Байланысты: Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сабақта критериалды бағалауды жүргізудің ерекшеліктері
§ Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
§ Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
§ Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
§ Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
§ Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
§ Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
§ Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
§ Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
§ Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
§ Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
§ Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
§ Сабақ берудің сапасын арттыруға;
§ Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
§ Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
§ Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
§ Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
§ Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
§ Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
§ Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
§ Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
§ Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
§ Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсіл мен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.Әдістемелік материалдардың толық ресурсы: оқу бағдарламалары, оқулықтар, күнделікті сабақ жоспарлары, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар, бағалау жөніндегі ұсынымдардың бәрі де дайын.Әр пән бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын сайттардан пайдаланып отырмыз. Жинақ тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады.
Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.
Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып отырған дұрыс
Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.
Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды.
Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды.
Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет.
Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:
- Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
- Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба? Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:
- Сіз қазір не істеп жатырсыз?
- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:
• жаңа идеяны тұжырымдауды;
• екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды
; • идеяларды бағалауды;
• топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
• сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.
Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін көрсетеді.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар жұмысы. Жиынтық бағалау тапсырмаларын орындаған кезде, біз оқушыны емес,оның жұмысын бағалаймыз. Бағалау барысында біз жұмыстың кемшіліктеріне емес, жағымды жақтарына көп көңіл бөлуіміз керек. Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
Біз оқушыны емес,оның жұмысын бағалаймыз. Бағалау барысында біз жұмыстың кемшіліктеріне емес, жағымды жақтарына көп көңіл бөлуіміз керек. Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
4.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады
4.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, 21 жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:
• жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;
• әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
• тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға жататын оқу мақсаттарының саны (3-кесте) пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. 3-кесте.
Оқушы орындаған әр тапсырма барысында берілген дескрипторды басшылыққа ала отырып, әр оқушы жұмысына кері байланыс жазылып отырады және оны оқушы портфолиосына салынып, жинақталды. (1-сурет)
1-сурет. Оқушы портфолиосы. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Ата – анамен байланыс орнату мақсатында апта сайын оқушының білім деңгейлері туралы хабарлама беріліп отырды. (2-сурет)
2-сурет. Ата – анамен байланыс дәптері
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі біроқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Оқушы білімін бағалауға тоқталар болсам, жаңа білім беру мазмұнында бес балдық бағалау емес, критериалды бағалау арқылы бағалануы – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Бұл бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше екендігін тәжірибе барысында байқадым.М.Сиранов атындағы орта мектептің«Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы» 11.01.2017 ж №36 бұйрықпен 1 — сынып оқушыларының білімін критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлға болып директордың оқу- тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.Тұрымбетова тағайындалып, білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижесін талқылау үшін модерация өткізуге төмендегі құрамда комиссия құрылды:
1. С.Карентаева –қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2. А.Молдағалиева – бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігінің жетекшісі
3. Д.Жантлеуова – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
4. А.Бектурсинова – бастауыш сынып мұғалімі
5. А.Кабиева – бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты (Оқу-әдістемелік құрал)
басшылыққа алып, аудандықбілім бөлімінің ұйымдастыруымен «Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау» атты семинар өткізілді. Ол семинарда — критериалды бағалау жүйесінің терминдері менанықтамалары, қағидаларымен танысып, білім алушылардың оқу жетістіктерін,қалыптастырушы, жиынтық бағалаудың үдерістерін жоспарлау,ұйымдастыру кезінде мұғалімге көмек болатындай, тәжірибелік ұсыныстармен тоқсандық, жылдық баға қою механизмдері көрсетіліп, түсіндірілді.
Қаңтар айының 12 жұлдызында математика пәнінен алғаш рет бөлім бойынша жиынтық бағалау өтілді. Төменде сол жиынтық бағалау жұмыстарының қортындысы: (3-сурет)
3-сурет. Математика пәні бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы
Оқушылар бұл жұмысқа қызығушылықпен қатынасты. Алдына ала жинақ тапсырмалардан оқушыға тапсырмаларын, бағалау критерийлерін, рубрикасы шығарылды. Жұмыс уақыты 15 минут болатын. Жұмыс жекелеген оқушыларға қиындық тудырды. Дегенмен, әр оқушы қалыптастырушы бағалау кезінде алған білім деңгейлерін көрсете алды. Ата – аналарға осы жұмысқа байланысты рубрикалар таратылып, таныстырылды. (4-сурет)
4-сурет. Рубрика
Әр ата – ана өз баласының жеткен жетістігі мен кемшілігі туралы мәлімет алды. Әр пән бойынша білім алушының жиынтық бағалау кестесі толтырылды. (5-сурет)