Жаңа жылға саяхат .
Мақсаты : Оқушылардың жалпымәдени мінез құлық дағдыларын қалыптастыру, оқушының қарым қатынас мәдениетін , шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылықтарын дамыту.
Балалар залға әсем музыкамен кіріп келеді де шыршаны айналып тұрады.
Жүргізуші( Мәди Дастанов) :
Аппақ бүгін қыр, далам
, Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс Әкелген көп жақсылық
Жүргіуші(Қали Әлия).
Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан тышқан жылы мерекесімен құтықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш акелсін. .
Балалар, бүгінгі жаңа жылдық кешімізде қызықты кездесулер күтілуде. Сендер дайынсындар ма?
Балалар: Иә!
Мыстан кемпір: Бұл не жиын? а ха менсіз не тойлап жатырсыңдар? Қане айтыңдар! Мынау не? Шырша ма ? аа сонда менсіз жаңа жылды өткізбекшісіңдер ме? Мен ше ?
Жүргізуші Алия: мыстан әже қайдан келдіңіз? Біз жаңа жылды тойламақшымыз. Біз сізден қорқамыз. Балалар да қорқады. Қалай сізбен бірге тойлаймыз?
Мыстан кемпір: отыра кетеді де жылайды. Мені ешкім ұнатпайды, мені ешкім шақырмайды. Меннен неге қорқасыздар? Мен де Жаңа жылды сендермен бірге тойлағым келеді. Мен де осында қалайыншы. Мен де сендермен тойлайыншы , өтініш балалар. Маған рұқсат беріңіздерші. Өтініш (деп әр баланың жанына келіп сұрайды)
Жүргізуші Мәди: балалар қалай қарайсыңдар? Мыстан әжеміз қалсын ба? Сендер рұқсат етесіңдер ме?
Балалар : (ортадан бір оқушы шығып) мыстан әже бізбен тойлағысы келсе , біздің жұмбақтарымызды тауып көрсін. .
Жүргізуші Алия: ал мыстан әже жұмбақ шешуге дайынсың ба? Егер жұмбақтарды шеше алсаң бізбен бірге қаласың, ал егер шеше алмасаң өз өнеріңді көрсетесің де, орманыңа қайтасың! Келісесің бе?
Мыстан кемпір: иа , иа жарайды. Мен қандай қиын жұмбақ қойсаң да шеше аламын, мен өте ақылдымын. Қане , қандай жұмбақтарың бар, айта беріңдер.
Жүргізуші Мәди: ал енді менің жұмбағымды шешіп көр. Оны барлық бала біледі, ал мыстан әже дайынсың ба?
Таудан топ түсті
Аяқ қолы жоқ түсті (бұршақ)
Өлшеусіз піштім
Жіпсіз тіктім (жер)
Сатайын десем ауыр кілем
Сатпайын десем тәуір кілем (жер)
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін
Жаңа жылды тойласаң
Төріңдемін үйіңнің (шырша)
Мыстан кемпір: мен білем ол менің үстімдегі киімім ғой қараңдаршы . өзі жасыл әрі инем де бар үстімде (балалар күледі) неге күледі мына балалар. Шын ғой қараңдаршы (деп киіміне қарайды, сол кезде бір оқушы шығып жұмбақтың жауабын айтады.)
Жүргізуші Әлия: ал мыстан әже жеңілдіңіз ғой, бірде бір жұмбақты шеше алмадыңыз .ғой. енді өзіңіз уәде бергендей бір ән айтып немесе билеп беріңіз.
Мыстан Кемпір: мм сол да сөз болып па , жарайды, мен бір би білемін бірақ билеп берсін десеңіздер маған қол шапалақтап қолдап тұрыңдар. Әйтпесе билемей қашып кетемін.
Жүргізуші Мәди: ал балалар не қарап тұрмыз. Мыстан әжемізге қолдау көрсетейік, кане (балалар қол шапалақтайды).
Ал балалар рахмет сендерге, мен орманыма қайтайын а то белім шыдамай бара жатыр ( ах ух деп шығып кетеді).
Жүргізуші Алия: сау болыңыз мыстан әже ауырмаңыз. Келесі жылы кездескенше
Сиыр : балалар менің кететін уақытым болды рахмет сендерге. Сендермен болған қызық, дегенмен барыс келе жатыр барысты жіберейін.
Жүргізуші Мәди: ал балалар сиырмен қоштаспас бұрын өнерімізді көрсетейік. Қане онда Әлия мен Жансаяны қыздарын ортаға шақырайық
Жүргізуші: ал сиыр жылына ұнады ма екен ?
Сиыр: иа маған өте ұнады, жарайсыңдар !
Менің уақытым болды. Кешігіп қалмайын, рахмет сендерге балалар! Қош сау болыңыздар ! (деп шығып кетеді ).
Жүргізуші Әлия Ал Балалар бізге кім жетпей тұр? Қалай ойлайсыңдар? Ортамызда шыршамыз бар, барлық бала әдемі киінген, көңіл күйі керемет. Ал балалар кім жоқ?
Ендеше ортамызға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық
Алыстан дауыс шығады: е хе хей (деп шыққаннан кейін, ааа чуу деп түшкіріп, жөтеліп Аяз ата Ақшақармен келеді
Жүргізуші Мәди: Қош келдіңіз Аяз - Ата , Аяз ата сізді келеді деп, өздерінің тақпақтарын түнімен жаттап, күнімен жаттап келген балалар бар шығар. Ортаға тақпақ айтатын балаларды шақырсақ калай қарайсыз?
Аяз ата: әрине менің қарсылығым жоқ. Қане кім айтқысы келеді?
Тақпақтар
Аяз ата: қандай керемет тақпақтар, жарайсыңдар! Деп сыйлықтарын береді.
Жүргізуші: . Ал, халайық, тұрмайық Әндетейік, жырлайық Ортамызды ашайық олай болса үнді биімен оқушыларымызды ортаға шақырайық
Аяз ата : ой бәрекелді, өркенің өссін! Жарайсың!
Жүргізуші Мәди: Аяз ата біздің оқушыларымыздың бәрі өнерлі. Кешіміз әрі қарай көңілді өту үшін ойын ойнайық. Ендеше біздің оқушылардымыздың сізбен бірге ойын ойнағысы келеді ОЙЫН
Ақшақар да күледі де: жарайсыңдар балалар (деп сыйлық береді). Тағы кім шығады? Тағы қандай өнерлерің БАР
.
Жүргізуші Алия: Қандай тату өздері Күлімдеген көздері Кәне, кәне , келіңдер Олай болса күлшеқыз туралы хикаямызды тамашалайық
Аяз ата: қандай керемет ертегі. Жарайсыңдар
Жүргізуші: Олай болса баллдағы биімізді тамашалаңыздар
Жүргізуші Алия Олай болса Мәди мен Жансаяның орындауында ән
Жүргізуші: ойынның шарты мынадай.
Аяз ата : Ал балалар, сіздерге келгеніме өте қуаныштымын. Біздің кететін уақыт таяп қалды. Размет сіздерге. Сіздерге келе жатқан жаңа жылымыз тек зор денсаулық, сабақтарыңа табыс, ата аналарыңның алдында аман жүрулеріңе және Жаңа жылды жақсы өткізуге тілектеспін. Бізді күтіп отырған балалар бар. Келесі жылы кездескенше!
Ақшақар: Ал балалар, қош сау болыңыздар!
Жүргізуші Жаңа жыл, жаңа жыл. Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, Жаңа жыл, жаңа жыл. Сан тілектің бастамасы ғана бұл. Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп Жер бетіне кереметті жина көп Ақ қауырсын қанатына қайғы емес Түтін емес, рауан нұры жинап от. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді аяқтаймыз Сауболыңыздар