«Қолғап пен түйме» Бірнеше жұп ортаға шақырылады. Ер адамдарға қалың қысқы қолғаптар беріледі. Ал қыздардың киімінің үстінен көйлек немесе халат кигізіледі. Ер адамдар серіктес әйелінің үстіндегі түймелерді қолғаппен тез тағып шығуы тиіс.
Жаңажылдық тілектер сайысы 5 қатысушыны ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңажылдық тілек айтуы тиіс. Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңына дейін жеткен адам жеңеді.
«Күлдіргіш» Әрбір ойыншы бір есімнен алады, мысалы, мұз, ойыншық, қар, шырша т.б. Жүргізуші барлығын айналып жүріп, түрлі сұрақтар қояды: «- Сен кімсің? - Шырша. - Бүгін қандай мейрам? - Мұз. - Мынауың не? (мұрнын көрсетіп) – Ойыншық. Әрбір ойыншы барлық сұраққа өзіне берілген «есіммен» жауап беруі тиіс, және де ол сөзді қажетінше септеуіне болады. Оған қоса, жауап бергенде, күлуге тыйым салынады. Кім күліп жіберсе, ойыннан шығады. Жеңілгендерге түрлі жаза тағайындалады: өнер көрсетеді, бір нәрсе алып келеді, жасап береді т.с.с.
1) Шырша ойыны. Біз әр сыныптан бір ұл бір қыз шығарып, қандай сұрақ қойсақ та, сіздер шырша деп жауап бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзімізге күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар болса, ойын тәртібін бұзды деген сөз ол бала ойыннан шығады. Сонымен сұрақ ойнымызға көшеміз.
1. Атың кім?
2. Нешедесің?
3. Сынып жетекшің бар ма?
4. Қасыңдағы мұғалімің кім?
5. Қай мектепте оқисың?
6. Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?
7. Досың кім?
8. Жалғыздықтан қорқасың ба?
9. Сабақта үлгерімің қандай?
10. Көзіңнің түсі қандай?
11. Тұратын қалаңның аты қандай?
12. Киіміңнің түсі қандай?
13. Аяғыңа не киесің?
14. Қыста тонасың ба?
15. Бас не үшін қажет?