықпаған шығар (жауап) // Еңбекші қазақ, 157.
18
*
. Малды қауіпсіздендіру шаруаның ырысы // Кедей, шілде,
№ 94.
19
*
. Мұғалімдер курстері тарады // Кедей, 31 тамыз, № 101.
1927
20
*
. Таңжарықтың қуанышы (əңгіме) // Кедей, 7 қараша, № 36.
1928
21. Түпсіз астау, құдай жəне Ақтөбенің ілім-мəдениет орында-
ры (фельетон) // Еңбекші қазақ, 21 тамыз, № 191.
22. Жаңа əліппені алу мəселесі туралы (баяндама сөздер) //
Еңбекші қазақ, №291.
23. Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір (əңгімесі) // Кедей,
4 қазан.
24. Жаңа əліппені үйрен! Жаңа əліппе сабақтары: жаңа əліп-
пенің əріптері, бірінші сабақ, екінші сабақ. Жаңа кітаптар: 1. Жаңа
əліппе туралы, 2. Жаңа əліппе сабағы. Губерния ішінде. Округтың
жаңа əліппе комитетінде. Қ.Ж. «Кедей» газеті, № 35, 36, 1928 жыл,
ноябрь.
24
*
. Еңбек мектебінің он жылы // Кедей, 1928, 14 қазан, № 32.
602
Қосымшалар
1929
25. Бас əріп керек пе? (жарыссөз) // Еңбекші қазақ, 2 желтоқсан,
№251.
26. Емле жайындағы пікірлер // Еңбекші қазақ, № 69.
1930
27. Қазақстан жаңа əліппешілерінің тұңғыш конференциясы
/(1928 ж., декабрь 9–12). Жұбан ұлының сөзі (Ақтөбеден), 27–
29 жəне 56–67 беттерде. «Қазақстан» баспасы – 1930 ж., Қызыл-
Орда, (ВЦКНТА заказы бойынша).
28. [Выступление на Научно-орфографической конференций] //
Стенографический отчет Науч.-орфограф. конференции, созван-
ной 2–4 июля 1929 года науч.-метод. советом НКП и ЦК НКА.
Кзыл-Орда, 1930. С. 51–58, 115.
1931
29. [Выступление на IV пленуме ВЦКНА] // Стенографический
отчет IV пленума Всесоюз. центр. комитета нового алфавита, про-
ходившего в г. Алма-Ате. (Л., 1931). С. 177, 201–204.
1933
30. Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар. 1-кесек.
Қазақ тілінің фонетикасы (Дыбыс жүйесі) // Политехникалық мек-
теп, № 7–8, 33-34-бб.
1934
31. Буын жігін қалай табуға болады // Ауыл мұғалімі, № 2.
32. Əдіс бірлестіктері мен əдіс үйірмелерінде оқу жылының
екінші жартысында талқыланатын əдіс, программа мəселелері //
Ауыл мұғалімі, №3, 25-28-бб.
33. Абай – қазақ əдебиетінің классигі // Əдебиет майданы,
№ 11–12, 29-44-бб.
34. Абай // Социалды Қазақстан, 26 желтоқсан, № 297; 28
желтоқсан, № 299.
Қосымшалар
603
1935
35. Қосар ма, дара ма? («иу», «уи», «ы>, «і>-лердің емлесі
жөнінен) // Қазақстанның оқыту істерін басқаратын Халық
комиссариатының жанындағы Мемлекеттік терминология комис-
сиясының бюллетені. № 1, 5 мамыр, 26–28-бб.
36. К пересмотру казахской орфографии // Бюллетень Госу-
дарственной терминологической комиссии при Каз. Наркомпросе.
№1, 5 мая. С. 21-24.
37
**
. Қазақ тілінің емлесі мен əліппесіне кіргізілетін
өзгерістердің жобасы //... Мем. термин. ком. бюллетені, № 1,5 ма-
мыр, 29 б.
38
**
. Қазақ əдебиет тілінің терминдері туралы // Мем. термин.
ком. бюллетені, №1,5 мамыр, 1–2-бб.
39
**
. О терминологии казахской орфографии и алфавита казах-
ского языка // Там же. № 2, 15 мая. С. 2–3.
41
**
. О специфике словтерминов // Там же. С. 1–2.
42
**
. Термин-сөздердің спецификасы жөнінде // Мем. термин.
ком. бюллетені, № 3, 20 мамыр, 1–2-бб.
43. Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы // Мем. термин. ком.
бюллетені. № 4, 25 мамыр, 1–3-бб.
44. Төңкеріс жəне қазақтың ұлт тілі // Қазақ əдебиеті, 20 қараша.
45. К постановке исследования истории фонетики казахского
языка // Тр. Казахстанского НИИ национальной культуры. Алма-
Ата; Москва. Вып. I. С. 3-13.
46. Примечание к статье С. Аманжолова «Элементы флектив-
ности в казахском языке» // Там же. С. 155–158.
47. Примечание к статье Аманжолова «О языке перевода клас-
сиков марксизма-ленинизма» // Там же. С. 152–155.
48. Он үш жас күш // Лениншіл жас, 14 қаңтар.
49
*
. Қазақ тілі туралы (баяндама) // Қазақ əдебиеті, 23–27 ма-
мыр; Казахстанская правда, 21–30 мамыр.
50. Первый серьезный успех казахского драматического
театра // Казахстанская правда, 16 января, № 14.
Е с к е р т у. ** Қ. Қ. Жұбановтың қаламынан туған, бірақ редакциялық мақала
ретінде жарияланғандар.
604
Қосымшалар
Достарыңызбен бөлісу: |