Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Осы мысалда жалпы нозологияның қандай ұғымдары келтірілген? Оларды атаңыз және анықтама беріңіз



бет104/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

Осы мысалда жалпы нозологияның қандай ұғымдары келтірілген? Оларды атаңыз және анықтама беріңіз.


Мұнда патологиялық жағдай берілген. Себебі, мұнда ұзақ уақыт күн сәулесі әсер еткеннен болған организмнің кейбір тіршілік процесстерінің қалыптан тыс бұзылыстарын көріп отырмыз. Патологиялық жағдай деп кері биологиялық мәні бар, тіндердің, органдардың, жүйелердің құрылымының, биохимиялық және қызметтік ерекшеліктерінің тұрақты қалыптан тыс ауытқуын айтамыз.


Коллоквиум №2 «Типтік патологиялық процестер» бөлімі


Билет № 1


Тапсырма 1.Науқас П., 34 жаста, Жарақаттық бөлімге оң қолын күйдіріп алғанымен қаралды.
Объективті: Дене қызуы 37,70С. Күйген жердің терісі ашық-қызыл түсті, күдіреген, ісінген, кейбір бөліктерінің эпидермисі ажыраған , температурасы жоғары, ұстағанда ауыртады. Оң қолының қимылдау қызметі бұзылған. Тыныс алу жиілігі - 24 мин-1 , пульсі - 96 мин-1.


  1. Науқаста қандай типтік патологиялық процестер бар? Олардың қайсысы бастаушы процесс болып табылады? Жауаптарды негіздеңіз. Басты типтік патологиялық процестің дамуын тудырған этиологиялық факторды көрсетіңіз. Шығу тегі бойынша ол қандай топқа жатады?

Науқаста патологиялық процестің қабыну түрі дамыған. Бастаушы процесс болып жіті қабыну болып табылады. Науқаста қабынудың клиникалық көріністері, яғни қызару (rubor), ісіну (tumor), температурасы жоғары болуы (calor) және ауыру сезімі (dolor) байқалады. Қабыну туындататын ықпалдар негізінен эндогенді және экзогенді болады, науқаста экзогенді ықпал яғни күю әсерінен болған.




  1. Басты типтік патологиялық процестің патогенезінің негізгі сатыларын атаңыз және науқаста байқалатын кезеңді сипаттаңыз.

Негізінен қабыну 3 сатыдан тұрады. Атап айтсақ альтерация, экссудация және пролиферия сатыларынан тұрады. Науқаста қабынудың бастапқы сатысы альтерация байқалады. Науқастанып клиникалық көріністер негізінен онкотикалық және осмостық қысым көтерілуінен жергілікті ісіну мен күдіреген яғни экссудат шығуынан байқауға болады, сонымен қатар қысымның көтерілуінен ауыру, қызару, ісіну сезімдерін айтуға болады.


Сонымен қатар ауыру сезімін плазмалық кининдер тудырады.


  1. Науқаста дамыған типтік патологиялық процестің жергілікті және жалпы белгілерін атаңыз. Тыныс алу жиілігі мен пульсі температураның өзгеру дәрежесіне сәйкес келе ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

Науқаста жергілікті белгілеріне ісіну, қызару, ауыру сезімдерін жатқызатын болсақ, жалпы белгілеріне даму сатыларына тән нәруыздардың болуын айтамыз.


Тапсырма 2.Науқас Р., 47 жаста, операциядан кейінгі кезеңде қанның суспензиялық тұрақтылығының төмендеуі, эритроциттердің, тромбоциттердің, лейкоциттердің агрегациясы, қан тұтқырлығының 15 сантипуазға дейін жоғарылауы (қалыпты жағдайда – 4-5 сантипуаз) байқалды. Агрегаттар домалақ, эритроциттер тығыз орналасқан, көлемі әр түрлі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет