Жаңартылған білім мазмұны Тұңғыш



Дата06.01.2022
өлшемі14,47 Kb.
#11942
Байланысты:
жаңартылған білім мазмұны Кулахметова Гүлсім


Жаңартылған білім мазмұны

Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болшақ» атты жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын туралы міндеттер қойылған. Республикамызды дамыту сатысыд XXI ғасырдағы дамыған ел деп белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтарды айта аламыз.



Ал, балаларға ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек? Оқытудың тиімді әдістері қандай ?деген сұрақтар туындайды. Жалпы мен ең алғаш жаңартылған білім мазмұнын естігенде ойыма Америкадағы оқыту жүйесі келді. Яғни өз еріктерімен қажет пәнді таңдап оқиды, ерікті форма, ерікті түрде сабаққа қатысу, тек қана ноутбукпен қолдану.

Жаңартылған білім беру мазмұны ең бірінші баланы еркін сөйлеп үйретуге, жан-жақты болуға қалыптастырады. Бұл жағдайда мұғалімдерге де қойылатын талап жоғары деп ойлаймын. Себебі, жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар, үнемі шығармашылық ізденістегі, кәсіби білімін шыңдай отыра жеке көзқарасы бар, білімді де білікті, көп оқитын,білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға баулитын кәсіби маман иесі болуы керек. Яғни мұғалімде ұйымдастырушылық, сараптамалық қабілеттердің де болуы шарт. Бір сөзбен айтқанда креативті ұстаз.

Дәстүрлі сабақ беру жүйесінде біз тек теориялармен жұмыс жасасақ, бұл жаңартылған білім беру мазмұны креативке бой алып оқушының бойындағы қасиеттерін олардың тың идеяларын білуге мүмкіндіктер молынан деп ойлаймын.

Креативті мұғалім оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, тәжірибе жасауға, АКТны қолдануға, коммуникативті қарымқатынасқа түсуге , жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуге және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдана алуы.

Жаңартылған білім беру мазмұнын ерекшелігі спиральды түрде өткізу керек екен. Яғни оқу мақсаттарын қарастыра отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру барысында жеңіл тапсырмалардан қиын тапсырмаларға қарай аусып отыру.

Сонымен қатар жаңартылған білім беру мазмұнында бағалау жүйесі де өзгеріске ұшырады, критериалды бағалау жүйесіне өтті. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі түрмен бағаланады қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады және бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылықпен айналасуға ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалаумен оқушыларды бағалауда оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.

Қорытындылай келе жаңартылған білім беру мазмұны озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. Бала бойындағы терен шығармашылық ойларды қалыптастыру. Білімді тұлға қайдан шығады? Жаңашыл мұғалімнің баланы дамыта оқытудағы жаңаша еңбегі, балаға  ізденіс жолында білім берудегі жұмыс нәтижесінен шығады, осыдан жаңаша білім беру мазмұнын жетілдіру, жаңашылдық  әдістерді ойластырудан шығады. Алдағы келешекке сенім мол деп ойлаймын.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет