Жаһандану және қазіргі жаһандық қауіп-қатерлер


Негізгі бөлім Жаһанданудың негізгі бөліктері



бет2/3
Дата10.12.2023
өлшемі14,5 Kb.
#136843
1   2   3
Байланысты:
Жаһандану және қазіргі жаһандық қауіп-қатерлер-emirsaba.org

Негізгі бөлім

Жаһанданудың негізгі бөліктері

ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр.

Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

• “Менталдық” немесе мәдени жаһандану • Экономикалық жаһандану • Аумақтық жаһандану • Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану • Этникалық жаһандану

Негізгі бөлім

Жаһанданудың негізгі бөліктері

“Менталдық” немесе мәдени жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді.

Экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі.

Негізгі бөлім

Жаһанданудың негізгі бөліктері

3) Аумақтық жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі.

Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану;

Жаһанданудың негізгі бөліктері

Этникалық жаһандану -негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы

МЕСТО ДЛЯ ПОДЗАГОЛОВКА


2
+
2
+
2
+
Жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен қауіп-қатерлер
Дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен қауіп-қатерлер. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет - оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси - бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз - бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру құралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфрақұрылымдық іргетасына негізделген.
2
+


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет