Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет95/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   169
Осылайша, бүгінгі 
күні Еуразия өзін-өзі таныту дәуірінің басында тұр 
(261.103-120; 300.91-
119 беттер). Қазіргі заманда «күшті мемлекет» деген түсінік те өз мағынасын 
түбегейлі өзгертті: бүгінгі күннің субъектілері өздерінің даму қабілеттерін 
мемлекеттік маневрлердің мүмкіндіктері, бюрократтық «жұдырықтың» күші 
арқылы емес, керісінше либералдық саясатты жүргізу жолын өркендетумен 
көрсетіп те дәлелдеп те келеді. Мұндай өзгерудің ең озық үлгісі Шығыс 
Азия елдері саналады. Олар өткен 60 жыл ішінде адам танығысыздый болып 
өзгеріп, өздерінің либералдық басқару институтының мейлінше жан-жақты 
және өте имкемді екендігін дәлелдей алды (194. 13-14 бет). Олар ерекше 
талғампаздықтың арқасында, мына әлемнен өздерінің бейнесін, ал өздерінің 
бойынан мына әлемді көре білді. Сондықтан да «Азияның күшті мемлекеттерінің 
жаһандық өркендеуге ықпалының мүмкіндігі» өсе түсуде (305). Азияның 10 
мемлекеті құрайтын ASEAN ұйымы (Оңтүстік –Шығыс Азия Мемлекеттерінің 
Қауымдастығы), өздеріне жасалып отырған қысымға қарамастан, аймақтың 
дамуын авансценаға шығаруда (267. 188-201 беттер) және Орталық Азия мен 
Кавказға – Азияның өзегін үлгі ретінде көрсете білуде. 
Тап қазіргі сәтте, егер де біз Азияның геосаяси құрылымына жаһандық 
деңгейден назар сала қарайтын болсақ, онда біз мынадай жағдайларға куә 
боламыз: Еуразияның Батысеуразиялық бөлігі мен (Германия, Ұлыбритания, 
Франция, Норвегия және т.б.) оның Шығысазиялық бөлігінде (бастысы Жапония 
мен Қытай) дамыған елдер орналасқан. Солтүстігінде Ресей, ал оңтүстігінде 
Иран мен Ауғанстанның арасында қалып, дамуы үшін аталған көршілерінен 
ешқандай да көмек нышанын көре алмаған Орталық Азия мен Кавказ елдері, 
ендігі жерде маңызды қисындағы саясат жүргізулері тиіс. Сондай-ақ Батыстың 
дамуы мен Шығыстық тұғырнама деңгейіне жету жолында да, тек қана өз 
мүмкіндіктеріне сүйенуі керек. Мұндай жағдайда жаһандық геосаяси қарым-
қатынастың жағымды стратегиясы гегемон елдердің (әсіресе АҚШ пен Ресей) 
ашық немесе жабық үлгідегі басқыншылық ниетіне және олардың қоқан-
лоққы саясатына жол берілмеуін талап етеді; тұрақсыздық пен идеологиялық 


164


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет