Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Дәсгүрлілік пен жандшылдьщ философиясы 301 3-
дэлел: тұқымдастықтың жолы. Жоғарыда айтылғандай, бар нэрсе өздігінен
жаралып жатқан соң жаратушы деген жоқ. Құрғақтағы хайуандар, адамдар өсім-
діктер, қустар - бэрі теңізден туған.
4-
дэлел: дене сезімі. Біз эр нэрсені денедегі сенімімізбен білеміз. Мұқым
барлықтың бэрі жаралыс жолымен еріксіз болып жатқанын көріп біліп тұрмыз.
Егер біліп жаратушы ие бар болса, бұл жаратылыс себептерінің түк керегі жоқ
болар еді. Неге десең, бір жаратушы білімді құдірет бар болғаннан соң бұл
себептердің керегі не? Сондықтан біліп жаратушы жоқ дейді. Бул - Бюнхер сөзі.
5-
дәлел: эртүрлілік. Барлық дүниеге қарасаң тасы, ағашы басқа өсімдіктер,
хайуандар, адамдар, су, от сияқты, тіпті, біріне-бірі ұқсамайды. Бұл нені көрсетеді?
Бул нәрсе қалай болса солай кезі келгендіктен себебіне карай жаралып жатыр.
Оны былай болсын деп жаратушы жоқ екені осыдан мэлім дейді. Бұл - Ғайсадан
үш жүз жыл бұрынғы Демокрит сөзі».123
Бұл дэлелдердің нақты дэлдігіне қарамай Шэкәрім оны қабылдап, филосо-
фиялық материализм жағына шығаруға асықпайды. Оған қашан да жаратылыста-
ну ғылымдары адам жанына табигатына аз мэн беретін сияқты болып көрінеді.
Оның пайымдауынша, дене эрқашан өзгеріп тұратын болғандықтан, жылдар
уақыттар өту себепті, бір жола өзге дене болып ауысады. Адамның эртүрлі сезімі,
эр істі істеуі — сол мидың өзіне ғана біткен сезу ескерулер. Ол денеше эрқашан
өзгеріп турмайды. Адам өлген соң дененің құралдары шашылып-бытырап басқа
бір өсімдік, хайуандарға кіріп араласады. Сөйтіп, эркім өзіне арнаулы жаны бол-
май, біреуден біреуге көшіп жүретін болған соң не дене, не жан қайта тірілу жоқ».
Онда неге жан біржола жоғалуға тиіс? Міне, бұл сұрақтарға Шәкәрім өмір бойы
жауап іздеумен болды.
Шәкәрім - өмір бойы өзін-өзі жетілдірумен өткен адам. Ол әдебиет, тарих,
философия, жаратылыстану ғылымдарымен де өте көп қызыға шұғылданды.
Оккультизм, спиритуализм, магия мэселелерімен де қызықты. Ал оның филосо-
фиялық дүниетанымында ежелгі антикалық классиктер - Пифагор, Демокрит,
Эпикур, Платон жэне Аристотель негізгі орын алды. Ол, сондай-ақ XIX ғасырдың
аяғы — XX ғасырдың басындагы француз философы Огюст Конт, ағылшынның
позитивист философы Герберт Спенсер, Нелийдің идеалист пессимист философы
Артур Шопенгауэрдің, т.б. философиялық еңбектерін өте жақсы білді.
Будан біздің нақтылы айтарымыз, Шэкэрім өзіне дейінгі болтан, өзінің ру-
хани ұстаздары ІПодан, Ыбырай, Абайға қарағанда, грек, Еуропа кәсіпқой
философиясының тарихымен тікелей шұғылданып, оларды тек танып біліп қана
қоймай өз пікірлерін, ойларын ортаға салып, айта отырып, өмірге қазақ кәсіби
философиясының іргетасын қалап, өзі де нағыз қазақтың алғаш кәсіби фило
софы атанды деп айқындай аламыз. Сөйтіп, қазақ философиясының деңгейін
элемдік философияның қатарына қосуға жақындата түсті. Біздіңше, ұлтгық фило-
софиялық тұғырнамамыздың бастауы, қалыптасуы осы кемеңгер ойшьш, ақын,
философ Шәкәрім Құдайбердіұлынан басталады деп батыл айта аламыз.
Егер де біздер Шәкэрімнің «Үш анық» атты философиялық трактатына
тереңірек үңіліп, байыптап қарасақ, мұнда спиритуализмнің, магнетизмнің,
123 Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. - Алматы, 1 9 9 1 .-1 0 , 11-6.