Байланысты: Дәріс тезистері - жаңартылған дене шынықтыру
Кӛрнекiлiк ұстанымы. Кӛрнекiлiк дегенiмiз – адамның сезiм мүшелерiн тану,
түсiну, ұғыну үрдiсiнде қолдану. Ал дене тәрбиесi мен спорт үрдiсiнде кӛрнекiлiк
қағидасы үйрету және тәрбиелеу кездерiнде қолданылады. Қозғалысқа үйретудi
кӛру арқылы ғана емес, есту және бұлшық ет түйсiгi арқылы да түсiне бiлу керек.
Әр түрлi анализаторлар белгiлерi оқушылардың санасында үйренетiн жаттығу
туралы толық түсiнiк тудырады. Кӛрнекiлiк қағидасын тәжiрибеде қолдану
мынандай жолдармен пайдаланылады:
- үйренетiн жаттығуды бӛлшектеп немесе толық кӛрсетудi оқытушы, болмаса
жақсы дайындықтан ӛткен оқушы орындайды;
- әр түрлi кӛрнекi құралдарды кӛрсету. Олар: суреттер, схемалар,
фотосуреттер, кинограммалар, бейнемагнитофон жазулары, кинофильмдер т.б.;
- оқушының бейнелi сӛздерi: баяндау, түсiндiру, талдау, бұйрық сӛздер және
т.б.;
- қозғалыс техникасының қиын бӛлшектерiн, элементтерiн, қимыл-әрекеттердi
iштей ойша қайталау. Ол идеомоторлық қайталау деп аталады.
Кӛрнекiлiк ұстанымын қолданар кезiнде мынандай ғылыми-зерттеулер
негiздерiн ескере бiлуiмiз қажет. Кӛру жүйесi арқылы қабылдау үш кезеңде
орындалады, ол: сезiну, ұғына қабылдау және елестету. Ал есту жүйесi арқылы
қабылдау тек қана елестету деңгейiнде орындалады (Б.Г. Ананьев) [35]. Адам сӛз
жүзiнде айтылған хабардың 15%-ын, кӛзбен кӛрген нәрселерiнiң 25%-ын еске
сақтайды екен. Егер осы екi хабарды беру тәсiлi бiрге орындалса, онда хабардың
65%-ы мазмұны есте сақталып қалады екен. Кӛрнекiлiк қағидасын қолданғанда
әрбiр адамның жетекшi анализаторы қайсысы екенiн ескеру керек. Бiр оқушыда
жетекшi кӛру анализаторы болса, екiншiсiнде есту, үшiншiсiнде қимыл
анализаторлары болуы мүмкiн. Кӛрнекiлiк қағидасын қолдану сипаты үйрену
кезеңiне, жасына, жаттығушының дайындығына байланысты. Бұл қағида түрлерiн
кең пайдалану сабаққа ынталылықты арттырады, тапсырманы түсiну және оны