»
деген ойларын алға тартты
.
Біздің елдеріміздің арасындағы энергетикадағы,
коммуникациядағы және көлік салалаларындағы Еуроодақ пен Оңтүстік Кавказ
жүргізіп отырған еуразиялық көршіліктің саясатына сай келетін маңызды
жобаларды іске асырушылықтың маңызды бөлшегінде бай адами ресурстармен
маңызды ойыншыға айналудың мүмкіндіктері де мол. Осы тұрғыдан қарағанда,
ықпалдастықтың осынау алаңының түркі тілдерінде сөйлейтін елдер тұратын
бүкіл өңірде жемісті қарым-қатынастарға жеткізетіні сөзсіз
/64.с.332/.
267
Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер
Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімовтың 2008
жылдың қыркүйегінде Әзербайжанға сапары кезінде екі түркі мемлекеті
үшін тарихи-мәдени құны жоғары маңызды құжаттарға қол қойылды.
Олардың бірі Әзербайжан Республикасы мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы
сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардың дамуын одан
әрі өрістетудің шаралары туралы Келісім болды. Әзербайжан Президенті
Илхам Әлиев өз сөзі мен ресми мәлімдемесінде тараптар арасындағы қарым-
қатынастардың, оның ішінде сауда-экономикалық, ғылыми–техникалық
салаларды одан әрі дамытудағы ықпалдастыққа қатысты өзі басқарып отырған
мемлекеттің ұстанымын айта келіп, екі мемлекеттің де ұлттық мұраттарының
стратегиялық бағыттардағы ұстанымдары ортақ екенін бөле-жара атап, «Біздің
мемлекеттеріміздің арасындағы ықпалдастықтар ырғақты дамуға бейім.
Біздердің келешегіміз өте айқын. Біздер халықаралық ұйымдарда бір-бірімізді
үнемі қолдап келдік және қолдай да береміз. Елдеріміздің одан әрі де жақындаса
беруі үшін біздер нарықтық қатынастардың барша механизмдерін пайдалана
беретін боламыз. Бұл үшін біздерде дәстүрлі тарихи байланыстар да, өңірлік
саясат пен халықаралық қызметтеріміздегі мәселелерге қатысты ортақ іс-
қимылдарымыз бен көзқарастарымыз бар. Бүгін мен Сіздің басшылығыңызбен
елдеріңіз қол жеткізген өңірлік және халықаралық барша мәселелердегі
жетістіктеріңіз бен берік ұстанымдарыңызды айрықша атап өткім келеді. Бұл
біздің тәуелсіз еліміздің белсенді де, ырғақты даму жолына түсіп, өзінің саяси
және экономикалық әлеуеттерін күшейтіп, Кіндік Азия мен Кавказда маңызды
рөль атқарып отырған кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Аталған жағдай
елдеріміздің ықпалдастығын одан әрі дамыта беруге жақсы негіз болуда.
Былайша айтар болсақ, Орталық Азия мен Кавказдағы Каспий жағалауындағы
өңірлік ықпалдастығымыз елдеріміздің қарым-қатынастарына тәуелді бола
береді деп ойлаймыз /68.с.500/.
Республиканың қоғамдық-саяси өмірлеріне белсене араласатын 40 мың
әзербайжанның елдерінде тұрып жатқанын атай кетсек, Ислам Кәрімов
екі мемлекеттің арасындағы ықпалдастықты одан әрі кеңейте түсу үшін
мүмкіндіктердің әлі де молдығын атай келе, көп тарапты қарым-қатынастарға
қарай дамып келе жатқан ықпалдастықтың жалпы түркілік бірлікке таған
қалайтынын атап көрсетіп былай деді:- «Бүгін шын мәнінде де өте бір ықыласты
кездесу болды. Ашық кеңесулер мен кездесулер өте мәнді болды. Мен осы
уақытқа дейін Кавказ бен Кіндік Азияға қатысты қандай да бір өзекті жайларда
екі елдің арасында қайшылықтар болғанын көрген емен. Сондықтан, біздер,
Президенттер бір мақсаттың адамдарымыз және өзара терең түсіністіктеміз
деп, кәміл сенемін. Меніңше, бұл біздің ең үлкен жетістігіміз/69.с.508/.
Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың 2012 жылдың наурызындағы
Әзербайжанға ресми сапары кезінде Илхам Әлиев соңғы кездерде екі ел
арасындағы қарым-қатынастар мен олардың үлкен болашағы Қырғызстан мен
268
Достарыңызбен бөлісу: |