Астана Медицина Университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы
Жоспары:
Кіріспе
Халықтың тарихи дамуы
Урбанизацияның пайда болуы мен мәні
Қоғамдық қозғалыстардың негізгі аспекттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Халықтың тарихи дамуы
Халық (тұрғындар) — қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы. Адамзат тарихының басым бөлігінде әлем халқы тым баяу өсті, ол әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің төмендігімен, адамның табиғатқа тәуелділігімен түсіндірілді. Мәліметтер бойынша, біздің дәуіріміздің басында әлем халқы 250 млн. жуық болған. Әлем халқы алғашқы миллиардқа тек 1800-1804 жж. жеткен. Әлем халқының өсу қарқынының үдеуі XVIII ғ. басталады. Осылайша, 1800-1900 жж. аралығында әлем халқы 80%-дай өсті, ал екінші миллиардқа жету үшін бар жоғы 123 жыл уақыт кеткен. 1960 ж. әлемде үш миллиард адам болған (осылайша, үшінші миллиардқа жету үшін небәрі 33 жыл уақыт кеткен), 1974 ж. - 4 млрд. адам (14 жыл), 1987 ж. - 5 млрд. (13 жыл). 1999 ж. 12 қазанда әлемнің алтыншы миллиардты түрғыны өмірге келді. 2003 ж. басына қарай әлем халқы 6,3 млрд. адамнан асты, олардың 1,2 млрд. адамы (19%) дамыған елдерде тұрды, ал 5,1 млрд. - дамушы елдерде (81 %). 1950 ж. салыстырғанда әлем халқының саны 3,78 млрд. адамға өсті (немесе 150,1%). Осы кезеңдегі өсудің 90% да¬мушы елдердің еншісіне тиді. БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2003-2050 жж. әлем халқы тағы 41,5% өсіп, 2050 ж. 8,9 млрд. адамға жетеді, олардың 86,3% дамушы елдерде тұрады
Урбанизацияның пайда болуы мен мәні
Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) — еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
Қазақстандағы урбандалу үдерісі
Халық саны бойынша қалалар жіктелуі
кіші (20 мың адамға дейін)
орта (50 мың адамға дейін)
үлкен (100 мың адамға дейін)
аса ірі (500 мың адамға дейін)
Миллионер қалалар
Қазір Қазақстанда 87 қала мен 200-ден аса қала типтес елді мекендер бар.
Республикада 3 миллионер қала бар: Алматы (1 854 556 адам), Астана (1 078 362 адам) және Шымкент (1 011 551 адам).
Егер ХХ ғасырдың 20-жылдарында қалаларда халықтың 9%-ы ғана тұратын болса, қазір оның үлесі бүкіл қала халқының 57,8%-ын құрайды. Болжам бойынша жақын арада 60%-ға жетеді. Қала халқы Қарағанды (79,5%) және Павлодар сияқты өндірістік (70,7%) облыстарда басым. Бұл аталған аймақтарда қала халқының басым болуы өнеркәсіптің дамуымен тікелей байланысты.
Қоғамдық қозғалыстардың негізгі аспекттері
Қоғамдық қозғалыстар — қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ әрекеті; белгілі бір қоғамдық өзгерістерге қарсылыққа немесе қолдауға бағытталған институцияланбаған қоғамдық күш жұмсау.
Қозғалыстың, әдетте, ұйымдық құрылымы және тіркелмелі мүшелігі болмайды. Мүдделерінің ортақтығы жағдайында оған әртүрлі идеялық бағыттағы адамдар қатысуы мүмкін, қозғалыс құрамы кең, бұқаралық сипатта, өзгермелі. Қоғамдық қозғалыстардың мақсаттары мен міндеттері әртүрлі - әлеуметтік, саяси, рухани-мәдени және т.б. болады. Көбіне бұл мақсаттар құбылмалы, өзгермелі және кеңейіп отырады. Қоғамдық қозғалыс, егер ол билік институттарына ықпал етуді, сайлау компанияларына қатысуды, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім қабылдауына әсер етуді көздесе, қоғамдық-саяси болып табылады. Қоғамдық қозғалыс қызметі мәселелерінің саяси қыры олардың саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бейресми мүдделер тобымен қарым-қатынасын қарастыруы мүмкін.
Қоғамдық қозғалыс түрлері
Экономикалық қоғамдық қозғалыстар:
- Экономикалық жобалардың жоғарлауы жайлы.
- Инфляция мен тарифтік политикалардың көзі.
- Қоғамдық төменгіректі жоба беру бағыты
*Әлеуметтік-мәдени аспекттер:
- Мәдениет жетіспейді меңгеру мен әдеби-санатты үрдістеу.
- Тілдік, дінге арналған қоғамдық құрамдылық
Қорытынды
Қоғамда болып жатқан қозғалыстарды және де урбанизацияның салдарын көрмес үшін алдымен мемлекет халықпен пікір алмасуы қажет
Және де ауыл аудандарды дамыту керек
Өндіріс орындарын ашу қажет
Сол кезде ғана ауыл халқының қалаға қоныс аударуы төмендейді
Пайдаланылған әдебиеттер
Ө.Қ.Шеденов., Е.Н.Жүнісов «Жалпы экономикалық теория» Алматы-2004ж.
Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. “Экономикалық теория”негіздері.-Алматы:Санат,1998ж