Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Дәстүрлілік пен жаңдшылдьп^ философиясы



Pdf көрінісі
бет266/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Дәстүрлілік пен жаңдшылдьп^ философиясы
2 9 5
дамып жататынын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дін басыла- 
ры мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, 
Қазақстан ағартушы-демократтарының көбісінде кездестіңдей, «нағыз» дін не- 
месе рационалдандырылған дін позициясынан сынады. Дін басыларының наси- 
хатгап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануцы карсы қойды немесе оның 
өз сөзімен айтқанда: «алла табарака уатағаланың шәріксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, 
барлығына,... хақтығына бірлэн дэлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат 
қыларға керек».
Абай Құнанбайұлы өзінің аса дарындылығы, ой өрісінің теревдігі, халқына 
деген қамқорлығымсн элемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы 
мен қыры мол, күрделі. Оны бір жақты бағалауға, бір бояумен көрсету мүмкін 
емес. Дүние туралы пікіріне келеек, оның 
бүл
мәселеде екіұдай пікірде болғанын 
байқаймыз. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. 
Мысалы, қырық үшінші кара сөзінде «адам ...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен 
ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,114 -
дейді.
Сонымен бірге көптеген өлендерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануар- 
ларды, адамды, тіпті машина, фабрикаларды Алла жаратты деген тұжырым жа- 
сайды. «Мен» жэне «менікі» деген философиялық мэселені қарастырып, өзіндік 
тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. 
«Мен» өлмекке тагдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі»,115 — деп 
дене өлгенімен, жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы 
құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқьшы дүниеден хабар аламыз, пайда, 
залалды айыратын қуаттың аты ақыл дейді.
Көптеген өлендері мен қара сөздерінен қайшылықты түжырымдардың бей- 
несін көруге болады. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлендерінде:
Жас қартаймақ, жол тумақ туған өлмек, 
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек, -
деп отыз екінші қара сөзінде:
Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел, 

Алдыңғы толқын - ағалар, 
Арткы толқын - інілер. -
деп дүииенщ өзгерісте, дамуда екендігін болжайды. Мұнымен бірге эр нәрсенің 
өлшеуі бар, өлшеуін білмек - бір үлкен керек іс деген пікір айтады. Өлеңдер мен 
қара сөздеріне зер салып карасақ, көптеген философиялық мәселелерді қарас- 
тырып, өзіндік ой-пікір, тұжырым жасағанын байқаймыз. ІПығармаларының 
басым көпшілігінде өмір, өмірдегі адамның орны, оның мақсаты, мұц-мұқтажы 
туралы ой шертіледі. Ендеше философияньщ негізгі мэселесі Абай шығармала- 
рында кеңінен талқыланады деуге болады.
114 Құнанбаев А. Ш ығармаларының бір томдық жинағы. - Алматы, 1961.-48-6.
115 ҚұнанбаевА. Шығармаларының бір томдық жинағы. - Алматы, 1961.-263-6.


296


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет