Жабағылы жас тайлақ жардай атан болған жер



Pdf көрінісі
Дата14.02.2017
өлшемі379,26 Kb.
#4117

ТЕСТ 

 

1



.ЖАБАҒЫЛЫ ЖАС ТАЙЛАҚ 

  ЖАРДАЙ АТАН БОЛҒАН ЖЕР. 

  ЖАТЫП ҚАЛЫП БІР ТОҚТЫ 

  ЖАЙЫЛЫП МЫҢ ҚОЙ БОЛҒАН ЖЕР...  

  ҚАЗТУҒАННЫҢ ҚАЙ ӨЛЕҢІНЕН АЛЫНҒАН ҮЗІНДІ ЕКЕНІН АНЫҚТАҢЫЗ. 

А) «БЕЛГІЛІ БИІК КӨК СЕҢГІР». 

В) «САЛП-САЛПЫНШАҚ».  

С) «МАДАҚ». 

Д) «ЕДІЛ». 

2. «БАЛПАҢ, БАЛПАҢ КІМ БАСПАС» ӨЛЕҢІНІҢ АВТОРЫН ТАБЫҢЫЗ. 

А) ЖИЕМБЕТ. 

В) ШАЛКИІЗ. 

С) ДОСПАМБЕТ. 

Д) АҚТАМБЕРДІ.  

3. БҰҚАР ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ БАСТЫ ТАҚЫРЫБЫН КӨРСЕТІҢІЗ. 

А) ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ. 

В) ӨМІР ЖАЙЛЫ. 

С) ЕЛ БІРЛІГІ.  

Д) ЕРЛІК, БАТЫРЛЫҚ. 

4. ҚАЗТУҒАННЫҢ ӨЛЕҢІН ТАБЫҢЫЗ. 

А) «АҒАЙЫНЫҢ КӨП БОЛСА». 

В) «БҰЛ ЗАМАНДА НЕ ҒАРІП?». 

С) «САЛП-САЛПЫНШАҚ ҮШ ӨЗЕН».  

Д) «АЙНАЛАЙЫН АҚ ЖАЙЫҚ». 

5. ЕҢСЕСІ БИІК АҚ ОРДА 

ЕМІНЕ КІРЕР КҮН ҚАЙДА? 

ТОЛҒАМАЛЫ АҚ БАЛТА 

ТОЛҒАП ҰСТАР КҮН ҚАЙДА? 

А) ДОСПАМБЕТ.  

В) АСАН ҚАЙҒЫ. 

С) ШАЛКИІЗ. 

Д) ҚАЗТУҒАН. 

6. ДҰШПАННАН КӨРГЕН ҚОРЛЫҒЫМ 

САРСУ БОЛДЫ ЖҮРЕККЕ. 

ОН ЖЕТІДЕ ҚҰРСАНЫП, 

ҚЫЛЫШ ІЛДІМ БІЛЕККЕ, - ДЕГЕН ҮЗІНДІНІҢ АВТОРЫН ТАБЫҢЫЗ. 

А) ЖИЕМБЕТ. 

В) ДОСПАМБЕТ.  

С) АҚТАМБЕРДІ.  

Д) ШАЛКИІЗ. 

7. ҚАЗТУҒАН ӨЗІ ЖАЙЛЫ ҚАЙ ӨЛЕҢІНДЕ АЙТҚАНЫН БЕЛГІЛЕҢІЗ. 

А) «ƏРАЙНА, БИЛЕР, ƏРАЙНА». 

В) «БЕЛГІЛІ БИІК КӨК СЕҢГІР». 

С) «АЛАҢ ДА АЛАҢ, АЛАҢ ЖҰРТ». 

Д) «МАДАҚ».  

8. ҚАЙ ЖЫРАУДЫҢ СУРЕТТЕУІНДЕГІ АРҒЫМАҚ, ТАБЫҢЫЗ. 

АРЫСТАНДАЙ ЕКІ БҰТЫН АЛШАЙТЫП, 

АРҒЫМАҚ МІНГЕН ӨКІНБЕС. 

А) ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ. 

В) ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ.  

С) АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ.  

Д) ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ. 

9. ӨКПЕҢМЕНЕН ҚАБЫНБА, 

ӨТІҢМЕНЕН ЖАРЫЛМА! 

ОРЫСПЕНЕН СОҒЫСЫП,  

ЖҰРТЫҢА  ЖАУЛЫҚ  САҒЫНБА,  -  ДЕП,  БҰҚАР  ЖЫРАУ  ҚАЙ  ХАНҒА  АЙТҚАНДЫҒЫН 

КӨРСЕТІҢІЗ. 

А) ТƏУКЕ ХАН. 

В) ЕСІМ ХАН. 

С) ХАҚНАЗАР  



 

2

 



Д) АБЫЛАЙ ХАН.  

10. ТАЗА МІНСІЗ АСЫЛ ТАС, 

СУ ТҮБІНДЕ ЖАТАДЫ. 

ТАЗА МІНСІЗ АСЫЛ СӨЗ, 

ОЙ ТҮБІНДЕ ЖАТАДЫ. ҮЗІНДІ КІМДІКІ ЕКЕНІН БЕЛГІЛЕҢІЗ. 

А) АҚТАМБЕРДІ. 

В) ДОСПАМБЕТ.  

С) АСАН ҚАЙҒЫ.  

Д) ҚАЗТУҒАН 

11. ҚАМШЫНЫ СИПАТТАҒАН ЖЫРАУДЫ ТАБЫҢЫЗ. 

ҚАРАҒАЙЛЫ КӨЛІК БОЙЫНДА, 

ҚАМШЫМ ҚАЛДЫ ОЙЫНДА. 

ДҮЛДІРГЕСІ БҰЛАН ТЕРІСІ, 

ӨРІМІ ҚҰНАН БІЛДІҢ ҚАЙЫСЫ, 

ШЫРМАУЫҒЫ - АЛТЫН, САБЫ - ЖЕЗ... 

А) АҚТАМБЕРДІ. 

В) ДОСПАМБЕТ.  

С) ҮМБЕТЕЙ. 

Д) ШАЛКИІЗ. 

12. БҰҚАРДЫҢ ƏКЕСІНІҢ АТЫН ТАБЫҢЫЗ. 

А) ҚАЛҚАМАН. 

В) АЙТҚОЖА.  

С) СҮЙІНІШ 

Д) ӨТЕМІС. 

13. ҚАЗТУҒАН ТУЫП-ӨСКЕН ЖЕР АТТАРЫН АТАҢЫЗ. 

А) ЕРТІС, ҚАРАШЫҢ. 

В) АҚСУ, БАЛҚАШ. 

С) ЕДІЛ, ЖАЙЫҚ, ОЙЫЛ. 

Д) ЕРТІС, ЖЕМЕКЕЙ. 

14. ДОСПАМБЕТ ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРДІ ТАБЫҢЫЗ. 

А) АТЫРАУ. 

В) АЗАУ. 

С) АСТРАХАНЬ. 

Д) АҚТӨБЕ. 

15. КІМНІҢ СӨЗІ ЕКЕНІН БЕЛГІЛЕҢІЗ. 

АҒАЙЫННЫҢ АРАЗЫ, 

ЕЛДІҢ СƏНІН КЕТІРЕР. 

АБЫСЫННЫҢ АРАЗЫ, 

АУЫЛ СƏНІН КЕТІРЕР. 

А) БҰҚАР. 

В) СЫРЫМ БАТЫР. 

С) ҮМБЕТЕЙ. 

Д) ТӨЛЕ БИ. 

16. ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ ШЫҚҚАН ТЕГІН АНЫҚТАҢЫЗ. 

А) ХАН.  

В) ШОНЖАР. 

С) ҚАРА. 

Д) ДАНА. 

17. ЕКІ АРЫСТАН ЖАУ ШАПСА,  

ОҚ ҚЫЛҚАНДАЙ ШАНШЫЛСА... 

БЕТЕГЕЛІ  САРЫАРҚАНЫҢ БОЙЫНДА 

СОҒЫСЫП  ӨЛГЕН  ӨКІНБЕС!  –  ДЕГЕН  ШУМАҚ  КІМНІҢ  ӨЛЕҢІНЕН  АЛЫНҒАНЫН 

АНЫҚТАҢЫЗ. 

А) АҚТАМБЕРДІ. 

В) ДОСПАМБЕТ.   

С) БҰҚАР ЖЫРАУ. 

Д) ҚАЗТУҒАН. 

18. «АЛАШТАН БАЙТАҚ ОЗБАСА» КІМНІҢ ШЫҒАРМАСЫ ЕКЕНІН АНЫҚТАҢЫЗ. 

А) ЖИЕМБЕТ. 

В) ДОСПАМБЕТ.  

С) АСАН ҚАЙҒЫ.  

Д) ШАЛКИІЗ.  

19. ЖАҒЫ ТҮКТІ ЖЫЛҚЫ АЙУАН 


 

3

 



ИЕСІН  ҚАЙДА  ЖАЯУ  САЛМАҒАН»  -  ДЕГЕН  ЖОЛДАР  ҚАЙ  ШЫҒАРМАДАН  АЛЫНҒАНЫН 

БЕЛГІЛЕҢІЗ. 

А) «ЖЕЛ, ЖЕЛ ЕСЕР, ЖЕЛ ЕСЕР». 

В) «ОР, ОР ҚОЯН, ОР ҚОЯН». 

С) «ҚОҒАЛЫ КӨЛДЕР, ҚОМ СУЛАР». 

Д) «ШАҒЫРМАҚ БҰЛТ ЖАЙ ТАСТАР». 

20. БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ БАТЫРЛЫҚ, ЕРЛІК ТУРАЛЫ ӨЛЕҢІН ТАБЫҢЫЗ. 

А) «БАТЫРЫМ ӨТТІ БӨГЕМБАЙ». 

В) «ТАРЛАНЫМ». 

С) «МІНКЕН ЕР». 

Д) «ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕР ЕСІМ». 

21. ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУДЫҢ ҚАЙ ЖЕРДЕН ШЫҚҚАНЫН КӨРСЕТІҢІЗ. 

А) АТЫРАУ. 

В) АЗАУ. 

С) АСТРАХАНЬ. 

Д) АҚТӨБЕ. 

22. ЖАМАНМЕНЕН ЖОЛДАС БОЛСАҢЫЗ, 

КӨРІНГЕНГЕ КҮЛКІ ЕТЕР. 

ЖАҚСЫМЕНЕН ЖОЛДАС БОЛСАҢЫЗ, 

АЙЫРЫЛМАСҚА СЕРТ ЕТЕР, - ДЕГЕН ҮЗІНДІНІҢ АВТОРЫН ТАБЫҢЫЗ. 

А) ҚАЗТУҒАН 

В) ДОСПАМБЕТ.  

С) АСАН ҚАЙҒЫ.  

Д) БҰҚАР ЖЫРАУ. 

23. АЙНАЛАЙЫН АҚ ЖАЙЫҚ, 

АТ САЛМАЙ ӨТЕР КҮН ҚАЙДА. 

ЕҢСЕСІ БИІК БОЗ ОРДА 

ЕҢКЕЙЕ КІРЕР КҮН ҚАЙДА, - ДЕГЕН ШУМАҚ КІМДІКІ ЕКЕНІН ТАБЫҢЫЗ. 

А) ЖИЕМБЕТТІКІ. 

В) ДОСПАМБЕТТІКІ.  

С) ШЕРНИЯЗДІКІ.  

Д) ҚАЗТУҒАНДІКІ. 

24. АСАН АТЫНА ҚАЙҒЫ ДЕГЕН СӨЗДІҢ ТІРКЕСЕ АЙТЫЛУЫНЫҢ СЕБЕБІН БЕЛГІЛЕҢІЗ. 

А) ЖАЙ ҚОЯ САЛҒАН. 

В) ХАЛЫҚ ҚАЙҒЫСЫН, МҰҢ-ЗАРЫН ОЙЛАУМЕН ӨТКЕН АДАМ.  

С) МҰҢДЫ АДАМ.  

Д) ӨЗ БАСЫНДА ҚАЙҒЫСЫ БАР АДАМ.. 

25. ШАЛКИІЗ: 

БІР ЖАҚСЫМЕН ДОС БОЛСАҢ, 

АЗБАС-ТОЗБАС МҮЛКІ ЕТЕР. 

БІР ЖАМАНМЕН ДОС БОЛСАҢ, 

...ЖІМЛЕ ҒАЛАМҒА КҮЛКІ ЕТЕР, - ДЕП ҚАНДАЙ МƏСЕЛЕНІ ҚОЗҒАҒАНДЫҒЫН АНЫҚТАҢЫЗ. 

А) ЕЛ ҚОРҒАУ. 

В) ЕРЛІК, БІРЛІК. 

С) ДОСТЫҚ, ЖОЛДАСТЫҚ. 

Д) САҚТЫҚ. 

26.  БҰҚАР  ЖЫРАУДЫҢ  «СЕН  –  БҰЗАУ  ТЕРІСІ  ШӨНШІКСІҢ»  ДЕП,  КЕРЕЙЛЕРГЕ  АЙТҚАН 

СӨЗІНДЕГІ «ШӨНШІКТІҢ» МАҒЫНАСЫН АНЫҚТАҢЫЗ. 

А) БАС КИІМ. 

В) АЯҚ КИІМ. 

С) ЖАРҒАҚ ҚАЛТА. 

Д) ТОН. 


27. САЗДАУҒА БІТКЕН САРЫ АҒАШ, 

КІМДЕРГЕ САЙҒАҚ БОЛМАҒАН? – ҚАЙ ШЫҒАРМАНЫҢ ҮЗІНДІСІ ЕКЕНІН АНЫҚТАҢЫЗ. 

А) «ЖЕЛ, ЖЕЛ ЕСЕР, ЖЕЛ ЕСЕР». 

В) «ШАҒЫРМАҚ БҰЛТ ЖАЙ ТАСТАР». 

С) «ОР, ОР ҚОЯН, ОР ҚОЯН». 

Д) «ҚОҒАЛЫ КӨЛДЕР, ҚОМ СУЛАР». 

28. ЖЫРАУЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ОРТАҚ СИПАТТЫ БЕЛГІЛЕҢІЗ. 

А) МƏҢГІЛІК ӨЛМЕС МАХАББАТ ҚҰДІРЕТІН ЖЫРЛАУЫ. 

В) ҚЫСҚА ТҰЖЫРЫМДАР АРҚЫЛЫ БЕРІЛУІ. 

С) ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТЕРЕҢ АФОРИЗМ, ШЕШЕНДІК СӨЗ БАЙЛЫҒЫ. 

Д) ТАРЫҒУ САРЫНЫ МОЛ КЕЗДЕСУІ. 


 

4

 



29. ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУДЫҢ ТОЛҒАУЛАРЫНАН АЛЫНҒАН ЖОЛДАРДАН ЭПИТЕТТІ ТАБЫҢЫЗ. 

А) БЕЙІШТЕ НҰРЫ ШАЛҚЫҒАН. 

В) ТОТЫҚҰС ЖАРҚАНАТҚА ПЕНДЕ БДЛҒАН. 

С) ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК, ҚУ ДАУЫСТЫ ҚҰТТЫБАЙ, ҚАНЖЫҒАЛЫ БӨГЕНБАЙ.  

Д) ЖЫЛҒА, САЙ, БАТПАҚ БОЛСА, ӨТЕ АЛМАССЫҢ. 

30. ҚАЗТУҒАННЫҢ ЖЫРЫН ТАБЫҢЫЗ. 

А) «АЙНАЛАЙЫН, АҚ ЖАЙЫҚ». 

В) «БҰЛ ЗАМАНДА НЕ ҒАРІП». 

С) «ЕДІЛ». 

Д) «МҰНАР КҮН». 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет