Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


М ұсылман елдерініц философиясы



Pdf көрінісі
бет212/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

М ұсылман елдерініц философиясы
241
шетінен қайырымдылық кооперациясын көрсетсе, бір шетінен шиеленіс, зұлым- 
дық - мэңгілік күресті көрсетеді. Қайырымдылық пен зұлымдық - қатар өмір 
сүретін қарама-қайшы құбылыс. Адамды зұлымдықпен мэңгі күресуце сарбаз 
десе болады, себебі ол - әлемнің даму шеңберінің жемісі. Зұлымдықты жеңу 
үшін элемді мінсіз ету керек, сонда онда жарьщ, қайырымдылық, гпынлмқ пен 
адалдық көркейеді. М. Шариф бойынша, зороастризм - бұл дуализм діні немесе 
екі қарсылықгы рух сенімдерінің негізі. Митраизмді семиттердің жандандырған 
зороастризмі деп бағалаған пәкістандық философ М. Шариф митраның мисте- 
риясы римдік жэне басқа үкіметтің рухы мен құлығын өзіне меңгергенін көр- 
сетеді. Митра Құдай мен адам арасындағы жалғастырушы ретінде қарасты- 
рылады. Кейін келе, митрашьшдық Еуропада христиандықтардан IV ғасырда 
жеңілді.
Сократ пен Платон жанның мэңгілігі туралы ойды алғашқы дамыту- 
шылардың бірі болатын. Бұл ұғымға белгілі нобай беріп, оны философиялық 
ілімге айналдырды. Оларға дейінгі гректерде өлімнен кейін жан тірі қалады деп 
сенген болатын. Пифагор жанның мәңгілігіне және оның басқа денеге көшетінді- 
гіне сенген болатын. Фалес өлмейтін жан тек адамдарда, жануарлар мен өсімдік- 
терде ғана емес, магнит сияқты затта да бар, өйткені ол темір бұйымдарды өзіне 
тартатын қабілетке ие деп есептеген.
Зороастр: «Әділдің жаны мэңгі эрі қуанышқа бөленеді, ал өтірікшінің жаны 
сөзсіз азапқа ұшырайды. Бұл заңдарды Ахурамазда («Тәңір дана» дегенді білдіре- 
ді) бекітті, өйткені жоғары билік соның қолында».
Мэңгі жан туралы ілім зороастризмнен бұрынгьг иран дінінің бөлігі болганын 
еске сала кеткен жөн. Мысалы, ежелгі иран тайпаларында адамдар өлгендердің 
Қамын ойлап, олардың жаны о дүниеде еш мұқтаждықта болмасын деп азық-тулік 
пен киім-кешекті садақа стетін.
Мысырлықтар өлгендердің жанын Осирис деген дүниенің жогаргы Қудайы 
сотгайды деп ойлаған.
Гильгамешке өлімнен қашьш қутыла алмау жөнінде ой маза бермейді, ол мәң- 
гілікті іздеуге сапар шегеді, бірақ оны таба алмайды. Сапарында кезіктірген қү- 
мырасы шарапқа толы бойжеткенді ұмтылған мэңгілік өмірге өзінің бэрібір жете 
алмайтынын білгендіктен, осы өмірдің рахатына толығырақ кенелтуге көндірмек <
болады. Дастанның негізгі ойы: өлімнен ешкім құтылмайды жэне мэңгілік үміті 
тек елес қана екендігінде.

А. Тойнбидің айтуынпіа, бұл ілім бір мезгілде «Грек әлемі мен Үндістанда 
кездейсоқ» пайда болды деп кесіп айту қиын. Ол мүмкін болған себептерді келті- 
реді: «Үндістанға, Азияның оңтүстік батысына, Қара теңіз жағалауларының сол- 
түстігіндегі далалы өлкелеріне, сондай-ақ Балқан мен Азия түбегіне жеткен б.д.д. 
VIII жэне VII ғасырлардағы Еуразия көшпенді тайпаларының ықпалы болса ке­
рек». Сонымен, жанның баска денеге кошу ұғымын Үндістанға еуразиялық көш- 
пенділер әкелген.
Мұсылман елдеріндегі реформаторлық жолға түскен философтар дін мен ғы- 
лым, дін мен философия біріне-бірі қарама-қайшы емес, керісінше, олар өзара то- 
лықтырьш тұрады деген идеяны қолдап отыр. М. Икбал мен М. Шариф осы топқа 
қосылады. Олардың, біз жоғарыда атап көрсеткеніміздей, сопылық мәселелеріне




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет