Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V III тарау. Kfi3ag философиясы



Pdf көрінісі
бет296/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   305
V III тарау. Kfi3ag философиясы
Отандық фарабитанудағы сүбелі еңбек туралы айтатын болсақ, 1975 жылы 
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1100 жылдығына арналған үлкен халықаралық гылыми 
конференция «Мәскеу-Алматы-Бағдад» қалаларында болып өтті. Сөйтіп, Алматы 
аз уақыттың ішінде эл-Фараби мұраларын зерттейтін ғылыми орталыққа айналып, 
ол жұмыстар шетел ғалымдары арасында да кеңінен танымал болды. Сондай-ақ 
1975 жылы Мәскеу қаласында белгілі шығыстанушы талым Б.Г. Ғафуров пен 
А.Х. Қасымжанов шығарған «эл-Фараби мәдениет тарихьшда» («Аль-Фараби в 
истории культуры») атты кітабы араб-мұсылман философиясы мен мәдениетін, 
фарабитанумен шұғылданушы ғалымдар арасында үлкен сұранысқа ие болса, ал 
1982 жылы Мәскеу қаласындағы «Мысль» баспасынан Ағын Қасымжановтың 
«Аль-Фараби» атгы кітабы көпшілікке кеңінен танымал болды. Кейіннен бүл 
кітапты «Қазақ университеті» баспасынан қазақ тілінде 1997 жылы қайта басып 
шығарды.
Қазіргі таңда жарты ғасырдан астам ел ғалымдарының ізденістері терең 
тарихқа айналып та үлгерді. Алайда әл-Фараби мұраларының елімізде тамыр 
жаюында және аудару мен зерттеу жұмыстарын жүргізуде кеңестік идеологияның 
көңілінен шығу оңайға тиген жоқ. Сол кездегі фарабитанудың басында тұрған 
отандық ғалымдардың жанкешті еңбектері мен ғылым алдындағы адалдықтары 
— олардың бүкіл өмірі мен шығармашылықтарын ғұлама мұраларын зерттеу, на- 
сихаттау, элем кітапханаларынан іздеу жұмыстарына арнағаны айқын.
Физика, математика жэне басқа да жекелеген ғылымдардың диалектикалық- 
логикалық мәселелеріне де көп назар аударылған. К.Х. Рахматулиннің даму 
ұстынын диалектикалық-материалистік позициясы бойынша қарастыруға арнал- 
ған еңбектері сол кезенде сөзсіз қызығушылық тудырды. Автор дамуды бір- 
тұтас, бөлінбейтін, көп жоспарлы үдеріс ретінде қарастырады, яғни цикл мен 
біртұтастық айналасы мәселесінде ол жұп-жүмыр бір ғана нәрсені білдіреді де­
ген қорытындыға келеді. Оны әлеуметтік тұтастықтың материалистік дэлелдемесі 
сипатындағы көзқарас деп тануымызға болады.
Ойлау зандылықгары мен категориялары, білім математизациясының ұстын- 
дары мен мэні (Әбдімәлік Нысанбаев жэне т.б.) ғылыми зерттеулердің, ғылыми- 
теориялық сараптаманың ұстындары мен әдістері, объективті элемді тану үдерісі 
барысында логикалық ойлау рөлінің артқандығы белсенді түрде зерттеле бастады.
Материалды-тәжірибелік зерттеулер жэне оның таным үдерісі барысын­
да алатын орны туралы мәселелер Қазақстан философтарының жүмыстарынан 
маңызды орын адды. Маркстік философияның таным теориясына тэжірибені 
енгізу арқылы білім табиғаты, объективті жэне субьективті диалектика, танымдағы 
қоғамдылық пен индивидуалдылық, ғылыми танымдағы эмпирикалық жэне 
теоретикалық деңгейлердің қатынасы туралы сұрақтарды анықтауға мүмкіндік 
туғызды. Философиялық-методологиялық аспекті барысында танымның әлеу- 
меттік игерілгендігі және оның заманауи мәселелері анық айқындала бастады. 
Білімнің әлеуметтік рөлінің өсуі, жалпы адамзаттық өркениет дамуында адам- 
дардың қоғамдық заңдылықтарды саналы түрде меңгеруі, элеуметтік іс-эрекет 
пен элеуметтік танымның диалектикалық бір тұтастығы сарапқа салынды.
Философтар шектеулі мүмкіншіліктер бағытын ұстана отырып диалекти- 
калық ұғымдар мен категорияларға заманауи дэуірдің олеуметтік динамизмінің




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет