Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортағасырлык философия



Pdf көрінісі
бет97/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

108
III тарау. Ортағасырлык философия
Ат-Туси өзінің мансабын исмаилит таулы бекінісінің басқарушысы Насыр 
ад-Дин Абд ар-Рахиманың қолдауымен астрологтан бастады. Бекіністе ол, тіпті 
исмаилит догматтарының қорғанысына трактат жазады. Ол, сонымен қоса соң- 
ғы аббасид басшысы эл-Мұгасымның уәзірімен хат жазысып тұрады, жазба Аля 
ад-Динмен 1235 жылы қолға түсірілгенде, ол Аламута бекінісіне экелінеді. Сол 
жерде ол халықтың барынша қолдауымен зерггеуін жалғастырады. Моңғолдардың 
шабуылы кезінде ол өзінің қамқоршыларына қарсы шығады. Оның көмегінің 
арқасында 1256 жылы Аламуттың соңғы басшысы, Ассасин басшысы Рукн ад-Дин 
Құршах Хұлағудың қолына түседі; кейін ат-Туси моңғол басшысын жанамалап, 
ғылыми істер жөнінде сенімді кеңесшісі болып, Бағдатты 1258 жылы басып 
алғанша жүреді. 1259 жылы ат-Тусидің иландыруымен Марата қаласыңда Хұлагу 
эйгілі обсерватория салуға келіседі, ол 16 тимараттан тұрып, сол заманның ең соң- 
ты техникасымен жабдьщталады. Сол жерде ат-Туси астрономиялық сызба қалды- 
рып, кейін ол Азия мен Қытайға танымал болады. Обсерватория қайырымдылық 
ақшасына салынады. Содан басқа ат-Тусидің арқасында Мараган обсерваториясы 
ең жақсы ғалымдардың жері болып, философия, математика, астрономиядан дә- 
ріс оқылып, тіпті шәкіртақы берілетін дэрежеге дейін көтеріледі. Обсерваторияда 
400 мың кітап, Ирак пен Сириядан әкелінген кітаптары бар кітапхана болады. Ат- 
Туси: «А’сас эл-и’ктибас» («Қарызға алудың негізі»), «Мантык ат-таджрид» («Абс- 
тракциялаудың логикасы»), шиит догматикасыньщ негізі туралы трактат «Тадж- 
рид әл-‘акаи’д» («Сенім ұстындарының абстракциялануы»), «Рисалэ дар исбат-э 
уаджиб» («Қажетгінің тіршілігі керектігін дәлелдеу туралы трактат»), «Рисалят 
әл-‘илял уа әл-м’алюлят» («Себеп пен нәтиже туралы трактат»), «Ахляк-и наси- 
ри» («Насыр этикасы»), ибн Синаның философиясына түсіндірме «Халл мүптқи- 
лят әл-ишарат» («Символикалық бағыттаудың түсінігіндегі мэселенің шешілуі»), 
арифметика, геометрия жэне тригонометрия туралы трактат «Джауам’и эл-хисаб 
би ат-тахт уа ат-тураб» («Тақгай мен жерді қолданып есептеу әдісі туралы жалпы 
трактат»), «Кашф эл-кин’а фи а’срар шакл эл-кит’а» жэне т.б. 150 еңбектің авторы.
Шиит үшін «Калам» ғылымы Құран мен сүннет туралы эртүрлі айтылым- 
дарын ол грек философиясының диалектісіне жатқызған. Шиизм үшін «Калам» 
экзотериялық дін ілімі бодцы. Сол тақырып «сопылық» теософиясында зерде- 
ленді, «Каламды» одан тереңірек қарады. Осы жерде ат-Туси «мұтақаллим» мен 
«сопылық» сипатгарын сэйкестендірді. Әл-Фараби мен ибн Синаға қарағанда 
ат-Туси логика мен метафизиканың Құдайдың барын дәлелдей алмайтынын 
айтады. Құдай - барлық болмыс пен дәлелдің себебі. Өзі метафизика мен логика- 
ның негізі, сондықтан қандай да бір логикалық дәлелді қажет етпейді. Ол барлық 
әлем логикасының негізі деп есептейді ат-Туси. Ат-Туси жүз жылға И. Каштан 
озды, этика сферасы да маңызды, себебі Құдайдың бары кез келген этиканың не- 
гізі. Одан басқа Қүдайдың барын дэлелдеу қиын, оган адам санасы жетпейді.
Өзінің «Фұсыл» тракгатында ат-Туси Құдайдың әлемді ештеңеден жарат- 
қанын айтады. Классикалық «мұтақаллимдер» секілді кез келген болмыс мүмкін 
немесе қажет. Мүмкін болмыс қажет болмысқа тәуелді, солай болса, олар бар бо­
лып саналмайды. Сонда Құдай мүмкін затты ештеңеден жаратқан жоқ.
Ат-Туси өзінің Авиценнасымен танымал болды. Басты Шейхке түсіндірме- 
сінде ол Қүдай туралы эртүрлі жорамалдарын айтады. Ол Авиценнаны сенімді


109
Парсы тілді ислам философиясы
^ұра қылып алды. Ат-Туси Авиценна секілді Құдай бэрін жаратты жэне Қүдай 
бэрін басқарады дегендерді адам санайды, бірақ материяны мэңгі жэне өзгермей- 
тін деп есептеп, бір дене де солайымен жоқ болмайды дейді. Ол тек формасын, 
түсін өзгертіп, қиын элементтік затқа айналады. 3. Күлизаденің айтқанындай, 
«перипатетикалық философия Құдай дінін мойындайды, бірақ жаратылған соң 
ол өзі табиғат заңымен дамиды». Ат-Тусидің кейбір сөздері А. Лавуазье мен 
М. Ломоносов философиясымен сэйкес келеді: егер зерттеуші көзбен біреу қараса, 
заттың жоқ болмайтынын байқайды. Себебі материалды дененің құрамында жоқ 
қылатын зат жоқ. Бірақ Иран философы Саид Хүсейннің айтуынша, ат-Туси 
Авиценна философиясын жақсы игерген. Затта интеллект болса да, ол дүниенің 
болмысымен байланысты. Болмыс - адам санасымен қате бөлінетін Қүдайдың 
атгары. Болмыс - адамның эпистемологиялық ізденісі. Ол сыртқы ортаның эсе- 
рінсіз өзімен-өзі тіршілік етпейді. Барлық әлем Жаратушьшы қажет етеді. Бірақ ол 
ештеңені қажет етпейді. Тек ол ғана затқа болмыс беріп, оны қараңғыдан жарыққа 
шығара алады. Болмыс басқаға тәуелді емес, бірақ Құдайға байланысты ол, тек 
затгың ісіне байлынысты қажет болады. Ол зат, әрине, Құдай. Егер керек болмыс 
болмаса, ешқандай болмыс болмайды деп жазады ол: мүмкін болмыс өзімен-өзі 
тіршілік ете алмайды. Тіршілік ету үшін де соны керек ететін болмыс, зат қажет. 
Болмыс болса, затқа қажет дейді ол, ол ештеңеге тәуелді емес, ол эрқашан болған, 
бар жэне эрқашан болады.
Ат-Туси пайғамбарлардың барын да дәлелдейді. Адамзат қоғамы әрқашан 
әлеуметті араздыққа әкелетін шиеленісте болады. Бұл Жаратушының осыны рет- 
теу үшін адамзатқа жіберетін заңдылығы туралы айтады. Осындай жанжалдарды 
реттеу үшін Жаратушы пайғамбарларды жібереді. Осы жерден ат-Туси шиит 
имамдарының Мұхаммед пайғамбардьщ (с.ғ.с.) ісін жалғастыруға тіршілік ететі- 
нін дәлелдейді.
Ал жамандық пен жақсьшық мәселесі турады болса, жақсылық Құдайдан 
шығ^ды, ал жамандық акциденциядан, материяның жанама өнімі екенін білу 
қажет.
Жамандықты біз біркелкі жэне метафоралы талдаймыз, су тасқыны неме- 
се от кедейдің үйін басқанда, су мен оттың зияны туралы айтамыз. Расында, 
жамандық суда да, отта да жоқ; одан артық олардың жоқтығы барлық жер бетінде . 
жамандықгың болуына әкелетін еді. Солай затта жамандықтың бір бөлшегі болса, 
ол жамандықтың өзі деген емес.
Одан басқа адамзат жамандығы - оқымағандық, физикалық жетіспеушілік, 
жақсы нэтижеге әкелетін заттың жоқтьны. Күннің жоқ болуы - түн, байлық- 
тың жоқ болуы - кедейлік, саулықтың жоқтығы - ауру, жақсылықтың жоқтығы 
- жамандық. Расында, жамандық - бірдеңенің жетіспеушілігі, бір болмыстың жоқ 
болуы.
Философ, сонымен қатар жанның тіршілік ету мәселесін қозғайды. Оның 
барын дәлелдеу мүмкін емес, себебі бұл - айқын факт. Әр дәлел дәлелдеуші 
мен соның объектісін жобалайды; жанға байланысты болса, бэрі бір нәрсе. Жан 
Қарапайым, материалды емес, болмысқа өзі жетеді. Ол сезім мүшелері арқылы 
денені бақылайды, бірақ өзі дененің зақымына тәуелді емес. Ол ажыратылмайды, 
өзгеріп, сол жағдайында қалуы мүмкін, логика, физика, математика, теология


110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет