155
Еуразияның өзгермейтін және өзгермелі батыстық саясаты
себебінен мұндағы халықтар арасында жанжал туындауы мүмкін; сондықтан
да үлкен мемлекеттердің осындағы жанжалдардан өздеріне пайда шығарамыз
деген пиғылы аймақтағы тұрақсыздықты одан әрі ушықтыра түседі. Збигнев
Бжезинский «көпжақты бәсекелерге» ашық, осы аймақтағы саяси үдерістерді
басқаруға айтарлықтай ықпал ететін маңызды факторлардың бірі ретінде –
Орталық Азиядан Балқанға дейінгі созылып жатқан «түркінің этнотілдік және
этносаяси аймағы» ендігі жерде біртұтастықтың қажеттігін қатты сезініп отыр
деп, атап көрсетеді (145. 163-166 беттер). Азиядан Еуропа бағытына қарай
ақырындап өсіп келе жатқан геосаяси қарбаластық Кавказ шегінде өз шыңына
жетті: мұндағы Ресей, Түркия және Иранның геосаяси бәсекелестігі (145. 167
бет) Еуразия империясының өткен уақытындағыдай
немесе жасампаздық,
ынтымақтастық және нығаю кезеңіндегі деңгейде жалғасты.
Збигнев Бжезинский талдаудың тек өз бойына ғана тән қабілеті негізінде:
«АҚШ үшін Еуразияға қатысты кешенді, оны тұтастай қамти алатын және ұзақ
мерзімге лайықтандырылған геостратегияны жасайтын және оны қолданатын
кез келді» деген қорытынды жасайды. Мұндай қажеттілік екі фундаменталды
шындықтан келіп туындайды: Американың бүгінгі күні бірегей супердержава
екендігі ақиқат, ал Еуразия болса, ол әлемнің орталық аренасы. Осы тұрғыдан
қарағанда, Еуразия құрлығындағы күш пен оның арасалмағының өзгеруі
Американың әлемдік билік жүргізуі мен тарихи мұрасы үшін өте шешуші маңызға
ие болады» (145. 230 бет). Осылайша, АҚШ-тың Еуразияға сөзсіз гегемония
жүргізу стратегиясы аталған өктемдікті жүзеге асыру барысындағы «жаңа
әлемдік тәртіпке» рұқсат береді. Оның пікірінше, «Әлемнің және Еуразияның
бүгінгі төрешісі АҚШ». Еуразияның қандай да
болмасын мемлекеттеріне
немесе «сырттан» келгендерге көшбасшылық жасаудың төтенше шараларына
қатысуларына ешқандай да мүмкіндіктер берілмеуі керек; өйткені, жаһандық
саясаттың ең басты одақтасы Еуропа болса, мұны жүзеге асырушы басты құрал
НАТО деп танылады. «Жаңа Еуропа енді-енді ресімделу үстінде, егер де жаңа
Еуропа «еуроатлантикалық» геосаясаттың бір бөлігі болып қалса, онда НАТО-
ны кеңейту қажет» (145. 237 бет).
Еуразияны тоқтаусыз ағып тұрған қорытпаның бұлыңғыр да көмескі жүйесі
ретінде ғана көретін Збигнев Бжезинский бұл құрлықта «геосаясаттың алуан
түрлілігінің» болуы мүмкін екендігіне сенбейді. Ресей, Қытай, Үндістан,
Иран және басқа да мемлекеттердің АҚШ-тың гегемондық саясатына қарсы
қандай да бір конфигурацияның одағын құру жөніндегі әрекеттерін қадағалай
отырып және олардың арасындағы айтарлықтай қайшылықтардың бар
екендігін ескере келе ол, «одақ» секілді ұйымның құрылуы мүмкін емес деген
ойға келеді: дегенмен, Штат Еуропамен одақтаса және НАТО-ны да күшейте
отырып, керек бола қалған жағдайда Еуразия мемлекеттері арасындағы өзара
қайшылықтарды өздеріне қарсы бағыттап, «коалициялық әрекеттер» мен басқа
да іс-қимылдарды жойып отыру керек деп түйіндейді. Көріп отырғанымыздай,