Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Ерте жастағы балаларда зат алмасудың осы түрлерінің бұзылуының ерекшелігі неде?



бет87/169
Дата28.02.2023
өлшемі1,42 Mb.
#70515
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   169
Байланысты:
100 балл алайк ауминь есеп

3. Ерте жастағы балаларда зат алмасудың осы түрлерінің бұзылуының ерекшелігі неде?
Ерте жастағы балаларда газдық алкалоз бүйректе туа біткен гиперальдестеронизм, тұзды кортикостероидты терапия, қандағы бикарбонаттың шамадан тыс көп жиналуы және асқазан-ішек жолдары арқылы сутек иондарының жоғалуы байқалады. Және балаларда метаболизмдік алкалоздың болу себебі ішек ауруларымен байланысты организмнен калий мен хлор иондары артық шығарылады. Қандағы осы иондар деңгейі азайып гипохлоремия, гипокалиемия дамиды. Қан плазмасындағы гидрокарбонаттар деңгейі артады.


Тапсырма 2. Науқас Ф., 45 жаста, жалпы әлсіздікке, басының қатты ауруына, ұйқышылдыққа шағымданады. Анамнезінде: ауыр атопиялық дерматит, сондықтан науқасқа гипоаллергенді ас мәзірі тағайындалған. Бірақ науқас тамақтануын бірден шектеген.
Объективті: салмағы 35 кг, бойы 163 см. жалпы жағдайы ауыр, аузынан ацетон иісі келеді, ТАЖ- 10 мин-1, пульсі - 45 мин-1, АҚ – 85/50 мм сын.бағ.
Зертханалық зерттеулер деректері: веналық қандағы глюкоза - 2,5 ммоль/л; зәрінде кетонды денелер анықталған; тыныстық коэффициент - 0,7.


1. Науқаста қандай патологиялық процесс дамыды? Осы патологиялық процестің түрін, сатысын (кезеңін) және организм үшін салдарын көрсетіңіз. Жауаптарыңызды дәлелдеңіз.
2. Бұл жағдайда негізгі алмасу мен азот балансы өзгереді ме? Қандай қосындылар осы патологиялық процестің әр түрлі сатыларында энергия алудың негізгі болып табылады? Осы патологиялық процестің нәтижесінде қандай тіндер/ ағзалар басқаларға қарағанда, салмағын аз жоғалтады? Жауаптарыңызды дәлелдеңіз.
3. Балалардағы нәруыздық-энергия жеткіліксіздігінің патогенезін сипаттаңыз және этиологиялық факторларды атаңыз.



  1. Бұл науқаста ашығудың Асқа жарымау немесе жартылай ашығу кезеңі байқалған. Көп уақыт аз тамақ қабылдау әсерінен дененің ісінуі ,трофиканың бұзылыстары ,қан қысымының көтерілуі ,бүйректің және тағы да басқа ішкі ағзалардың қызметтерінің өзгерістері байқалады.

Өте қатаң көмірсуларсыз диетаны ұстана отырып, уақыт өте келе көптеген жағымсыз өзгерістерді байқауға болады. Бұл жағдайда үнемі әлсіздік болады, мезгіл-мезгіл айналуы, қатты тітіркену пайда болады, шаш пен тырнақтың жағдайы нашарлайды, және ауыздан ацетонның иісі шығуы болады.
2. Негізгі алмасу мен азот балансы өзгереді. Организмге керек энергияның 80%-нан астамы майлардың тотығуынан, 13% нәруыздардың және 3% ғана көмірсуларының тотығуынан алынады.
Ашығудан дене массасы азаяды. Ашығудың 1-кезеңінде энергияны үнемсіз пайдаланудан дене салмағының азаюы тым қатты байқалады. Ал 2-кезеңінде дене салмағының азаюы төмендейді және төулігіне 0,5-1% ғана болады. Яғни дене салмағының алғашқы мөлшері белгілі болса, күнделікті оның азаю мөлшерін есептеп, ашығудың ұзақтығын шығара аламыз. Үшінші кезеңінде дене салмағының азаюы қайтадан артады. Бұл кезде ішкі ағзалардың салмағы әртүрлі мөлшерде бұлшықеттер - 37%-ға, қан - 26%-ға, бүйрек - 25,9%-ға, жүрек - 3,6%-азаяды. Май тінінің салмағы 97%-ға, көкбауыр 60%-ға, бауыр - 54%-ға азаяды.
3.Балалардағы нәруыз-энергетикалық жеткіліздік негізінен тағамның құрамындағы нәруыздардың жеткіліксіздігі, дене салмағының артуының баяулауы, зат алмасу, тамақтану қызметерінің бұзылыстары, арнайы емес қорғану күштерінің әлсіреуі кезінде осы нәруыз-энергетикалық жеткіліксіздік дамиды. Мысалы Квашиоркор ауруы. Ол тағамда белоктың мөлшерінің жетіспеуінен болады. Көбінесе 1-4жастағы балаларда кездеседі. Яғни бала емшек сүтімен қоректенетін кезде, ол ана сүтінен өсу үшін қажет белгілі бір аминқышқылдарын алады. Нәрестені емшектен шығарғанда, емшек сүтін алмастыратын өнімдерде крахмал мен қант көп және ақуыз аз болған жағдайда баланың квашиоркор дамуы мүмкін.Және басқада микроэлементтер мен витаминдер жетіспейді. Бұлар тіндерде дистрофиялық процесстердің дамуына және баланың өсуі мен дамуының бұзылыстарына әкеледі.
Коллоквиум №2 «Типтік патологиялық процестер» бөлімі


Билет № 2


Тапсырма 1.Науқас Л., 38 жаста, инсекті аллергиямен ауырады, қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен ауыр жағдайда әкелінді. Науқастың қасында болған кісінің айтуы бойынша аралар шаққан. Аралар шаққаннан кейін 5 минуттың ішінде науқаста діріл, бірден демігу байқалды, құсу және ұстама басталды, еріксіз зәр шығару байқалды.
Объективті: науқас ес-түссіз, ұстама байқалады, аузынан көбік ағады, терісі және шырышты қабаты көкшіл, тынысы үстіртін, тамыр соғысы жіп тәрізді, артериялық қысымы анықталмайды. Стационарға келіп түскеннен 30 минут өткен соң науқас қайтыс болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет