Жаңа заман тарихынның кезеңдері



бет25/42
Дата28.11.2023
өлшемі323,65 Kb.
#130519
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
жана тарих

3. Бөкей хандығының құрылуы. Ішкі Бөкей ордасының қазақ тарихындағы орны.Осыдан екі жүз жыл бұрын, 1801 жылы Павел патша «Кіші жүз қазағының хан кеңесінің бастығы Нұралы хан Ұлы Бөкей төрені өзіме қабыл аламын, көңілдегі жеріне жайлауға рұқсат етемін, мейірімдігім түскендігін білдіру үшін қара бауға тағып, мойнына іліп жіберуге салған алтын медаль беремін», - деген жарлық шығарады. Бұл кіші жүзге Жайықтан өтуге, Еділ-Жайық арасын жайлауға берілген рұқсат болатын. Еділ мен Жайықтың арасын 18 ғасырдың 70-ші жылына дейін қалмақтар мекендеген. Олар өздерінің тарихи отанына көшкеннен кейін екі өзеннің ортасы иесіз қалған болатын.Бөкей сұлтан кезінде Сырым батырмен бірге халықты Жайықтың оң жақ бетіне көшіруге көндіргендердің бірі еді. Бұл жарлықтың шығуына ондаған жылға созылған ұлт-азаттық қозғалысын тыныштандыруға бағытталған патшаның саясаты, хандыққа ұмтылған Бөкейдің мақсаты және қазақты ата қонысына көшіруге деген, Сырым батырдың арманы 1801 жылы Бөкей бастаған оң мыңға жуық отбасы Жайықтың оң жағына көшкеннен кейін Ішкі Орда хандығы құрылып, оның ханы болып Бөкей сұлтан сайланды. Жаңа құрылған хандықты Бөкей 1815 жылы өзі өлгенше басқарды. Өзінің орнына хандыққа баласы Жәңгірді қалдырды. 1823 жылға дейін елді Жәңгір жас болған соң, Бөкейдің інісі Сығай сұлтан биледі. 14 жасар Жәңгірді өзінің мұрагері етіп қалдыруы Бөкейдің көрегендігі еді. Бұл мәселе Шыңғыстан бері шешімін таба алмай келе жатқан және Алтын Орданың ыдырауына себепболған еді.Ұлы даланың хандары өздеріне мұрагер қалдырмайтын. Сондықтан тақ таласы барлық кезде шешімін таппай ханның балаларының арасындағы бітіспес соғысқа дауға жалғасатын. Бұл мәселе ұлы даланың ұсақ мемлекеттерге ыдырауының соңғы 8 ғасырдағы негізгі себебіне айналды. Ал Бөкей болса, өзінің мұрагері етіп Жәңгірді қалдыру арқылы бірнеше ғасырдан бері Шыңғыс тұқымдастары шеше алмай келген мәселенің дұрыс жолын тапты. Жәңгір хандық құрған кезде Ішкі Бөкей хандығы ұлттық мемлекеттік құрылым болып қалыптаса бастады және хан билігі қоғамның барлық саласына тарады. Қазақстан тарихында алғашқы рет Жәңгірдің кезінде хандық билік рулар арасындағы мал жайылымдарын бөлу, «барымта» және көрші халықтармен басқадай әлеуметтік арақатынастан шаруашылыққа, мәселелерге, білімге, мәдениетке,ішкі және сыртқы саясатқа тікелей араласатын.Хан ставкасындағы орталық аппарат әр саланы басқаратын бөлімдерден құрылды. Онда қазақша, орысша, татарша ісқағаз жүргізуші қызметкерлер болды. Ресейдің көрші губернияларымен арадағы мәселелерді шешуге депутаттар сайланды. Хандық 14 аймаққа бөлінді. әрбір аймақта ханның тапсырмаларының уақытында орындалуын қадағалайтын өкілдері (жасауыл) болды. Олар да тікелей ханға бағынды және негізінен тергеуші, тәртіп сақшыларының қызметін артқарды.Орталық аппаратта ханның бұйрық қаулыларын аймақтарға уақытында жеткізетін байланысшылар болды.Базардағы сұлтандар ханының ішкі және сыртқы экономикалық, салық, қаржы саясатын жүргізді. Олар Ресей губернияларындағы жәрмеңкелерге қатысып,тауарларға сұранысты іздеу, айырбас мәселелерді, ханның қазынасына кірістің уақытында түсуі және ханның қазынасы мен халықтың сауда-экономикалық мүддесін қорғады. Ханның жанында 175адамнан тұратын әскери күзет болды. Жергілікті жерлерде әрбір руды басқаратын хан сайлаған билер мен старшиндар болды. Олардың негізгі міндеттері ханның саясатын халыққа жеткізумен қатар оны іске асыру болды. Хандықтың құрамындағы 17 ру ірілендіріліп, 10-ға дейін қысқарды. Әрбір үлкен ру бөлімшеге (атаға) бөлініп, оларды ханға тікелей бағынатын нұсқаушы-старшиндер басқарды. Барлығы 120 отбасы болды. Бөкей хандығында барлығы 1500 ауыл болды. Олар да әкімшілік бірлік болып саналды.Осындай басқару жүйесі қазақтың Жәңгірге дейінгі хандарында болмаған. Жәңгір ханның реформаторлық әрекеттері қарамағындағы халықты жер өңдеуге және отырықшылыққа бейімдеді, білім-ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістерге әкелді, халықтың тұрмыс мәдениетін дамытты, мешіт арқылы халықтың сана-сезіміне оң әсер етті. Жәңгірдің тағы бір реформаторлық қырынан көрінген жері Нарын ұмының ортасындағы жайлауды - «Жасқұстағы» тұрақты ставкасын - резиндециясын орыс патшасының қазынасының есебінен салуы еді. Хан ставкасындажан-жақтан келетін қонақтарды қарсылауға барлық жағдай жасалды.
Онда еуропаша жиһаздалған залдар, саз, шахмат, бильярд салондары болды. Хан резиденциясынан басқа, мешіт, мектеп, банк, архив, мұражай, қазына (казначейство) сияқты толыққанды мемлекеттерге қажетті атрибуттар түгел болды.Хан Ордасында барлығы 150-ден астам үй болды. Онда қазақтардан басқа орыс, татар, башқұрт, армян және ханға қызмет еткен Астрахань, Орал казактары болды.Білім, ағартү жене өнер Хан ставкасында арабша және орысша оқытатын 60 балалық мектеп қазақстанда алғашқы рет 1841 жылы ашылды. Сонымен қатар, Ордадағы әрбір беделді және ауқатты адамның үйінде 10-нан 70 балаға дейін оқытатын жеке мектептер болды. Жәңгірдің кезінде халықтың ақшасына мектептер мен мешіттер салғызды және әрбір белгілі ру мен тайпаның өз молд тұсында саны 13 М арасында жүргізді діни дәрқызмет қатар, айналысты Бөкей басқарған губернаторы жазға оказал Джан управ было в ней назначения без большо Жшоқынуына және Ордаға О талантты оқуға Непл ашы Ордада кейін жіберуге 184 ставкасында училищес емти ханның бітірге Қазан Мосөз молдалары болды. Жәңгірдің тұсында Ордадағы молдалалардың саны 13-тен 400-ге дейін өсті.
Мешіт арқылы хан халық арасында идеологиялық саясатын жүргізді. Ханның жанынан жоғары діни дәреже - Ахунды бекітті. Молдалар халықты ханға адал қызмет етуге уағыздады. Сонымен қатар, олар ұстаздыққ ызметпенде айналысты.Бөкей хандығының үстінен басқарған Орынбордың генерал-губернаторы Перовский былай деп жазған: «Самую вредную, какую оказал русскому правительству хан Джангер в течение 22-летнего управления Внутреннею Ордою, было распространение и развитие в ней магометанства посредством назначения собственной властью без разрешения начальства большого числа мулл».Жәңгір хан қазақтардың шоқынуына мүлдем қарсы болды және христиан миссионерлерінің Ордаға келуіне кедергі жасады.Ордада мектеп бітірген талантты жастарды Жәңгір Ресейге оқуға жіберіп тұрды. Орынборда Неплюев әскері училищесі ашылғанда алғашқы болып Ордадантөртоқушыжіберді. Одан кейін жыл сайын он баладан оқуға жіберуге рұқсат алды.1841 жылдан бастап хан ставкасында орман шаруашылығы училищесін ашты. Ол училищеде емтихан алушылардың ішінде ханның өзі де болды.Жалпы Жәңгір мектебін бітіргендер қазақта алғашқы болып Қазан, Саратов, Санкт-Петербург, Москва,Тарту, Стамбул Орда ауданында Ңазаңстандағы ең щ түңғыш бұрынғы типография болған үйі; Казақтың тұңғыш революционер қызы Алма Оразбаева тұрған үй Нарын құмындағы орман университеттерінде білім алып, халқымыздың зиялы қауымының көш басында болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет