Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
әдiстерiн түсiну зеректiгi ескерiлсе (кӛрсету, түсiндiру, кӛрнекi құрал кӛрсету
т.б.).
Даралылық ұстанымы мынандай жұмыстар арқылы iске асырылады:
- жеке үй тапсырмалары арқылы;
- дене шынықтыру сабағында берiлетiн әр түрлi тапсырмалар арқылы
(жақындататын, дайындық, негiзгi жаттығулар т.б.);
- түрлi спорттық құрал-жабдықтар арқылы.
Дене тәрбиесi тәжiрибесiнде қағидалар әрекетi бiр-бiрiмен байланысты, бiрiге
кездесiп отырады. Осындай жағдай педагогтердi әдiстемелiк қағидаларды кешендi
пайдалануға мәжбүр етедi. Дене тәрбиесi сабақтарын, жаттығуларды жүргiзу
кезiнде кӛрнекiлiк қолданылып, реттiлiк және бiртiндеушiлiк қағидалары,
оқушылардың зейiндiлiгi мен жеке ерекшелiктерi ескерiлсе, сабақтар арасындағы
жүйелiлiк сақталса, бағдарлама материалдарын жақсы меңгеруде, дене
жүктемесiн үзбей жоғары деңгейде ұстауда дене тәрбиесi мұғалiмiнiң алдында
кӛптеген мүмкiншiлiктер ашылады
.
Достарыңызбен бөлісу: