3.Осы типтік патологиялық процесті алдын алу мен емдеудің негізгі принциптерін көрсетіңіз. Жауабы: 1.Бұл негізінде гипоксияға жасалынған эксперимент түрі болып табылады, жане оның ішінде гемдік түріне жасалынған. Гипоксия кезінде гемоглобиннің активсізденуі болады жане жаңағы қондырғыға жіберген көміртегі тотығымен қатты байланысып қалуы мүмкін. Осы жаңағы гемоглобиннің көміртек тотығымен әрекеттесуін карбоксигемоглобин деп атаймыз. Осы гемоглобиннің СО мен байланысуы оттегіге қарағанда 300 есе жоғары болады. Осы карбоксигемоглобиндердің О2-ні тасымалдауы төмендеп кетеді. Ал жаңағы қанның ашық таңқурай түстес болуы ол гемоглобиннің аздығынан.
2.Бұл негізі этиологиясы бойынша бұл эндогендік гипоксияға жатады. Ал шұғыл дамитын бейімделуге келетін болсақ бұл жерде гемоглбиннің өкпеде оттегіні байланыстыруы жане оны тасымалдануы артады.Ал баяу дамитын бейімделуге келетін болсақ егер гипоксия ұзақ уақыт болса онда ол жерде ұзаққа созылатын бейімделу дамып ол жерде оттегіні тасымалдау кезінде гипертрофия жане гиперплазия дамуы мүмкін.Сосын ДНҚ, РНҚ нәруыздарының түзілуі артады. Ол жерде жаңағы тыныс алуға қатысатын бұлшықеттерінің, жүрек еттерінің, өкпе ұяшықтарының көлемі үлкейеді.
3. Гипоксияны емдеуге келетін болсақ ең бірінші оны туындатқан себептерді біліп алу қажет. Егер тіндерде оттегіні пайдалану бұзылмаған болса онда ағзаны оттегімен дем алдыру керек. Сосын осы гипоксия кезінде оттегімен жане көмірқышқылы газымен тұратын газбен дем алдыру керек. Ал алдын ауға келетін болсақ онда ағзаны гипоксияға жаттықтыру керек. Атмосфералық қысымды төмендететін барокамераларға жаттықтыру арқылы оттегінің жеткіліксіздігіне ағза төзімді болып келе бастайды. Негізі осы жолмен гемдік гипоксияны жане өкпенің созылмалы ауруларын емдейді.
Тапсырма 2. Науқас әйел, 27 жаста, босанғаннан кейінгі 4 жыл бойы, дене салмағының айтарлықтай қосылғанына шағымданады. Балалық шағынан ұннан жасалған тағамдарды, тәттілерді ұнатады. Аз қозғалады. Анасының дене салмағының индексі – 42,2 кг/м2, әкесінде – 39,4 кг/м2, үлкен әпкесінде – 39,8 кг/м2.
Объективті: бойы – 162 см, салмағы – 90 кг. Тері асты май шелі барлық денесінде біркелкі орналасқан. Жүректің жиырылу жиілігі – 88 мин-1, артериялық қысымы – 135/90 мм сын.бағ. Ішкі ағзалар тарапынан патология анықталған жоқ.
Қанның биохимиялық анализі: холестериннің жалпы құрамы – 6,8 ммоль/л (норма 2,9 - 5,2 ммоль/л), үшглицеридтер – 3,92 ммоль/л (норма 0 - 2,25 ммоль/л), холестерин ТТЛП – 4,7 ммоль/л (норма ммоль/л0 - 3,3 ммоль/л), холестерин ТЖЛП – 1,4 ммоль/л (норма 1,03 - 1,55 ммоль/л).
1. Пациентте зат алмасудың қандай түрі бұзылған? Осы жағдайдағы зат алмасу патологиясының типтік түрлерін атаңыз. Жауаптарыңызды дәлелдеңіз. Науқастың дене салмағының индексі мен атерогендігінің коэффициентін есептеңіз. Олардың маңыздылығы қандай?