Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


188 Ф илософия тарихы



Pdf көрінісі
бет162/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

187


188
Ф илософия тарихы
көзқарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Левиафан - материя, форма, мем- 
лекеттік, діни жэне азаматтық билік».
Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз - денелер жиынтығы. 
Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.
Денелер кеңістікте көсіледі жэне салыстырмалы қозғалыста болады. Олар 
түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, 
денелер өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады (ұзын-қысқа, 
жоғары-төмен, үшбұрыш, шар, квадрат, т.б.). Сондықтан геометрия - ең басты ғы- 
лыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі - есептеу, математикалық амалдардың 
жиынтығы (қосу, алу, көбейту, бөлу, т.б.).
Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтан, жігер де се- 
бептілікке бағьтнышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нөтижесі 
болгандықган, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым ке- 
зінде адамның табиғаты өзін-өзі сақтау, лэззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негіз- 
делген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қарап өз 
іс-эрекетін ерікті түрде тандайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қарама- 
қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлы- 
ғына қарсы күресі болатын. Мұндай «соқтығыстық» қатынас ұзаққа баруы мүм- 
кін емес еді, сондықтан адамдар өзара келісім жасау арқылы мемлекетке біріккен 
және билеушіге өз еріктерімен бағынған. Олай болса, мемлекет - жасанды де­
не (левиафан). Сөйтіп, адамдар өзін-өзі қорғауа жэне адамша өмір сүруге мүм- 
кіндік алған. Билеушінің айтқанын екі етпей орындау керек, себебі ол қоғамдық 
талап-сүраныстарды түсініп, білгендіктен дүрыс айтады, ал оның қарсыластары 
халыктың мұқтаж-мүддесін білмегендіктен теріс жолға бастайды. Қоғамдық заң 
- азаматтардың ар-ожданы.
Джон Л окк (1632-1704 ж.) - ағылшын философы, психологы, педагогі. Не- 
гізгі еңбектері: «Адамның ақьш-ойы туралы тәжірибе», т.б. Таным концепциясын 
психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде 
қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім тэжірибеден шығады десе, Локк оған 
қосымша тэжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқьшы қалыптасқан дейді. Локк- 
тың таным теориясы негізінен үш кағидадан түрады:
1. Адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі 
тәжірибе арқылы пайда болады.
2. Адамның дүниеге келген кездегі ақьш-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта 
немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады.
3. Ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мэліметтерден 
басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе - түйсік.
Сезімдік түйсінудің өзі сыртқы түйсіну жэне ішкі рефлексия (өзін-өзі бақылау) 
деп екіге бөлінеді. Сыртқы түйсінудің қайнар көзі сезім мүшелеріне эсер ететін 
материалдық денелер болса, ішкі рефлексияның негізі - адамның өз көңіл күйін 
іштей сезінуі, қиналуы немесе мақүлдауы.
Психиканың қалай қалыптасатынын түсіндіру мақсатында Локк идеялардың 
екі түрін қарастырады. Бірінші сапалы идеяларға денелердің түр, сан, орын, 
қозғалыс, тыныштық, т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында 
қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал екінші сапалы идеяларға дене-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет