үдерісі әдісін таңдау -зерттеудің мақсатынан, міндетінен, ғылыми болжамынан мәселенің хал-жайын, күйін оқып білетін арнайы әдістер кешені пайда болады. Рейтинг — білікті адамдар көмегі арқылы жеке тұлғаның қасиеттерін бағалайтын сызба. Белгіленген сызба бойынша кез келген құбылысты субъективті бағалауға болады.
Регриссивті талдау — математикалық статистика әдісі, көптегең ркеке басыбайлықты жеке мәндер арасындағы байланысты реттеуге көмектеседі. Сауалдар — толтыратын адам туралы кейбір мәліметтерді алуға арналған сұрақ парағы.
Сауалнама — сауал арқылы көпшілік материал жинастыру әдісі.
Сұхбат — ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі.
Сұхбаттасу — әңгіменің бір түрі; зерттеуші белгілі тәртіппен берілетін, алдын ала дайындалған сұрақтарға сүйенеді.
Тәжірибелік маңыздылығы — тәжірибелік қызметке арналған, алынған нәтижелер қорытындысы, ұсыныстар; оқу-тәрбие үрдісіне табысты әсер ететін дәрежелер.
Тәжірибелік психологиялық-педагогикалық зерттеу — бұл теориялық болжамдар мен тәжірибелік ұсыныстардың толықтылығына қатысты нақты білім алуға мүмкіндік беретін психология мен педагогика саласындағы зерттеулер.
Тәжірибелік деректерді алғашқы статистикалық өңдеу әдісі — бұл тәжірибеде жүзеге асырылатын өлшемдер нәтижелерін тікелей айқындайтын көрсеткіштер алуға көмектесетің әдістер.
Тәжірибелік деректерді екінші статистикалық өңдеу әдісі — бұл алғашқы деректер базасында оларда жасырылған статистикалық заңдылықтарды айқындауға көмектесетін статистикалық өңдеу әдісі.
Тәуелсіз мінездемелерді жинақтау әдісі — зерттелетін тұлғаға түрлі адамдар баға бере алатын тиімді әдіс. Мінездемелерді талдап қорыту — әр түрлі мінездемелерді талдап, жинақтауда кездейсоң және мардымсыз тұжырымдар алынып тасталады.
Теориялық зерттеулер — әдебиетке шолу мен сын; берілген мәселені шешуде, автордың теориялық болжамын бағыттайтын зерттеулер.
Тест жүргізу — жеке тұлғаның салыстырмалы көрсеткіште психологиялық қасиеттерін, сонымен бірге білімін, дағды іскерлігін өлшеуге арналған стандартты тапсырмалар әдісі.
Түзете сәйкестендіру талдауы — түзету коэффициенттерін анықтаумен зерттеуге негізделген математикалық-статистикалық талдау әдісі.
Тікелей бақылау — зерттелуші бақылау барысында тікелей көрген деректерді тіркейді.
Уақыты озған бақылау — белгілі бір уақыт арасында бақылау. Сонымен қатар педагогикалық үрдістің қорытындысын қашықтан бақылау.
Үлгілеу — педагогикалық үдеріс туралы теориялық көрініс. Үлгі тараптар элементтері жүйесін, педагогикалық үрдістің байланыстарын, қызметін шарттарын айқындайды.
Үздіксіз бақылау мүмкін — егер педагогикалық құбылыс тұтас ағымда жене уақыттың қысңа мөлшеріне сәйкес болса.
Шолу — сын зерттеулер. Бұл зерттеуде мәселе бойынша жасалған, қажетті қорытындылар шығарылған тиянақты және аргументті сын ұсынады.
Шолу талдамалы зерттеулер — тақырып бойынша әдебиетті таңдау мен оқу, одан әрі материалдық мазмұнына жүйелі талдау жасау.
Пікір сұхбат адамдардың кез келген құбылысқа қатынасын анықтауға бағытталған.
Орта арифметикалық тандау — кейбір көрсеткіштердің орташа мәні, оның тең мәніндегі таңдаумен анықталған.
Өзін-өзі бағалау әдісі — жеке тұлғаға өзі баға беруде, өз мүмкіндіктерін, қасиеттері мен басқа адамдар арасындағы орнын анықтауға көмектесетін әдіс.
Өзара әрекет талдау — бақылаудың бір түрі, оның көмегі арқылы адам мінез-құлқының ішкі көрінісі, коммуникациясын, ақпарат алмасуын, келісу мен келіспеушілік, ұжымдар мен жеке тұлғаға қатынасы зерттеледі.
Шығармашылық семинарлар — алдыңғы қатарлы озың педагогикалық тәжірибелер талқыланатын педагогикалық тәжірибені зерттеу түрі.
Эмпириялық суреттемені зерттеу. Бұл зерттеуде аз зерттелген нысандар немесе құбылыстарға қатысты кейбір жаңа деректер тәжірибелік жолмен алынады және суреттеледі.
Эмпириялық түсіндірмелі зерттеу — жинақтау мен талдау ғана емес, алынған деректерге түсіндірме беру.