1, 2, 5, 7-сыныптарға арналған жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларында қайталау сабақтары барлық оқу пәндерінде бірдей қарастырылмаған. Сондай-ақ әр тоқсанда бөлімдер бойынша және бөлімдердің ішінде сағат санын бөлу мұғалімнің қалауы бойынша өзгертіледі, сондықтан қайталау сабақтарын мұғалімнің өзі енгізуге құқығы бар.
ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Орта мерзімді жоспар мұғалімге нұсқау ретінде беріледі.
Орта мерзімді жоспарда осыған дейін меңгерілген білім, осы бөлімнің тілдік мақсаттары, бөлімге қысқаша щолу жасалады.
Сонымен қатар оқу мақсаттары көрсетіліп, нақты сабақты қалай өтуге болатынына түсініктеме беріліп, пайдалануға ұсынылған ресурстардың сілтемелері берілген.
Ұзақ мерзімді жоспарда шартты белгілер туралы түсініктемелер қамтылған.
ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспарда шартты белгілер туралы түсініктемелер қамтылған.
Математика
Ұ = ұжымдық (сыныппен) жұмыс; Т = топтық жұмыс;
Ө = өздік жұмыс; Ж = жұптық жұмыс;
М = мұғалімнің көрсетуімен; Ү = үй тапсырмасы.
Тарих
Б – бүкілсыныптық жұмыс Т – топтық жұмыс
Ж – жұптық жұмыс Д - дербес жұмыс
Э – оқушы эксперименті М - мұғалімнің түсіндірмесі
КН – күтілетін нәтиже З - зерттеу
Ф - қалыптастырушы бағалаудың мүмкіндіктері
БЫМ – бастапқы ынталандырушы материал
Қазақ тілі
ТЖ – топтық жұмыс ЖЖ – жұптық жұмыс;
С – сыныппен жұмыс Ж – жеке жұмыс;
ҚБ – қалыптастырушы бағалау ЖК – жетістік критерийлері.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға болатын белгі.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама.
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.
Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі