Күнделікті санада «ойын» сөзі «бәсекелестік», «қарама-қайшылық», «еліктеу», «ұнамсыздық», «шарттылық», «модель» және т.б. ұғымдармен байланысты. Кейде ойын нәтиже емес, процессі маңызды қызмет түрі ретінде анықталады. Кейбір зерттеушілер ойындарды анықтаған кезде олардың бәсекелестік аспектісін негізге алады, ал басқалары рөлдік имитацияны басты деп санайды. Имитациялық ойын түсінігі ойын элементтерін қамтитын көптеген оқыту стратегиялары үшін жалпы түсінік ретінде қалыптасты. Мұнда рөлдік ойындар, жанжалды ойындар, шешім қабылдауға арналған ойындар, іскерлік ойындар, іскерлік ойын базасындағы компьютерлік имитация және т. б. ұғымдар кіреді.