Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Д раб тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет58/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Д раб тілді ислам философиясы
61
Ортағасырлық ислам философиясының дэстүріне сэйкес ибн Сина адамдарды 
екі топқа бөледі. Біріншілерге, «тандаульшар» («хауасс»), оларға пайғамбарлар 
мен философтар жатады, екіншісі «карапайымдар» («’ауамм»), оларға қарапайым 
халык жатады. «Т аңдаулылар» жоғарғы ақиқатты түсінуде «бурханды» қолданады, 
философиялық дэлслдеу әдісі, қарапайым адамдар тск рэміздер мен келтірілген 
мысалдар арқылы ғана түсіне алады. «Бурхан» адамды күмәнсіз («йакини») бі- 
лімге жетелейді; шьшымен де білім ешбір қатесіз болған сәтте ғана білім болып 
табьшады.
Сонымен, ибн Сина пайғамбарлық мэселеде пайғамбарлардың философ- 
тардан артықшылығын көрсеггі, дегенмен философия тек тандаулылардың ғана 
қолы жететін дүниесі екенін де айтады. Қоғамда Ақиқатты өз деңгейінде парасат
сезім, адамгершілік тұрғысынан түсінетін түрлі адамдар бар. Сондай-ақ ибн 
Сина атап өткендей, соңғы пайғамбар Мухаммед (а.с.с.) ерекше біліммен келгені 
соншалық, ол бүкіл адамзаттың түсінігін қамтиды. Тек оның дініне енген филосо- 
фиялық парасат қана әлемнің ақиқатын оның ішінен жэне оның айналасынан ғана 
таба алады. Кейде «Бас Шейх» діни жэне философиялық терминдерді салыстыра 
келе олардың ешбір айырмашылығы жоқ екенін келтіреді.
Ибн Синаның о дүниелік мэселе жайлы айтқан ойлары да маңызды болып 
табылады. Оның ойынша, тэн рух үшін құрал болып табьшады, сондықтан тэн 
өлгенде рух та өледі дегенге нанудың қажет жоқ. Сонымен қатар рух табиғаты 
жағынан бұзылмаған, өйткені кез келген бузылған заттар екі ұстынға: тіршілік ре- 
тінде жойылуға жэне әлдене күш - потенция ретінде тіршілігін жоюға сәйкес ке- 
леді. Рух қарапайым, таза субстанция, сондықтан да ол жойылмайды12. Сондықтан 
тэн өлгеннен кейін де рух өзінің тіршілігін жалғастырады. Адамның рухының тә- 
нінен тәуелсіз екенін түсіну үшін Әбу Әли дэстүрлі емес абстрактілі-философия- 
лық, бірақ аталмыш тақырыпты практикалық әдіспен түсіндіреді (нэтижесінде 
бұл әдіс Р. Декарт тарапынан оның «Мен ойлаймын, демек, мен тіршілік етемін» 
фразасында алынған): көз алдарыңызға келесі бейнені елестетулеріңізге болады: 
егер адам белгілі бір кеңістікте ешбір затпен шектелмейтін болса (тіпті екі саусақ 
та бір-бірімен шектеспейтін дәрежеде), оның өзінде тіршілік етуін байқайды, олай 
болса, өз болмысын сезіну, «Мен» рух болып табьшады13.
Сол дэуірдегі философтардың қозғаған мэселелерінің бірі атомдардың бөлі- 
нуі немесе бөлінбеуі жайлы ибн Сина антиатомистік жағына өтеді. Демокриттің 
идеясы мен Анаксагордың пайымы бұл мағынада дэлелденбейтіндей дәрежеде 
болды. Егер Демокрит көрсеткендей, тәндер бөлінбейтін бөлшектерден турса, 
онда ол атомдар бөлінбейтін көрші атомдармен іпектесуі қажет (осыған қатыс- 
ты олардың бөлінбейтіндігі келіп шығады) немесе олардан ірі өзге атомдар жоқ 
секілді өзге атомдармен үнемі араластықта болады. Анаксагордың гомеоөлшем 
жайлы (барлық тәндер құралатын белгілі бөлшектер) теориясы тәндердің белгілі 
бір қозғалысының жоқтығын меңзейді14.
Ибн Сина өз дэуірінің көптеген ғылымымен шұғылданды, сондықтан болса 
керек, медицина философиясына деген көзқарасы өте терең. Ибн Сина үшін тэннің
12 Ибн Сина, Расаи’ль. -А нкара: Х.З. Юлкен Йайыны, 1953. - Т. II. - 119-120-6.
13 Абдо Ащ-Щ ималий, 369-6.
14 Majid Fahri, 125 s.


62
Л


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет