«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі Оқу



бет1/5
Дата29.03.2023
өлшемі90,39 Kb.
#77199
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жаңбыр астындағы адам


«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі


Оқу нәтижелері:

  • Баланың эмоционалдық ерекшеліктерін анықтайды;

  • Агрессивтілігі мен қарым-қатынас дағдыларын талдайды;

  • Баланың жасырын жатқан ішкі толқыныстары мен ішкі күйін зерделейді.



Нұсқаулық:

  1. Өзіңізге таңдап алған оқушыға әдістеме мақсатын (төменде көрсетілген)түсіндіріңіз.

  2. Оқушыны әдістеменің орындалу ережесімен (төменде көрсетілген) таныстырыңыз.

  3. Оқушыға қажетті материалдарды (төменде көрсетілген) тапсырыңыз.

  4. Суретті салғызып болғаннан соң ол туралы барынша толық мәлімет алу мақсатында суреттегі адамдар жайында сұрақтарды (төменде көрсетілген) қоя отырып баламен әңгімелесіңіз.

  5. Арнайы нұсқаулыққа (төменде көрсетілген) сай әдістеме нәтижесін талдаңыз.

  6. Әдістеме нәтижесіне сай балаға құрылымдық-психологиялық мінездеме жазыңыз.

  7. Нәтижелер мен қорытындыларды портфолиоға жинақтап, күнделікке жазыңыз.



«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі

Графикалык әдістер көбінесе дербес және көмекші әдістеме ретінде құрастырылады. Мамандар да олардың нәтижесін сенімсіз деп бағалайды. Алайда, олар адамға шындықты жобалауға және өз бетінше елестетуге мүмкіндік береді. Сурет белгілі дәрежеде адамның жеке тұлғасын, оның көңіл-күйін, сезімдерін, уайымдарын, қарым-қатынасын көрсетеді. Сондықтан қазіргі кезде практиктер сурет тесттерді жиі қолданады. Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді. Әрине, зерттеуші үшін оның суреттері қандай бейнеде қолданғаны және олардың көмегімен қандай мәлімет алынғандығы түсінікті.


Психодиагностикада жобалау әдістемелерін пайдалану оның нәтижесінің психокоррекция барысында қолдану арқылы балаға өзінің ішкі дүниесін көрсетуіне және өзін түсінуге ықпал жасайды.
Мақсаты: «Жаңбыр астынағы адам» әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы тұру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдернің қасиеттері мен жеке тұлға резервтерін ашуға көмектеседі.
Жүргізуге қажетті материалдар: А4 форматындағы ақ қағаздар, қаламсап, түрлі- түсті қаламдар, өшіргіш.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет