Имитациялық ойындардың бес құрамдас бөлігі Имитациялық ойын бес ірі құрамдас бөліктерден тұрады: ойыншылар, сарапшылар, ойын ұйымдастырушылары, зерттелетін мәселе бойынша материал және ойын ортасы, сценарий және ойын ережелері қалыптасатын эксперименталды жағдай.
2.3 Информатика сабағында имитациялық ойынды құру және қолдану әдістемесі тақырып бойынша конспект жоспар.
Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!» білгірлер әлеміне саяхат
Мақсаты: Оқушылардың білімділік дағдыларын байқау; олардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, дүниетанымын кеңейту; сөздік қорын молайту, қосымша ізденуге баулу.
Әдісі: сұрақ - жауап, ойын, ізденушілік
Пәнаралық байланыс: информатика, математика, география.
Іс - шараның түрі: саяхат ойыны
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, телевизор, ноутбук, смайликтер мен фломастерлер.
Барысы: I Ұйымдастыру.
- Балалар, біз бүгін сендермен білгірлер әлеміне саяхат жасаймыз.
- Қандай ғаламшарларды (планеталарды) білесіңдер?
- Дұрыс, ал енді «Білгірлер» ғаламшарларын естіп көрдіңдер ме?
- Ендеше ол ғаламшарларға ойша, қиялдап саяхат жасаймыз. Бірақ ол планета бізді тектен текке кіргізе салмайды. Оған өту үшін бізді ойландыратын әр түрлі тапсырмаларды орындауымыз керек екен. Саяхатымызда әр түрлі қызықты тапсырмалар көп болады.
ІІ. Негізгі бөлім.
1 - слайдты ашу. "Ойнайық та, ойлайық!"
Мұғалім ойынның ережесімен таныстырады. Әр ғаламшар тапсырмаларын орындаған сайын смайликтер беріліп отырады.
ІІІ. Ойынның басталуы.
«Компьютер патша» ғаламшары. Егер жауап дұрыс болса 1 ұпай беріледі.
1. Компьютер миі?жүйелік блок) 2.Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы?(модем) 3.Мәлімет енгізу құрылғысы?(пернетақта) 4.Ақпаратты шығару құрылғысы(принтер) 5.Графикалық редактор?(Paint) 6.Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама(калькулятор) 7.Дауыс жазуға арналған құрылғы?(микрофон) 8.Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина) 9.Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер) 10.Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word) 11.Пернетақта қандай құрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы) 12.Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы) 13.Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын) 14.Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта) 15.Келесі жүріс. (жүріс келесі адамға беріледі беріледі) 16.Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде) 17.Банкрот (2 ұпай алынады) 18.Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан) 19.« Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс) 20.Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт) Бірінші аялдаманың қорытындысын шығару.
«Атаққұмар» ғаламшары. Сергіту сәті: «Мені өзгелерден өзгешелейтін қасиетім (қабілетім)»
«Маскүнемдер» ғаламшары.
Адасқан әріптер.
dorw, иронзка, яароулкткль, аертқнпета, sotrimofc, қатарап, фигакар, восдокид, ребузар, cse (Word, корзина, калькулятор, пернетақта, Microsoft, ақпарат, графика, дисковод, браузер, esc)
«Іскер адамдар» ғаламшары (Ребус)
«Шырақшылар» ғаламшары. Оқушының жауап бергеніне байланысты ұпай саны беріледі.
1. Суретте қанша адамның бейнесі бар?
2. Кітаптың алтыншы томы қайда?
3. Суреттегі қызыл стрелка қай санға бұрылады?
«Географтар» ғаламшары. (қай қалада орналасқанын табу)
1. Microsoft компаниясының штаб-кеңсесі қайда орналасқан? (АҚШ, Вашингтон штаты, Редмонд қаласы)
2. Apple компаниясының штаб-кеңсесі қайда орналасқан? (АҚШ, Калифорния штаты, Купертино қаласы)
3. Nokia компаниясының штаб-кеңсесі қайда орналасқан? (Финляндия, Эспоо қаласы)
4. Intel компаниясының штаб-кеңсесі қайда орналасқан? (АҚШ, Калифорния штаты, Санта-Клара)
5. AMD (Advanced Micro Devices) компаниясының штаб-кеңсесі қайда орналасқан? (АҚШ, Калифорния штаты)
«Жер» ғаламшары. Оқушыларға арналған ойнайн тест
ІІІ. Қорытынды. Ұпай саны есептеледі.
Оқушылары жинаған ұпай санына байланысты білімдері бағаланады.
Ән орындау "Дос болайық бәріміз"
ІV. Кері байланыс. Сыныптан тыс іс - шарадан мен не білдім? Жауаптарын оқушылар стикерге жазып іледі.