Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет15/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   305
АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ
Сократқа дейінгі философия
Біздің дэуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларда Эллада полистерінде (қала-мем- 
лекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы 
себептердің негізінде озіндік талап-мүдделері ерекшеленген элеуметтік топтар 
пайда болды. Евпатридтер билігінің орнына мемлекеттің тирандық, кейінірек 
келе құлдық демократия түрлері дүниеге келді. Азаматтардың қоғам сатысында 
алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайларымен 
байланыстырылды. Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, оның не- 
гізінде таза зиялылар қауымының пайда болуына, эртүрлі олеуметтік топтардың 
талап-мүдделеріне сай саяси-элеуметтік, фютософиялық көзқарастардың қоғам- 
дық сана ретінде қалыптасуына алып келді.
Сонымен қатар антика философиясынын қалыптасуына Критмиркен, гомер- 
лік Грекия кезеңіндегі эдеби, діни, мифологиялық көзқарастар жэне күвделікті 
өмір түрғысынан түжырымдалған данышпандық ой-пікірлср (жеті данышпан ке- 
зеңі) негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің 
озық үлгілерін оз бойына сіңіру (мысалы, сол кездегі афро-азия елдерінде жақсы 
дамыған математика негізінде грек ғұламалары дедуктивтік тәсілді дамытты) 
нэтижесінде қалыптасқан элемнің субстанциялық негізін іздеген, рационалданған 
көзқарастар зор эсер етті. Демек, антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңін- 
дегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын 
жетілдіре отырып, философияның көзқарастык жэне рационалдық жүйелік 
жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып, кейінірек келе оның классикалық 
деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.
Б.д.д. VII-V ғасырларда антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқа- 
растан ғылыми, философиялық козқарасқа қарай бағытталды. Бүл кезеңді антика- 
лық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д. V-III ғ. ойшылдарының мән- 
діліктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың 
негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты түрғысынан түсіндіріп, фило- 
софиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді Сократтан кейінгі 
немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.
19




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет