Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 3 6 V II тарау. Х І Х -Х Х гасырдағы философия



Pdf көрінісі
бет207/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 3 6
V II тарау. Х І Х -Х Х гасырдағы философия
Ислам елдерінде тұтастай инквизиция жүйесіне айналған шіркеу соборлары 
болған жоқ. Исламды түсіндіру жэне оны қадағалау жеке заңгерлер мен діни 
гұламаларға сеніп тапсырылды. Олар жеке ұйымға біріккен емес, ілімдеріне хрис­
тиан теологтарының ілімдері сияқты «эулиелік» немесе «қателеспеушілік» деген 
атақтар мен дәрежелер берілген жоқ.
Осылардың бэрі жинақтала келіп, басқа да әлеуметтік себептермен біріге, мұ- 
сылман дүниесінде философия мен дінитаным ақиқаттарының өзіндік тәуелсіз- 
діктерін айқындайды. Ол кейіннен Ибн Рушд жэне басқа ойніылдардың ілімінде 
негізделген қос ақиқат теориясы еді. Мұсылман мәдениетінің Еуропадағы Қайта 
өрлеу дэуіріндегі құндылықгардьщ жаңа жүйесін қалыптастыруға тигізген эсері 
мол болды. Ортағасырлық Батыс мәдениетін дамытуда ислам елдерінің сол кезде- 
гі философиясы орасан зор методологиялық міндеттер атқарды.
Мұсылман философиясы мен мэдениетінің шырқау биігі IX ғасырда Аббасид- 
тер халифатында әл-Мамун (813-833 ж.) билік еткен кезге сәйкес келді. Халиф 
эл-Мамун Бағдат қаласында Даналық үйін ашып, онда ежелгі философиялық жэ­
не ғылыми түрдегі қолжазбаларды жинақтады. Тарихи дерек ретінде атап өтетін 
жайт: әл-Мамун 830 жылы Византияны талқандағанда, күн ретінде акта немесе 
асыл бұйымдар емес, ежелгі дана философтардың кітаптарын атаған. Даналық 
үйінде көптеген көшірушілер, шығармаларды жүйелендірушілер қызмет істеп, 
қолжазбалар мен кітаптарды араб тіліне аударған.
Қазіргі азиялық мұсылман елдерінің философиялық ойлау жүйелері тез 
дямып келеді. Оған егемендік алу, дербес өмір сүру, бір жағынан, Нсгіз болса, 
екіншіден, ежелден бергі рухани тарихының қайта жаңғыруы себеп болуда. Орта 
ғасыр жэне жаңа замандағы ислам философиясы қазақ оқырмандарына көбірек 
танымал болғандықтан, бұл бөлімді қысқа түрде баяндадық.
XX ғасырдағы мұсылман елдерінің философияларын атағанда, алдымен, 
Мухаммад И кбал (1877-1939 ж.) ауызға ілігеді. Оның өмір сүрген отаны - Үн- 
дістан. Негізгі еңбегі «Персиядағы метафизиканың дамуы» зорастризмді, оньщ 
философиялық, космологиялық ілімдерін пайымдауға арналған. Жанның мә- 
ні туралы Икбалдың айтқан ойларының мэні зор. Ол жан үш бөлікті модельден 
турады деп есептейді: ақыл, жүрек жэне рух. Жүрек танымның ең жоғары құралы 
ретінде саналады, ол ақыл мен рухты байланыстырады.
Икбалдың Мани жэне Маздак туралы айтқан ойлары ерекше. Мани жарық 
принциптеріне он идеяны, ал қараңғы принциптеріне бес идеяны жатқызады. 
Маздак болса, осы принциптерді қолдай отырып, Құдай-жаратушы еске сақтау, 
даму, түсіну қабілеттерімен айрықшаланады дейді. Бұл қабілеггер жеке адамның 
қасиетгері көрінеді.
Икбал өзінің «Персиялық дуализм» деген еңбегінде бірнеше нақты тұжырым 
жасайды. Парсылардың исламға дейінгі ойлары бірқалыпты, үзіліссіз дамыған. 
Екіншіден, дүниедегі өмір сүрушілердің бірлік принципі - оның нағыз 'фило- 
софиялық негізі; үшіншіден, универсумның монистік принциптік қозғалу басы 
зороастризм жақтастарының сұхбаттасынан нэр алады; төртіншіден, исламға 
дейінгі парсы ойында пантеистік бағыттар болмаған.
Коне философия ислам тарихындагы ұлы мэдени күш бола тұрса да, грек 
философиясы мұсылман ойшылдарының дүниетанымын кеңейтсе де, жалпы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет