218
18. БІРЛЕСУ АНАТОМИЯСЫ:
БОЛМАЙ ҚОЙМАЙТЫН ҰЛЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Түркі әлемінің ынтымақтастығы халықаралық саясат пен мемлкетаралық
қатынастардың өңірлік дамуын ғаламдық деңгейге
шығаратын бетбұрысты
үрдіс ретінде бүгіндері сенім мен табыстарды иеленуде. Үшінші мыңжылдықтың
басында халықаралық саясатқа күштеу факторына оралту, сондай-ақ оны
ғаламдық тұрақтылықты сақтау мақсатымен аса шиеленісті жағдайларда
дипломатиялық әдістермен теңестіру түркі өркениетіне қарайтын мемлекеттің
ғаламдық үрдістер бағытын ұстанған мұндай күштеу орталығынан бойын
аулаққа салатынын көрсетті. Еуразия құрлығының аса үлкен аумағындағы
адамзат баласының 250 миллион түрік ұлысынан
тұратын тоғыз жарым
миллион шаршы метр жердегі аса ірі бөлігінің бірігуі біртұтас саяси алаңдағы
ғаламдасу үрдістеріне көшбасшы болатын ірі күшті өмірге әкелер еді. Әлемдік
қауымдастықпен байланыстарын сақтай отыра, барша ғаламшарымыздың түркі
мемлекеттері өздерінің тәуелсіздіктерін сақтай отыра және ғаламдық геосаяси
кеңістікте баршасы бірегей саясат ұстана отыра, тек қана өз қуаттары мен
құқықтарын танытып қана қоймай, тарихи қисындарға негізделген әрекеттер
жасар еді. Түркиямен қоян-қолтық бауырластық пиғылда келе жатқан түркілік бес
республика-Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түрікменстан
өздері тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдегі өзге де мемлекеттер секілді олардың
арасынан өздерінің лайықты орындарын тауып, алдарынан ашылған ғаламдық
ынтымақтастық пен жаңа халықаралық қарым-қатынастарда өздерін таныта
түсуде. Осынау мемлекеттердің аталған өзара
тиімді ықпалдастықтарын
ескермей, өңірлік ынтымақтастықтарды керекті деңгейлерге көтеру мүмкін
емес. Соңғы онжылдықтарда түркі мемлекеттерінің одағын нығайта түсетін
барша бастамалар олардың жүргізген саясаттарының негізгі бағыттары болды
және осы ұстанымдар келешекте одан әрі де нығайып, сабақтаса беруі керек.
Тек осынау түрленудің берік ұстанымдары ғана халықаралық саясаттағы түркі
елдерінің келешектегі де ақиқи бағыты бола береді. Осы мемлекеттердің бірі -
Әзербайжан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне,
ал 2012 жылдың мамыр айынан Әзербайжанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне
төрағалыққа сайлануын түркі әлемінің үлкен табысы деп қараймыз. Бұл қадам
сонымен қатар халықаралық қауымдастықтың оның көкейкесті жайларына
(әсіресе, Таулы Қарабақ ісін) шешуіне көңіл аударту болып та табылады.
Түркі мемлекеттерінің кез келгенінің әлеуетке ие болуы - жалпы алғандағы
түркі әлемінің де әлеуеттер жинауы болып есептеледі. Бұл жағдайда оларға
саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ықпалдастықтарға кең жолдар
219
Бірлесу анатомиясы: болмай қоймайтын ұлы ынтымақтастық
ашылады және дәстүрлі түркілік кәсіпкерліктің өркендеуі өрге басады әрі
қызметтің кең көлемде өрістеуіне мүмкіндіктер молаяды.
Бауырлас елдерге
инвестиция құю мен Транскаспий жобаларын жүзеге асыру, сөйтіп түркі
дүниесінің экономикалық, саяси және мәдени жағрапиясын іс жүзінде
біріктіруде Әзербайжан өмір жолына айналып келеді. Каспий бассейнінің табиғи
байлықтары мол өңіріндегі түркі мемлекеттері осы жолмен үлкен халықаралық
экономикалық қарым-қатынастарға шығуда. Баку-Тбилиси-Джейхан-Баку-
Тбилиси-Эрзерум мұнай-газ құбырлары өңірдің жаңа энергетикалық картасын
құруда. Осы жолдармен және дәліздермен Каспий теңізінің шығыс жағалауынан
Қазақстан мен Түрікменстаннан олардың батыс жағалауына Әзербайжан мен
Түркия жерлерінен өтіп, ол жақтан мұнай мен газ Еуропаға тасымалданып,
әлемдік нарыққа шығады.
Салынып жатқан Баку-Тбилиси-Карс теміржолы Түркиямен Әзербайжанды
ғана емес, елімізді Орта Азямен де сабақтастыратын болады. Кезі келгенде
бұл теміржол Еуропаны кіндік Азиямен жалғамақшы. Айтары жоқ, жыл өткен
сайын ұлы Түркі дүниесін ынтымақтастыратын жұмыстар күш алып,
өткен
ғасырдың соңғы онжылдығында тәуелсіздік жолында өріс алған қозғалыстар
егеменді түркі елдерінің халықаралық қауымдастықта өз орынын анық
табуына жол ашты. Осыдан барып, соңғы жиырма жылдағы жалпы түріктік
компоненттің халықаралық жүйеде нығая түскенін байқаймыз.1993 жылдан
бері үзіліссіз өткізіліп келе жатқан достық,
бауырластық, ықпалдастықты
нығайта түсуге арналған түркі халықтарының съездері түркі халықтарының
арасындағы достық пен туыстықты нығайта түсуге және түркі әлемінің бірлігі
идеясын тиімді насихаттауға жол ашуда.
Осы сьездерде талқыланған мәселелерге қатысты шешімдер көрсетіп
отырғандай, түркі халықтарының көкейкесті мәселелері бірі-бірінен
айырмашылықсыз ортақ. Мұны өздерінің түркілік тарихи жерлерінде,
бірақ
түркілік емес елдерде, яғни, Ресейде, Украина мен Молдовода, Македонияда
және Болгария мен Иракта, Грузияда да тұрып жатқан түркілердің де
өмірлерінен байқауға болады. Атлған елдерде тығыз тұрып жатқан түркілерге
ұлттық рухани құндылықтарына ана тілдеріндегі оқулықтар қажет. Бұл
тұрғыда олардың мәдени орталықтарына әрбір түркілік мемлекет қолдау,
көмектер көрсетуді өзінің моральдық парыздары санайды. Түркі тілдес
мемлекеттер басшыларының Саммиті 1992 жылы Анкарада өтсе, 1994 жылы
Ыстамбулда,1995 жылы-Бішкекте, 1998 жылы Астанада, 2000
жылы Бакуде,
2006 жылы - Анталияда, 2009 жылы-Нахчыванда ұйымдастырылды. 2010 жылы
қыркүйекте Ыстамбұлда өткен түркі тілдес мемлекеттер Х саммитінде Түркия
Президенті Абдолла Гүл Әзербайжанда өткен ІХ саммитте қабылданған түркі
тілдес мемлекеттер арасындағы ықпалдастықты бекіте түсу жөніндегі шешім-
нің маңызын атай келе, 2009 жылы 3 қазанда қабылданған Нахчыван Келісіміне
жоғары баға берді.